ӘРТҮРЛІЛІГІ БАКТЕРИЯ ВИРУС РИКЕТСИЯ САҢЫРАУҚҰЛАҚ ТОКСИН


Slide 1

Тақырыбы: Биологиялық қару

Slide 2

Халықаралық биологиялық

қатердің белгісі.

Е 120 биологиялық

омбасы.

Slide 3

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

1935-1936 жылдары Япония елінде Маньчжурида арнайы лабораториялар жасалды, бірнеше жылдан соң армиялық зерттеу отряды құрылды. Олар бактериологиялық қауіпті заттар жасап шығарып, әскери қызметкерлерге және Қытайға тәжірибелер жүргізе бастады. Биологиялық қару туралы мәліметті халық 1949жылы ғана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін биологиялық қаруды АҚШ, Австралия, Канада жасап шығарды.

Slide 4

Биологиялық қару

Биологиялық қару, бактериологиялық қару - адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Slide 5

Биологиялық қару (БҚ) - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Slide 6

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірінші кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам(жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді. Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрін-бейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына және ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2-5 күнге созылады.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеттерінің негізін биологиялық құралдар құрайды, оларға ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялық агенттер жатады. Олар адамдардың немесе жануарлардың (өсімдіктер) ағзасына еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) тудыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру тудырушы микробтар мен вирустардың жеке түрлері.

Slide 7

Биологиялық қару - қоршаған ортадағы жан-жануар, өсімдік жанды дүниенің бәріне жаппай қауіп төндіретін қару. БҚ әр түрлі биологиялық заттармен оқталған арнайы қару.

Slide 8

Патогендік микроорганизмдер-жұқпалы ауруларды

Қоздырушы-көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондық-

тан адамның сезім мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі

құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты

олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия, және

саңырауқұлақтар, токсиндер класына бөлінеді.

Slide 9

Биологиялық қарудың әсер етуі, оның әр түрлі ауру тудыруына және бактерия токсиндеріне байланысты. Ол бүкіл халықты жаппай зиян тигізу үшін қолданылады. Ең алдымен жасырын кезеңі болады, оны тек лабораториялық зерттеулер арқылы ғана анықтайды. Және ол көп уақыт өткеннен кейін ғана әсер етеді. Олар ауа арқылы кең таралады, бірақ өте ұсақ болған соң анықтау қиын.

Slide 10

Бактериялық қаруды қолдану белгілері:

Снаряд жарылыстарының қатты дауыстары

Жарылыс болған жердегі ірі ұшқындардың ұсақталып жан-жақа таралуы

Сол аумақта сұйық тамшылы, ұнтақ заттардың пайда болуы

Ұсақ жәндіктердің, кенелердің кенет жоюылуы

Халықтың және жануарлардың жаппай ауруы

Slide 11

БАКТЕРИЯ - кез келген ортада көбейе алатын микроорганизм. Кейбір түрлері

Қоршаған ортада дезинфекциялық заттарға төзімділік беретін қабат түзеді.

Оба, холера, бруцеллез, сіреспе тағы басқа ауруларды тудырады.

Slide 12

ВИРУС - қарапайым микроорганизмдер олардың бактериядан айырмашылығы тек тірі жасушаға еніп, өсіп көбейеді. Шешек, қызба ауруларын шақырады.

Slide 13

РИКЕТСИЯ - көлемі, формасына қарай бактерияға ұқсас. Қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Күл, қызба ауруларын туғызады.

Slide 14

Бөртпе сүзек

Slide 15

Ку-безгегі

Саңырауқұлақтар-дара

немесе көп клеткалы

өсімдіктен пайда болатын

микроорганизмдер, олар

бактериядан, мейлінше, күрделі

құрылысымен және тұқымын көбейту

тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақ-

тың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезин

-фекциялық заттардың әсеріне төзімді.

ТОКСИНДЕР - бактериялардың бөлетін

улары. Олардың улылығы бірнеше айларға

дейін сақталады. Ауыр улануды тудырады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ
Ядролық қару Химиялық қару
Жаппай қырып жою қарулары
Биологиялық қауіп
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Өсімдік аурулары
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
ВИРУСТЫ АУРУЛАР
Эпзоотологиялық анализ негіздері.Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
Химиялық қару. Ядролық қару Химиялық қару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz