Сынып жетекшісінің қызметі
Презентация қосу
Топта психологиялық
ахуалды қалыптастыру
Орындаған:Қабиденов
Нұрсұлтан
Фк-105
Сынып жетекшісінің қызметі
Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте -
сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы,
үйлестіруші және өткізуші педагог.
Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы
қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік
қызметінің санқырлы түрлері арқылы
ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке
қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін
мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі
арқылы жүзеге асырады.
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі
дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты
әлеуметтенуіне жағдай жасау.
•Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер
кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне,
эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық
жағдай туғызу.
•Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір
тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі
дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы
білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары
ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық
маңызды қызметтерін ұйымдастыру.
•Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-
қатынасын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне
жататындар:
•сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;
•сынып ұжымының оқу жұмысын
ұйымдастыру;
•сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;
•оқушы тұлғасын зерттеу.
•оқушыларды әлеуметтік қорғау.
•ата-анамен жұмыс.
Сынып сағаты
� Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие
жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп
аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы
арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын
қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік
әрекетгерге катысады.
� Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының
алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын
адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-
тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-
жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты
калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс
кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір
формасы болып саналады.
� Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык,
белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері
қалыптасады.
СЫНЫП САҒАТЫ МЫНАНДАЙ ТӘРБИЕЛІК
КЫЗМЕТТІ АТКАРАДЫ
Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку
бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда
қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-
қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани
құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі
айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны
бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып
сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық,
әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда
белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді,
білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында
келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін
орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін,
сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды
калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін
корғай білуді көздейді :
СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және
қорытынды бөлімі.
Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат,
міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді
оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір
деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен
көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.
Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл
бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі.
Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған
өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған
материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай
тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.Бұл кезеңде мұғалім немесе
сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді.
Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.
Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін
орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат
ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына
әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың
негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі
етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып
жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын
корытындылайды.
Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге
болады?
Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-
қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы
ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е
Шуркова, Н.С Финданцевич).
Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен
жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі
әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В
Титова).
Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының
қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал
ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын
тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
Тәрбие шарасының өту барысы
1.Ұйымдастыру сәті (...мин)
2.Кіріспе бөлім (...мин)
3.Негізгі бөлім (...мин)
4.Қорытынды бөлім (...мин)
Барлық қатысушыларға қызықты болатын
сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
∙сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама
жүргізу;
∙сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
∙тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
∙өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес
лидерлер болғаны жақсы;
∙көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;
∙қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;
∙ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;
∙сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер
т.б.) арқылы өткізу;
∙сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те
емес), балалар тамақтанғаннан кейін.
∙ сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс.
Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.
∙ сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер
түрінде қойылғаны жақсы).
∙ тұлғалық ерекшеліктер ескерілуі қажет;
∙ ойлау үрдісін белсендіретін және назарларын аудартатын әдістерді пайдалану,
мысалы: назар аударып тыңдаңыз, бұған басқа жағынан дұрыстап қараңыз...
∙ әңгіме барысында шешендік шеберліктерді пайдалану;
∙ сынып сағатын өткізу үрдісіне ойын сәттерін қосу;
∙ кездесулер ұйымдастыру, оларға қызықты адамдарды, ғылым мен қоғам
қайраткерлерін шақыру: жазушылар, актерлер, музыканттар, ақындар т.б.
∙ көрнекі материалдарды пайдалану: видео – аудиоматермалдарды т.б.
∙ ынталандыру стимулдарын пайдалану қажет: сыйлықтар, марапаттау, грамота
т.б.
∙ сынып сағатының соңында қорытынды шығару, шығармашылық топты атап
өту, барлығына алғыс жариялау және келесі сынып сағатының тақырыбын
таңдау қажет.
Тәрбие шарасын талдау схемасы
1 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау
1.Сабақтың тақырыбы
2.Мақсаттар мен міндеттер
3.Оқушылардың дайындығын ұйымдастыру
4.Тәрбиеші тұлғасының ерекшеліктері
5.Өткізілген шараның педагогикалық құндылығы
2 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау
•Тәрбиеші ретіндегі педагогтың бағасы
•Тәрбиеленушілердің мінез-құлық сипаттамасының негізгі бағасы
1.Тәрбие шарасы мазмұнының бағасы
2.Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қызмет әдістерінің бағасы
3.Тәрбиелік шараның мақсаты мен нәтижесінің бағасы
3 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау
∙Шараның атауы
∙Тәрбие шарасының бағыты
∙Өткізілу уақыты
∙Сыныбы
∙Қатысушылардың саны
∙Жағымды жақтары
∙Жағымсыз жақтар
∙Ұсыныстар
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz