Белсенді оқытудың педагогикалық негіздері мен қолдану формалары


Slide 1

Белсенді оқыту әдістері.

Орындаған:Байжуманова Ж.

Қабылдаған:Суранчиева З. Т.

Slide 2

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т. б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.

Slide 3

Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын. Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге: -Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы -Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. -Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. -Оқу материалының тұсаукесері -Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану -Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану

Slide 4

Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы - сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс, видеоүзінді, ребус, жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты. Оқу материалының тұсаукесері - ақпараттық технологияны, электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т. б. пайдалану Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады.

Slide 5 Slide 6

Белсенді оқыту - бұл оқытудың оқу формасы, онда оқыту студенттерді оқу процесіне басқа әдістерге қарағанда тікелей тартуға тырысады.

«Ағылшын стипендиаты» деген термині «(1907-2003) « (1] Бонвелл (1991) ». » . Жоғары білім беруді зерттеу қауымдастығы (Ashe) туралы есеп авторлар «белсенді оқытуды» насихаттаудың әртүрлі әдістемелерін талқылайды.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Дискуссиялық әдістерді (discussion method) - тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау, өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі анық қою, оппоненттің ой-тұжырымына құрметпен қарау т. с. с. жатады.

Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, өйткені бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т. б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия ғылыми-танымдық пікіралысуға айналу керек.

Соңғы кездері аралық және қорытынды бақылауды тест арқылы өткізу студенттердің сөйлеу қабілетін, ойын жеткізе білу қабілетін төмендетті деген пікір айтылуда. Сондықтан практикалық сабақтар барысында бұл әдісті пайдалану - жоғарыда айтылған өзекті мәселенің тиімді шешімі.

Бұл әдістің тәрбиелік мәні де жоғары. Оның көмегімен білім алушылардың мінез-құлқы, темпераменті, есте сақтау және ойлау қабілеті сияқты танымдық процестерді диагностикалаумен қатар, олардың тәртібін, әрекетін, өзін-өзі ұстай алу қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік туады.

Slide 10

Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері -. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері, оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады


Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері мен формалары: проблемалық оқыту, тренинг және инновациялар
Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялары
Ойын технологияларының педагогикалық негіздері, компоненттері және қолдану формалары
Оқытудың инновациялық технологиялары: қолдану ерекшеліктері мен Блум таксономиясы негізіндегі педагогикалық қағидалар
Оқытудың белсенді әдістері мен дидактикалық жүйелердің жаңа білімді меңгеруге әсері
Оқытудың белсенді әдістері: классификациясы, ерекшеліктері және қолданылуы
Оқытудың формалары мен әдістері және сынып сабағының дидактикасы
Информатика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік және жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану формалары мен тиімділігі
Оқытудың белсенді әдістері: мәні және мектепте қолданылуы
Бастауыш мектепте оқытудың әдістері, мазмұны және ұйымдастыру формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz