БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС


Slide 1

Бөлім: 9. 2B Бөліп шығару

Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, Бүйрекке тастың жиналуы.

Себептері және алдын алу шаралары

Slide 2

Сабақ мақсаттары:

Оқушы біледі:

зәр шығару жүйесінің ауруларын

- зәр шығару жүйесі мүшелерінің бұзылуының белгілері мен себептерін түсіндіру

Slide 3

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсаттарға қол жеткізеді егер:

- аурулардың себептерін атай алса;

- аурулардың белгілерін атай алса;

- гигиеналық және аурулардың алдын алу шараларын атай алса.

Slide 4

Зәр шығару гигиенасы

Зәр шығару біздің өмірімізде басты орын алады, себебі, одан күніне 160-170 литр қан тазартылып отырады. Сонымен қоса көптеген зат алмасулар болады. Осы жүйеде бір ақуал кетсе, осы дамып адам ауруға шалығады. Біз дұрыс гигиенаны ұстанбасақ, өзімізді жылы, әрі жайлы ұстамасақ бұл зәр шығару ауруларына әкеп соғады. Оны кішкентай жастан қадағалау қажет, себебі, жас балалардың зәр шығару жүйесі ерекше болады. Несеп шығару жүйесінің кең таралған ауруларына өткір және созылмалы нефрит, бүйректе тас пайда болу, цистит және уретрит жатады. Олардың кейбіреулері бүйрек жетіспеушілігі мен ағзаның улы заттармен, негізінен несепнәрмен улануына әкеледі. Бұл жағдайда жалғыз әдіс - диализ немесе бүйрек трансплантациясы.

Slide 5

Бүйрек аурулары:

https://www. youtube. com/watch?v=aUO_aMcNyVk

Slide 6

Несеп шығару жүйесінің кең таралған аурулары

Несеп шығару жүйесінің кең таралған ауруларына өткір және созылмалы нефрит, бүйректе тас пайда болу, цистит және уретрит жатады. Олардың кейбіреулері бүйрек жетіспеушілігі мен ағзаның улы заттармен, негізінен несепнәрмен улануына әкеледі. Бұл жағдайда жалғыз әдіс - диализ немесе бүйрек трансплантациясы.

Slide 7

Пиелонефрит

https://www. youtube. com/watch?v=doborwyhXE4

Slide 8

Пиелонефрит

Өткір пиелонефриттің белгілеріне дене қызуының Цельсий бойынша 40°С-ға дейін күрт жоғарылауы және арқа мен іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну жатады. Мұны антибиотиктер қабылдау арқылы толық емдеуге болады. Бұл аурудың созылмалы түрі айқын белгілері көрінбестен, бірнеше жыл бойы дами алады және бүйректердің зақымдалуы немесе бүйрек жетіспеушілігіне де әкелуі мүмкін.

Slide 9

Пиелонефрит

Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирекірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жәрдемші болады. Пиелонефритке тән синдромдар - лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді.

Екінші обструкциялық пиелонефритке және туа бітетін тубулопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді.

Өткір пиелонефриттің белгілеріне дене қызуының Цельсий бойынша 40°С-ға дейін күрт жоғарылауы және арқа мен іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну жатады. Мұны антибиотиктер қабылдау арқылы толық емдеуге болады. Бұл аурудың созылмалы түрі айқын белгілері көрінбестен, бірнеше жыл бойы дами алады және бүйректердің зақымдалуы немесе бүйрек жетіспеушілігіне де әкелуі мүмкін.

Slide 10

-

Slide 11

Бүйрекке тастың жиналуы

Бүйрекке тасы, уролитиаз - жиі кездесетін несеп тас ауруының бірі. Бұл ауруды кейде қазақтар тынжытас деп те атайды. Бүйрекке тас байлану адам организмінде минералды тұздар мен су алмасуының және ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі) қызметінің бұзылуы, бүйрек түтікшелерінің қабынуы, бүйрек пен қуық арасындағы түтіктің тарылуы салдарынан болады. Көбіне 20 - 50 жас арасында кездеседі. Аурудың алғашқы белгісінде науқас адамның бүйрек тұсынан шаншу қадалып, сыздап ауырады. Кейін шаншу күшейіп, науқас мазасызданады. Шаншу кіндікке, бүйрек пен қуық арасындағы түтікше бойымен шапқа да берілуі мүмкін. Бұл кезде науқас адам лоқсып құсады, іші кебеді (парез) . Несепке қан араласады (гематурия), егер несепте ауру тудыратын микробтар болса, дененің қызуы көтеріліп, зәрде ірің болады (пиурия) . Науқас адамның кіші дәретке отыруы жиілеп, қуық ашиды. Кейде несепағар түтікшесіне кішкентай түйіршік тастардың тұрып қалуынан зәр жүрмей қалады (анурия) . Бұл - науқас адамның өміріне тікелей қауіпті. Бүйрекке тас байлануды рентген сәулесін қолдану, несепті лабораторияда тексеру арқылы анықтайды. Ауруды емдеу үшін бүйректегі тастың мөлшері мен оның қай жерде орналасқанын біліп алады. Бүйректегі ұсақ түйіршік тасты арнайы дәрі-дәрмектермен физиотерапиялық әдістермен және көп мөлшерде су ішкізу арқылы түсіреді. Егер қуықтан тасты арнайы мед. ілмекпен алып тастауға келмесе, онда хирургиялық операция жасайды. Соңғы кезде бүйрек тасын толқынды сәулемен уату (литотрипсия) жолымен түсіру кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, арнайы курорттар мен санаторийлерде емделудің де пайдасы бар.

https://www. youtube. com/watch?v=aUO_aMcNyVk

Slide 12

Бүйрек тас

Бүйрек тастың болуы жер бетіндегі барлық адамдардың шамамен 3 пайызы мөлшерінде болады. Бүйрек тастары - несеп құрамындағы минералды заттардан түзілген қатты, ерімейтін қалдықтар. Бұл тастар несеп шығару жолдарын жауып тастайды және бүйрек шаншуын: лоқсу және жүрек айнуымен бірге іштің төменгі жағындағы және шаттағы өткір ауырсынуды тудырады.

Slide 13

-

Slide 14

Цистит


Ұқсас жұмыстар
Бүйректің патофизиологиясы
Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар
БҮЙРЕК ТАСТАРЫ
Балалардағы пиелонефрит
Цистит,пиелонефрит,гломерулонефрит,бүйрек ауруларындағы мамандандырылған мейірбикелік көмек
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Мейірбикелік тексеру
Несеп тас ауруы
Жедел гломерулонефрит
Созылмалы бүйрек қабынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz