Химиялық элементтер



Тақырыбы:
Химиялық элементтер . Жай және күрделі заттар.
7- сынып

7. 1. 2. 2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7. 1. 2. 3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;
7. 1. 2. 4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу.
Оқу мақсаттары:

әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін біледі;
элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алады;
заттарды құрамына қарай жай және күрделі екендігін біледі.
Бағалау критерийлері

Химиялық элементтер - химияның түпнегізі.
Д. И. Менделеев:
«Химия» элементтер және
химиялық қосылыстар
туралы ғылым.



Атомдардың белгілі бір түрі химиялық элементтер деп аталады.
Бізді қоршаған әлем, Күн жүйесі, жұлдыздар және ғарыштық денелер - барлығы осы элементтерден құралған.

заттар
күрделі
жай
Әртүрлі атомдар біргіп күрделі заттарды түзеді.
Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған - сутегі мен оттегіден.
Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады.
Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.

Химиялық элементтер
Металдар
Бейметалдар

Химиялық элемент және жай зат ұғымын ажырата білу үшін жай заттар мен күрделі заттардың қаситеттерін салыстырайық
Оттек - тыныс алуға қажетті түссіз, жануды қолдайтын жай зат.
Су құрамындағы оттек элементі элемент атомының белгілі түрі екенін айтуға болады.

Кейбір химиялық элементтердің аталуы, химиялық таңбалары және салыстырмалы атомдық массалары

Бекіту тапсырмалары
1 - тапсырма
Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент, қайсысында жай зат туралы сөз болады:
а) азот пен оттек ауаның негізін құрайды;
ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді;
б) азот өсімдіктің өсуіне қажет;
в) гелий ең алғаш Күннен табылды.
Дескриптор:
Жай зат мен элемент туралы тұжырымдарды ажыратады;

Дұрыс жауабы:
Элемент:
ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді;
Жай зат:
а) азот пен оттек ауаның негізін құрайды;
б) азот өсімдіктің өсуіне қажет;
в) гелий ең алғаш Күннен табылды.

Бекіту тапсырмалары
2 - тапсырма
Тұжырымдарды бір-бірімен сәйкестендір.
Химиялық элемент
Атомдардың әр түрінен түзілген заттар
Химиялық элементтер бөлінеді
Атомдардың белгілі бір түрі
Жай заттар
Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады.
Күрделі зат
Металдар мен бейметалдар
Сәйкестендір
Дескриптор:
Химиялық элементтер мен заттарға тән тұжырымдарды табады ;

Дұрыс жауабы:
Химиялық элемент
Атомдардың әр түрінен түзілген заттар
Химиялық элементтер бөлінеді
Атомдардың белгілі бір түрі
Жай заттар
Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады.
Күрделі зат
Металдар мен бейметалдар

Оқу тапсырмасы
Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.
5-кестедегі элементтерді жаттау

Қорытынды
Бүгінгі сабақта:
әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білдім;
элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей аламын;
заттарды құрамына қарай жай және күрделі екендігін білдім.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz