Өрт қауіпсіздігі: факторлар, алдын алу және сөндіру әдістері


Slide 1

«Өрт»

Орындаған: Асу Алмасбек

Тексерген: Ділдәбек Д

Тараз 2017

Slide 2

Жоспары:

1 Өрт факторларының әрекеттері

2 Орман өрттері

3 Өндіріс орындарындағы өрт

4 Өрт қауіпсіздігі

5 Өрттің алдын алу шаралары

6 Өрт сөндіру тәсілдері

7 Өрт сөндіру құралдары

Slide 3

Өрт

Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т. б. ) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Slide 4

Өрт факторларының әрекеттері

Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

жанғыш заттың отқа тікелей әсері;

сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

жану зонасында иісті газбен улану;

жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Slide 5 Slide 6

Орман өрттері

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т. б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Slide 7

Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 9000С-қа жетеді, жалын 0, 5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына0, 25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т. б. ), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады) . Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Өндіріс орындарындағы өрт

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т. б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Slide 14 Slide 15

Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Slide 16

Өрттің алдын алу шаралары

құрылыстық-жобалау;

техникалық;,

ұйымдастырушылық;

Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді) . Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шаралары:

өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б. ) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Slide 17

Өрт сөндіру тәсілдері

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.


Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі: алдын алу, белсенді қорғаныс және сөндіру әдістері
Өрт қауіпсіздігі: алдын-алу шаралары, жіктеу және сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігі: өндірістік объектілердегі алдын алу және алғашқы сөндіру шаралары
Өндірістегі өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру, алдын алу және сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігі: құрылыстық, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар мен өрт сөндіру жүйелері
Өрт қауіпсіздігі негіздері: жану түрлері, өндірістік тәуекелдер мен өрт сөндіру құралдары
Қорғаныс объектілерінің өрт қауіпсіздігі: талаптар, жүйелер және сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігі негіздері, автоматты өрт сөндіру жүйелері және эвакуация уақыты мен өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт қауіпсіздігі: өрттің шығу себептері, сөндіру әдістері және өртсөндіргіштердің түрлері мен қолдану ережелері
Өрт қауіпсіздігі: орман, өндірістік және оқу орындарындағы өрттер мен сөндіру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz