Нашар көретін балалар


Slide 1

БӨЖ Сенсорлық бұзылысы бар балаларды оқыту және жалпы білім беру үрдісіне қосу

Орындаған: Алдаш Р.

Тобы:ППП-111

Тексерген: Дүйсенова Ж.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Сенсорлы жүйе

Баланың сенсорлық дамуы

Тифлопедагогика

Сенсорлық бұзылысы бар балаларға білім беру

Қорытынды бөлім

Падаланылған әдебиеттер

Slide 3

Сенсорлық жүйе

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon - мүше, ағза; лат. sensuum - қабылдау, сезу) - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.

Slide 4

Баланың сенсорлық дамуы

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б.

Slide 5

Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т. с. с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т. б. ) .

Қалыпты көретін баланың іс-әрекеті айналадағылардың әрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған оқытусыз өздігінен бағытталған әрекетті қоршаған заттар мен олардың әрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету салдарынан меңгеруге қабілетті емес.

Slide 6

Тифлопедагогика

Тифлопедагогика (гр. typhlos - соқыр және педагогика) - педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың арасында акад. Л. С. Понтрягин және А. Г. Витушкин, проф. В. И. Зубов, жазушылар Н. Островский, Э. Асадов, Н. Силков, А. Притчина, сазгерлер В. Никитин, Н. Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б. И. Коваленко мен В. С. Сверлов болды.

О. Скороходованың еңбектері дефектология ғылымында ерекше орын алады. Оның “Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және түсінемін ” атты еңбегінің дефектология үшін маңызы зор.

Луи Брайль зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін шрифтті XIX ғасырдың басында ойлап тапты.

Slide 7

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі - осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу.

Slide 8

Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі « энциклопедиясында » ( көруі бұзылған бөлімі ) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт.

Slide 9

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.

1-топ мүлдем көрмейтін балалар;

2-топ көру деңгейі төмен балалар;

3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия )

Slide 10

Нашар көретін балалар

Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0 %) мен 0, 04 (4 %) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100 %) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды.

Slide 11

Нашар көретін оқушының жұмыс үстелінің орналасқан жері:

Сабақта тақтамен жұмыс істеген кезде мұғалім баланың не жазылғанын жақсы көретіні мен түсінетініне көз жеткізуге тиіс.

Алыстан нашар көретін баланы тақтаға жақын, бірінші немесе екінші партаға, алыстан көретін баланы тақтадан алыс, соңғы партаға отырғызу керектігін ескеру керек. Бұл баланың көру қабілетіндегі ауытқулардың ерекшеліктеріне негізделген.

Slide 12

Нашар көретін бала сабақтың кез келген кезеңінде өзінің жұмыс орнынан тақтаға дейінгі аралықта еркін қозғалу мүмкіндігіне ие болуы тиіс:

нашар көретін баланың мектепке құралдарына арналған арнайы шкафты қарастырыңыз және оған материалды өз бетімен табуды үйретіңіз;

егер сыныптағы орындықтар мен үстелдің орналасқан жері ауысса, оқушыға ескертіңіз;

есікті және шкафты ашық қалдырмаңыз.

Slide 13

Жұмыс тәсілдері

Сабақтағы көз жүктемесі. Рефракциясында ауытқулары (алыстан көрмеушілік, алыстан көрушілік) бар балалардың көзі қатты шаршайды, сондықтан оларға сабақта мүмкіндігіне қарай түрлі жұмыстар беру керек, яғни көз жұмысын басқа жұмыс түрлерімен кезектестіру керек. Нашар көретін білім алушылар үшін көз жүктемесі үзіліссіз 15 минуттан аспауға тиіс, көз жұмысы кезеңдері арасындағы тынығу кем дегенде 5 минутты құрауға тиіс.

Slide 14

Жұмыс нысандары

Нашар көретін және көрмейтін балаларды оқыту кезінде «Оқу және жазу арқылы сындарлы ойлауды дамыту» стратегияларына шығармашылық тұрғыдан келу қажет:

1. Оқушылардың мәтін оқуын оқитын машинадан, диктофоннан және т. с. тыңдаумен алмастыру арқылы «Джиксо» әдісін бейімдеу, түрін өзгерту.


Ұқсас жұмыстар
Алыстан көру
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Көру қабілеті нашар
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Көрудің ауытқулары
Көздің шаршауы
Көру акті
Арнайы психология
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Көру кемістігі бар балаларды психологиялық педогогикалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz