Метеорологиялық қауіпті құбылыстар және олардың сипаттамасы
Презентация қосу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
“Метеорологиялық қауіпті құбылыстар
және
олардың сипаттамасы”
Дайындаған:Жанглышева Әсел
ЕТБҚ-13
Метеорологиялық қауіпті құбылыстар
ҚАРЛЫ БОРАН БҰРШАҚ
НӨСЕР ҚАУІПТІ ҚАР БАСУ
Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың,
құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде
айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор
зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны»,
«ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық
аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп
атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ
боран деп те атай береді
Нөсер жауын-шашын – будақ-жаңбырлы бұлттардан сұйық және
қатты күйінде (қар, жылбысқы қар, қиыршық, бұршақ) жауатын,
күшті екпіні аз ғана уақытқа созылатын жауын-шашын. Нөсер
жауын-шашын жауа бастаған кезде қарқыны тез артып,
бұлттылығы күрт тоқтап, күрт өзгеріп отырады. Жел күшейіп,
ұйтқып соғады, көбінесе найзағай жарқылдайды. Суық (әсіресе
циклонның соңында) немесе жергілікті (жазда құрлық үстінде)
тұрақсыз ауа массаларында, суық шептің алдында, жазда құрлық
үстінде және жылы шептермен байланысты байқалады. Ақ
жаңбырға және сіркіреме жауын-шашынға қарама-қарсы
қойылады.
Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен,
қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке
дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті
бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне
және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері:
жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы
дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды
тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және
энергетикалық желідегі аварияларды жою.
Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.
Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу
керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді
радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу
үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі
ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да
қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне
жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде
қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып,
қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.
Бұршақ - мөлшері 5-тен 55 мм-ге дейін
және одан да ірі жұмырланған мұз
түйіршіктерінен тұратын атмосфералық
жауын-шашын. Қалың жаңбырлы будақ
бұлттардан, әдетте, қатты найзағай
кезінде енсіз (бірнеше км-лік), ұзын
(жүздеген км-ге созылған) өңірде жауады.
Бұршақ ауыл шаруашылығына үлкен зиян
келтіреді. Будақ бұлттарда бүршақ түзілуін
болдырмау үшін йодты күміс, қатты көмір
қышқылын және кейбір гигроскопиялық
реагенттерді ендіру арқылы дамуын
реттеуге арналған жүмыстар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz