ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
СПЕРМАТОГЕНЕЗ БЕН
ООГЕНЕЗДІ САЛЫСТЫРУ.
Орындаған: Аутен Әсел Үсенқызы
Топ: 6B01508-ХимияБиология
Тексерген: Калиева Анар Нургаиповна
Гаметогенез (gametogenesis; грек gametos-жыныс, жыныс
клеткасы; genesis-шығу тегі)-жыныс жасушаларының жыныс
клеткаларының түзілу процесі.
Аталық жыныс жасушалары-сперматозоидтардың даму
процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары -
овоциттердің дамуын ''овогенез'‘ деп атайды
ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ.
• Бірінші – көбею сатысында жыныс бездерінде
сперматогониялар мен овогониялар митоз жолымен бөлініп,
олардың саны көбейеді.
• Екінші өсу сатысында жаңадан түзілген жас жасушалар өсіп,
бірінші реттік спермотоциттер мен бірінші реттік овоциттерге
айналады.
• Пісіп жетілу сатысында – біріеші реттік овоциттер мейоз
жолымен екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінудің нәтижесінде
екінші реттік спермотоциттер мен екінші бөлінудің овоцит
және бір редукциялық денешік түзіледі, ал екінші бөлінудің
нәтижесінде әрбір сперматоциттен төрт сперматидтер және
әрбір екінші реттік овоциттен – бір жұмыртқа жасушасы мен
үш редукциялық денешіктер пайда болады.
СПЕРМОТОГЕНЕЗ
Спермотогенез - процесі аталық жыныс
безінің ирек тұқымдық өзекшелерінің
қабырғасында жүреді.
Көбею
Өсу
Жетілу
Қалыптасу
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы
көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі.
Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал
қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне
қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де,
біріншілік сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен
ерекшеленеді.Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал
екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында
хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынты ғы болатын
сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір
біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
СПЕРМОТОГЕНЕЗ (грек. SPERMA, spermatos – ұрық, zoon –
тіршілік иесі және eidos - түр ) – адамның жануарлар мен
көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс
клеткасы. 1677 жылы сперматозоидты Антони ван Левенгук
тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр
енгізді. Спермотозоид спермотогенез процесінің (адам мен
жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың) түзілуі
нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы
ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа
қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы
басталады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі
болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10-100 мкм,
жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Ал сперматозоидтың
орталық көлемі 16-19 мкм3.
СПЕРМОТОЗОИДТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
ОВОГЕНЕЗ

ОВОГЕНЕЗПРОЦЕСІНДЕ ОВОЦИТТЕР 3 ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІНЕН:
КӨБЕЮ;

ӨСУ;

ЖЕТІЛУ
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі)-
жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және
жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз
қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан
арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары —
гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады.
Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі
эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін
де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге
айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші
мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму
кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен
қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады.
Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне
(көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады.
Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II
мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде ж үріп,
өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп,
екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа
жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі
24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай
бастайды
ПРОГЕНЕЗ
СПЕРМАТОГЕНЕЗ және ОВОГЕНЕЗ
айырмашылықтары
Сперматогенез Овогенез
Көбею сатысы жыныстық жетілу кезеңінен Көбею сатысы эмбрионалдық даму кезінде
басталып, өмір бойы өтеді өтеді

Өсу сатысы қысқа, көбею сатысынан кейін Өсу сатысы ұзақ, үлкен және кіші өсу
өтеді сатыларына бөлінеді

Пісіп жетілу сатысында сперматоциттердің Пісіп жетілу сатысында овоциттер біркелкі
біркелкі бөлінуі өтеді емес бөлінеді: 1 овоцит және 3 редукционды
денешіктер

Қалыптасу сатысы бар Қалыптасу сатысы жоқ

Ер адамның өмір бойы өтеді Менопаузадан соң тоқтайды
Сперматогенез. Овогенез.

Жыныс жасушалары кейбір омырткасыз жануарларда және қосжынысты
гүлдерде бір организмде жетіледі. Гүлдердің аталаықтарында аталық
жыныс жасушалары- спермийлер, аналықтарында аналық
ж/жасушалары- жұмыртқа жасушалары түзіледі.Аталық
ж/жасушаларын сперматозоидтер, аналық ж/ жасушаларын жұмыртқа
жасушасы деп атайды .Біріншілерінің дамып жетілу процесін
сперматогенез, ал 2-інің дамып жетілуін овогенез деп аталады.

Овогенезде аналықтарнда түзілген 4 жасушаның біреуі ірі, қалғаны
майда болады.Себебі жасушаларға цитоплазма бірдей борлып
бөлінбейді. Жұмыртқа жасушасына цитоплазма көп болып өтеді.
Қалған үш жасуша- бағыттаушы немесе редукциялық жасушалар
біртіндеп еріп кетеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ұрық даму сатылары
Гаметогенез жә не ұрықтану процесі
Гаметогенез
Аталық және аналық жыныс жасушалары
Тозаңның түзілуі
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі туралы
Жыныстық көбею
Генетикалық материалдың өзгергіштігі
Ұлттық клиникалық басқарушылық,құрылу қағидалары
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі
Пәндер