Медициналық құралдарды залалсыздандыру тәртібі
Презентация қосу
ЕПМ-дегі көп рет қолданылатын
материялдарды залалсыздандыруға
қатысу
Жоспар:
Кіріспе
Залалсыздандыру түрлері
Медициналық құралдарды
залалсыздандыру тәртібі
Көп рет қолданылатын материялдарды
залалсыздандыру
Стерилизаторлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу
материалдарында микроағзалар мен олардың
спораларын толық жою болып табылады.
Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын
кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса
басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз
стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу,
гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа
инфекцияларды дамыта алады
Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған
залалсыздандыру бөлімшелері (ОЗБ) ұйымдастырылды.
Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды
залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның
құрылымы 2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған,
екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта
залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға
арналған материалдарды қораптау және бу
стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау
жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген
материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық
өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде
құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады.
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында
тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту
арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май
қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен
немесе механикалық әдістермен
тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен
жасалады:
Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий
сульфатының ерітіндісіне 22ºС температурада
60 минутқа салу керек.
Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шаяды.
« Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.
0,5 минут сумен жуады.
Ағымды және дистильденген сумен 3 минут
шаяды.
Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та .
Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында
тазарту сапасын бақылау жүргізіледі.
Медициналық аспаптарды,
шприцтерді,инелерді және басқа заттарды
стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын
бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан
қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік
және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш
заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік
сынамамен анықтайды.
Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің
спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3%
сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде
араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен
цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады,
осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру
алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан
ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске
боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу
есептелмейді.
Азопириндік сынама – азопирам реактиві
мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі
мөлшерін араластыра отырып дайындалады.
Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3
тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай
күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске
ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1
минуттың ішінде боялу байқалмаса
реактивті пайдалануға болмайды.
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу
әдістемесі.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің
жуып-шайылғанын анықтауға болады.
Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1%
спиртті фенолфталейн ерітіндісінде
суланған мақтамен сүртеді.Жуу
ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде
көкшіл-күлгін түс пайда болады.
Стерилизация түрлері
Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.
Жылулық( термиялық)
стерилизация микробтардың жоғарғы
температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та
және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин
қышқылдарының, липидтердің деградациясы
болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті
түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы
бар және онымен тығыз байланысқан тығыз
қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады.
Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық
пен қысымды бу қолданылады.
Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:
Жарақатпен, қанмен және инфекциялық
бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды
дезинфекциялап, екі рет шайып алады.
Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда
стерильдеуден бұрын алдын-ала жақсылап өңдеуден
өткізеді.
Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі
реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу
заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай
заттарды қайта өңдеу керек болады.Стерильдеудің
алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне
өңделген заттардың әр түрінің 1%-ы алынады.
Іріңді операция немесе
жұқпалы аурулар кезінде
қолданылатын заттарды
алдымен дезинфекциялап,
тазалап, стерильдеуге
жібереді.
Шыныдан, металдан,
термотөзімді полимерлерден,
резинкадан жасалған заттарды
стерилизаторда 30 минут
қайнатады, содан соң
стерильдейді.
Шыныдан, металдан жасалған
және стоматологиялық
аспаптарды 120-130С-та 15
минут өңдейді.
Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен
стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен
стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе
Пастер пешінде жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр
желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды
шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже
бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ
ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан
жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни
жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын
нысандарды стерилдейді.
Жылулық стерилизациялаудың
екінші бір түрі ыстық бумен
стерилизациялау болып табылады.
Булы стерилизаторларда қысымды
бумен өңдеу — стерилдеудің
әмбебап тәсілі.
Булы стерилизатор немесе автоклав
– қабырғасы мықты, герметикалық
жабылатын, су буы және стерилдеуші
камерадан тұратын металды
цилиндр. Аппарат манометр,
термометр және басқа да бақылау-
өлшеу құралдарымен жабдықталған.
Автоклавта жоғары қысым қайнау
температурасын арттырады.
Микробтарға жоғары температурамен бірге бу әсер
ететіндіктен споралар 120С-та жойылады.
Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған
сайын стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше
секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты
ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін
материалдың ішіне енуі керек. Автоклавта таңу
материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды
құралдар, қоректік орталар мен инфекциялық
материалдарды стерилдейді.
Булы стерилизаторлардың жұмысына бақылау
орталықтандырылған стерилизациялық бөлімдерде
кварталына 1 реттен кем емес жасалады.
Емханаларды, клиникалық зертханаларды жылына екі
реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекциялық
хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда,
балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде
және қан құю орталықтарында бақылау жүргізу
кварталына 1 реттен кем емес болуы керек. Сонымен
бірге булық стерилизаторлар қойылған мекемеде
жұмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның
бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып
кристалдық заттың балкуы бойынша бақылайды.
Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі
– бөлшектеп стерильдеу.Стерильдеудің бұл
түрі 100С-тан жоғары температураға
шыдамайтын материалды өңдеуге
қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та
30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде
бактериялардың вегетативті түрлері жойылады.
Жалпы алғанда жылулық стерилизация –
тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы
бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары
температурада бұзылатын болса, оны қолдану
мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл
қолданылады.
Стерильдеудің химиялық
түрі– токсикалық газдарды, этилен
оксидін, этилен тотығы мен бромды
метильдің қоспасын және формальдегидті
қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар
алкилдеуші агент ретінде
микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын,
ақуыздарын, ферменттерінің активті
топтарының белсенділігін жояды.
Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-
80С температурада бумен жүргізіледі.
Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық
жағдайда этилен тотығы қолданылады.
Химиялық стерильдеудің алдында барлық
өңделетін заттар кептірілуі керек. Бұл
стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған
ортаға және науқасқа қауіпті болып келеді.
Сутегі тотығы – стерильдеуге арналған
химиялық зат болып табылады. Стерильдеу
үшін медициналық құралдарды 180 минутқа
6 %-тік сутегі тотығының ерітіндісіне
салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан
жасалған бұйымдарды 18С температурада
360 минутқа ерітіндіге салады.Стерильдеу
аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді
сумен жуып, стерильді контейнерлерге
салады.
Дезоксон-1 – сірке қышқылындай иісі
бар,суда және спиртте жақсы еритін түссіз
сұйықтық. Стерильдеу үшін 1%-тік
ерітіндіні сумен араластырады да дайын
ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу
аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді
сумен жуып, стерильді контейнерлерге
салады. Стерильделген құралдарды 3
тәуліктей сақтауға болады.
Стерилизаторлар – медициналық құралдарды Стерилизаторлар
стерилизациялау мен дезинфекциялауға арналған
арнайы аппараттар. Ең кеңінен таралған
стерилизаторлар ГП стерилизаторы. ГП-10, ГП-20,
ГП-40 стерилизаторлары көлемінің үлкендігімен
ерекшеленеді. ГП стерилизаторы медициналық
құралдарды ауалы стерилизациялауға емдеу-
профилактикалық мекемелерде, дәріханаларда,
ғылыми-зерттеу орталықтарында қолданылады. ГП
стерилизаторларын қолданудың ыңғайлылығы тек
жоғары сапасында ғана емес, сонымен қатар
стерилизациялау уақыты, температурасы, режимі
дисплейде көрсетіліп тұруымен ерекшеленеді.
ГП стерилизаторларында
қауіпсіздік жағдайлары да
ескерілген, яғни апатты
жағдайлар кезінде жұмыс
істеуші қызметкерді қорғайтын
екі қабатты қабатпен
қапталған.Сондай ақ
стерилизатор қызған жағдайда
автоматты түрде токтан
өшіріледі. Жалпы алғанда ГП
стерилизаторының
артықшылықтары өте көп:
жоғары сапалы, қолдануға
ыңғайлы және бағасы
салыстырмалы түрде қымбат
емес болып келеді.
ГПД стерилизаторы.
ГПД стерилизаторы әр-түрлі медициналық
құралдарды, материалдарды ыстық бумен
стерилизациялауға арналған. Коррозиялық
процестерден берік қорғалған.Жоғарыда айтылған
ГП стерилизаторынан ерекшелігі камерасы екі
түрлі есікпен жабдықталған, яғни осы есіктер
арқылы стерилизатор таза және стерильді зонаға
бөлінген.
ГПД-400-2 стерилизаторы.
Бұл стерилизатор уақыт, қысым, температура сияқты
мәліметтерді өзі белгілеу қасиетіне
ие.Стерилизациялау камерасының көлемі 400 шаршы
дм., яғни бұл стерилизаторға 6 үлкен немесе 12 кіші
қорапшаларды орналастыруға болады.
ГПД-560-2 стерилизаторы.
Бұл стерилизатордың стерилизациялау камерасының
көлемі 560 шаршы дм. Стерилизаторға 9 үлкен
немесе 18 кіші қорапшалар орналастыруға болады.
Булы стерилизатор ГК-100-5.
Стерилизатордың бұл түрі горизонтальді дөңгелек
камерамен жабдықталған. Шыныдан, резинадан, металдан
жасалған құралдарды стерильдеуге арналған.Ереже
бойынша стерильдеуге арналған уақыт 10-20 минут.
Булы стерилизатор ВК.
Будың көмегімен хирургиялық құралдарды, таңу
материалдарын стерильдеуге арналған. Стерилизациялық
камерадағы будың қысымы автоматты түрде реттеліп
отырады.
Қорытынды
Қазіргі таңда денсаулық сақтау мәселесі алдыңғы қатарлы
проблемалардың қатарына жатады. Шынымен де бүгінгі күні
өте ауыр сырқаттардың таралуы жиілеп отыр.Әрине мұндай
сырқаттардың көбейіп кетуі алуан түрлі жағдайлармен
байланысты. Сондай жағдайлардың бірі емдеу
мекемелеріндегі медициналық құралдардың жоғары сапада
стерильденбеуі.Медициналық құралдарды стерилизациялау
кезінде ереже бойынша ,уақытында стерилизация жүргізу
ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Міне,
сондықтан да емханаларда, емдеу мекемелерінде,
процедуралық кабинеттерде, медициналық құралдарды
пайдаланғаннан кейін қатаң түрде стерилизацияның
жүргізілуіне мән беруіміз қажет.Тек сонда ғана ауыр
сырқаттардың таралмауын қамтамасыз ете аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізі
Обуховец, «Введение в клинику», 2006 жыл
С.Қ.Мұратбекова, «Мейірбике ісінің
негіздері», Астана 2007 жыл
Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz