Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру


Slide 1

Инфекциялық, әлеуметтік

мәні бар аурулар

Дайындаған:Жанглышева Әсел

ЕТБҚ-13

Slide 2

Әлеуметтiк мәнi бар аурулар: 1. Туберкулез 2. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру 3. В, С вирусты гепатитi 4. Қатерлi iсiктер 5. Қант диабетi 6. Психикалық ауытқулар және мiнез-құлық ауытқулары 7. Балалардың церебральдi сал ауруы 8. Жүрек талмасы (алғашқы алты ай) 9. Ревматизм 10. Дәнекер тiннiң жүйелi зақымдануы 11. Орталық нерв жүйесiнiң тұқым қуалайтын

дегенеративтiк аурулары 12. Орталық нерв жүйесiнiң демиелиниленген аурулары

Slide 3

Туберкулез

Туберкулез (лат. tuberculum - төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910) ашты (1882) . Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0, 2 - 0, 6 мкм.

Тарихы

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 - 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т. б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж. Фракасторо (1478 - 1553) дәлелдеді.

Slide 4

Туберкулез түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты Туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста Туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Slide 5

Қант диабеті

Диабет (лат. diabetes mellitus) - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулинніңасқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Қант диабетінің негізгі симптомдары

үнемі сусап тұру (полидипсия)

кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)

үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)

қол-аяқтың үйып, жансыздануы

үнемі қарын аштығынан арылмау

салмақ азаюы

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Біріктірілген иммун тапшылығы
Минералды заттар
Үрейлі СПИД деген ғасыр дерті, Айырған сұлулықтан адам көркін
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Альфавирустар тұқымдастығы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Гуморальдық иммунитеттің жетіспеушілігі
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz