Жомарттық пен сараңдық



Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Киев орта мектебі
Капарова Зинагуль Сериковна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

5сынып Қазақ әдебиеті 2-бөлім:Тәрбиенің қайнар бұлағы Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:
5. А1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
Сабақтың мақсатты
5. А1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Бағалау критерийі . Шығарма мазмұнын түсінеді, тұжырым жасайды. . Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады. . Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады. . Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.
Бағалау критерийі:
Шығарма мазмұнын түсінеді
Тұжырым жасайды.
Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.
«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.

Ыбырай Алтынсарин “Атымтай жомарт ”әңгімесіне байланысты бейнежазба көрсетілді. https://youtu. be/HhzVeyJfIvc

1-Тапсырма. «Ойлан, зерделе» әдісіЖомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.
Бағалау критерийі:
Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.
Дескриптор:
1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады.
2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады.
3. Мақал-мәтелді тауып жазады.
4. Кестені толтырады
Cөз
Мағынасы
Мақал-мәтел
Жомарттық
Сараңдық

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
Cөз
Мағынасы
Мақал-мәтел
Жомарттық
Мырза, қолы ашық
Шын жомарт жоқтығын білдірмес
Сараңдық
Ешнәрсе бермейтін қытымыр, дүниеқор
Сараңның өз малы, өзіне бұйырмас

2-тапсырма. Әдеби шығармадағы Атымтай жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлерге дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңыздар.
Жетекші сұрақтар:
-Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді?
- Жомарты ққа қарама-қарсы қасиеті қай кейіпкердің сөзінен байқадыңыз?
-Егер сен бай болсаң, не істер едің?
Дескриптор
1. Атымтай Жомарт пікіріне өз пікірін білдіреді
2. Себебін түсіндіреді
3. Дәлел келтіреді

Оқушылардың берген жауаптары
1. Жауап
Себебі, кімде кім бай бола тұра, байлығын өз игілігіне пайдаланса, онда адам бойына сараңдық пен тәкаппарлық ұялай бастайды. Өзінен кейінгі өсіп келе жатқан ұрпақ одан өнеге ала алмайды.
2. Жауап
Атымтай жомарттың бай бола тұра, жаман киімдерін киіп, шөп тасып, отын кесіп жұмыс атқарғанына өзінің жақын туысы:Басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаңыздың себебі не?деп сұрақ қояды.
3. Жауап
Егерде мен бай болсам
Қайырымды жандарға қоғамдық қорын ашар едім. Аз қамтылған отбасыларына қол үшін берер едім.

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» әдісі -Бүгінгі сабақта мен . . . түсіндім, . . . білдім, . . . көзімді жеткіздім. -Мен өзімді . . . мақтар едім. -Маған ерекше ұнағаны . . . - Сабақтан соң маған . . . келді. - Бүгін маған . . . . . . . . сәті түсті. - Қызықты болғаны . . . . - . . . . . қиындық тудырды. - Менің түсінгенім . . . -Енді мен . . . . аламын.

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» әдісі -Бүгінгі сабақта мен тақырыпты түсіндім. -Мен өзімді бүгінгі сабақта мақтар едім. Өйткені жақсы деңгейде қатыстым -Маған ерекше ұнағаны суреттермен жұмыс - Сабақтан соң маған жақсы ойлар келді. - Бүгін маған тапсырмалар сәті түсті - Менің түсінгенім Тәкаппар болмау керек. Ол қасиетпен көпке бармайсың.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz