Рахат акционерлік қоғам



“Рахат” акционерлік қоғам
Дайындаған: Исламғалиева А. И
Тексерген:

Жоспары
«ЛОТТЕ РАХАТ» брендті туралы
«ЛОТТЕ РАХАТ» бренд тарихы
Басқарма мүшелері
Компанияның мақсат мұраты
«ЛОТТЕ РАХАТ» брендтін танымал шетелдік брендтермен салыстыру
Қорытынды

«ЛОТТЕ РАХАТ» брендті туралы
LOTTE Рахат АҚ (1992 жылдың аяғына дейін - Алматы кондитер фабрикасы) Қазақстандағы ең ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі болып табылады .
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ында 4500-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі өндіріс орнында шоғырланған. 2015 жылдан бері LOTTE Рахат АҚ акцияларының 92, 44%-ы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery трансұлттық компаниясына тиесілі. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао дәндерін қайта өңдейтін жеке желінің болуы, отандық өндірушілермен салыстырғанда, кәсіпорында кондитерлік өнімдердің алуан түрін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ының өнім қоржыны 14 топқа бөлінетін, 400-ден аса атауға ие, алуан түрлі кондитерлік өнімдермен толыққан.

«ЛОТТЕ РАХАТ» бренд тарихы
Ол 1942 жылы Алматы спирт зауытының және Мәскеудегі « Бабаев атындағы » және « Рот фронты » кондитер фабрикаларының цехтары негізінде құрылған. Мұнда шоколад өнімдері, карамель, печенье, вафли, шығыс тәттілері, зефир, мармелад және басқа да өнімдер шығарылады. 1965 жылы фабрикада негізгі өндірістің бірқатар цехтарын қайта құру және кеңейту басталды, 1967 жылы печенье цехы, 1980 жылы какао бұршақтарын өңдеу цехы іске қосылды және шоколад өнімдерін өндіру (жобалық қуаттылығы жылына 12, 7 мың тонна өнім) . 1982 жылы еңбекті механикаландыру деңгейі 64, 8%, оның ішінде негізгі өндірістік цехтарда 71, 5%, қосалқы қызмет көрсету салаларында 47, 9% құрады.
Көшіріліп әкелінген жабдықтар негізінде балалар үйлерін, госпитальдар, майданды қамтамасыз ету үшін Алматыда кондитер өнімдерін өндірудің басталуы.

КСРО ыдырағанға дейін фабрика Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрлігінің «Кондитерпром» мемлекеттік бірлестігінің құрамында болды. 1992 жылы жекешелендіру нәтижесінде мемлекеттен жеке меншікке өтіп, акционерлік қоғамға айналды. Қазіргі уақытта фабриканың ассортименті 10 түрлі топқа жататын 250-ден астам түрлі кондитерлік өнімдерді құрайды. LOTTE Рахат кондитерлік фабрикасының өнімдері қазіргі уақытта Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспортталады.
2018 жылдың ақпан айында «Рахат» АҚ Мәскеуде өткен ProdExpo-2018 көрмесіне қатысты. Барлық ұсынылған өнім атаулары алтын медальдар мен дипломдарға ие болды.

2020 жылдың маусым айында коронавирустың таралуына байланысты «Рахат» кондитерлік фабрикасының қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.
2022 жылдың сәуір айында әртүрлі өндірушілерден қант тапшылығы туралы қауесет тарады. Рахаттың операциялық директоры Валерий Кинзерскийдің айтуынша, проблемалар бар, бірақ олар өндірісті тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ деп сол уақытта өз жауабын берген болатын.

Басқарма мүшелері
Федорец Константин Викторович - Төрағасы;
Пак Гюн Ёль (PARK GYUN YOUL) - Басқарма төрағасының орынбасары;
Им Вон Хёк (YIM WONHYEOK) ;
Нургазиев Марат Маратович;
Дивазова Дайана Андреевна;
Шумкин Кирилл Витальевич;
Оразбаева Жанна Болысбековна.

«Рахат» АҚ өнімдерін Қазақстандағы басқа кондитерлік өнім өндірушілердің өнімдерінен ажырататын бірегей ерекшелік - мұнда әр алуан шоколад өнімдерін шығаруға басымдықтың берілуі.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілікке және сапаны кешенді бақылау жүйесіне негізделетін ішкі сапа жүйесі енгізіліп, әрекет етеді. Бұл жүйе бойынша өндірістің әр кезеңінде шикізат пен өнім сапасын бақылау көзделеді. Кәсіпорында 2013 жылдан бастап сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификатталған болатын.

КОМПАНИЯНЫҢ МАҚСАТ-МҰРАТЫ
Біздің мақсатымыз - өзіміздің дәмді өнімдерімізбен адамдарға қуаныш сыйлау.
Біздің қызметіміз көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.
Біз керемет кондитер өнімдерін қалай шығаруды білеміз және сол мақсатта қорды арттырамыз.
Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1 компания болуға ұмтыламыз.
Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті әр қызметкерімізді бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасаймыз, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.
Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.
Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.

«ЛОТТЕ РАХАТ» брендтін танымал шетелдік брендтермен салыстыру




Біріншіден, бұл жерде байқайтынымыз, шоколадтардың сыртқы көрінісі, яғни отандық өнім “Рахат” брендтіндегі шоколадтар мен шетелдік брендтегі шоколадтардың айырмашылығы бұл қаптамада. Шетелдік шоколадтарға қарайтын болсақ онда қаптаманың сыртына да шоколадқа керемет дизайында жарнама жасалған. Әрі көзге бірден түсетін түстерді таңдаған. Бұл дегеніміз дүкен сөрелерінде тұрған бұл шоколадтарға адамдардың көздері бірден түседі.

Екіншіден, дүниежүзінде тәтті құмар адамдар көп. Сондықтан сыртқы дизайнына қызығып алған адам оның дәміне де баса назар аударады. Мысалы танымал Alpen Gold брендтінде шоколадтардың 38 түрлі ассортименті бар. Ең танымалы сүтті және жаңғақ, тұздалған бадам және карамель, жаңғақ және мейіз. Ал Kinder брендтіндегі ең танымалы Kinder Сюрприз - ішінде ойыншығы бар шоколад жұмыртқалары нарығындағы сөзсіз көшбасшы және балаларға арналған тәтті өнімдердің ең танымал бірі. Жоғары сапалы сүтті шоколад балалар үшін арнайы жасалған, сондықтан ондағы сүтті ингредиенттердің құрамы айтарлықтай жоғары - 32% болғандықтан дәміде сонымен ерекше. Ал Рахат брендтінде ащы және құлпынай дәмі бар, карамельді шоколадтар көп өндіріледі. Бірақ ондай шоколадтар аса көп сатып алынбайды. Сондықтан менің ойынша шоколадтардың құрамын өзгертіп, яғни жаңғақтарды немесе кепкен жемістерді қосып неше түрлі ассортименті бар шоколад жасап шығаруға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz