Кәсіпкерліктің мақсаттары


Slide 1

Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.

2. Кәсіпкерліктің функциялары.

3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.

4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.

5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.

Slide 2

1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу».

Slide 3

Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Slide 4

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Slide 5

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз - бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі.

Slide 6

Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән беру керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Slide 7

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда ңарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Slide 8

Қазақстан заңында: кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Slide 9

2. Кәсіпкерліктің функциялары.

Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық - ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады. Осы функцияларға қысқаша тоқталайық.

Slide 10

1) Жалпы экономикалық функция.

Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы өндірістік, табыстық және жұмыспен қамту функцияларынан көрініс табады.

Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндірумен (жұмыс, орындаумен, қызмет көрсетумен) сипатталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін ұлғайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Slide 11

Табыстық функциясы әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге кәсіпкерлік қызметтен түсуін, ұлттық табыстың артуын қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының ашылуын, жұмыссыздықтың қысқаруын білдіреді.

Жалпы экономикалық функция өз атынан және мүліктік жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен байланысты болып келеді.

Slide 12

2) Ресурстық функция да кәсіпкерліктің маңызды функцияларының бірі. Ұдайы өндірістік және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік дамиды. Мұндай ресурстар ретінде материалдық және материалдық емес өндіріс факторларын айтамыз. Бірінші кезекте ресурстарға (осы сөздің кең мағынасында) еңбек ресурстарын, жер мен табиғат байлықтарын, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қабілетті де жатқызуға болады. Ресурстық функция экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айтарлықтай тиімді үйлесуімен байланысты болып келеді.

Slide 13

3) Кәсіпкерліктің шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жаңа идеяларды пайдаланумен ғана емес, сондай-ақ алға қойылған мақсатқа жетуге арналған жаңа құралдарды әзірлеумен де байланысты.

Slide 14

4) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет қабілетті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білумен сипатталады.

5) Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда, кәсіпкерлік басқаруды жүзеге асыруда, өндірістік құрылымды құруда, фирманың іс-әрекет стратегиясын өзгертуде және тағы басқаларда көрініс табады.

Slide 15

3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда

Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және объект бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) : жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар

Slide 16

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады:

- Қазақстан азаматтары;

- Шетел мемлекетінің азаматтары;

- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы) .

Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі.

Slide 17

Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:

- кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру

және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;

- барлық субьектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат

және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы ;

- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қара-

мастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;

- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;

- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;

- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар

өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Slide 18

Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады: 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi; 2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi; 3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.

Slide 19

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері: жұмыскерлердің жылдық орташа саны; жылдық орташа табысы. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Slide 20

Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Slide 21

жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Slide 22

Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Slide 23

Кәсіпкерлік объектілеріне пайда әкелетіннің бәрін жатқызуға болады: мүлік, тауарлар, ақша және құнды қағаздар, ақпарат, интеллектуалды қызметтің нәтижелері (патенттер, лицензиялар, ноу-хау) . Кәсіпкерлік объектіліерің еркін сатуға және сатып алуға болады.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің функциялары
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің заңдылық
КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту, жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
Кәсіпкерлік қызметті Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы қолдау бағдарламасы
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Басқарудың корпоративтік мәдениеті
Кәсіпкерлік субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz