Картоп зиянкестерімен күресу шаралары


Slide 1

Картоп зиянкестерімен күресу шаралары

ТПерП ТХ 14-11

Орындаған: Сайдулла Т. А

Қабылдаған:Рүстемова А. Ж

Алматы технологиялық университеті

Slide 2

Жоспар

Кіріспе бөлім

Картоптың таралуы

Негізгі бөлім

Өсімдік жайлы мәлімет

Картоптың пайдасы мен зияны

Картоп зиянкестері және олармен күресу шаралары

Картоптың дайындалуы мен қолданылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Картоптың таралуы

Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шашына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі. [

Slide 4

Картоп - алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см) . Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны - Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.

Slide 5

Арамызда «Мен картоп жей алмаймын» немесе «Маған картоп жеген ұнамайды» дейтіндер бар дегенге сену өте қиын. Өйткені, картоптан жасалатын кез келген тағам өте дәмді әрі тез дайындалатын болып келеді. Әсіресе, картоптан жасалатын картоп қытырлақтарын (чипс) тағамдық құныдылығының аздығына және зияндығына қарамастан сүйіп жейтіндердің қатары аз емес.

Slide 6

Пайдасы

Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.

Slide 7

Зияны

Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы - оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз дұрыс дейді мамандар.

Slide 8

Картоп зиянкестері неден пайда болады?

Ауыл шаруашылық дақылдары және картоптың зиянкестері, немотод сияқты, өрмекші тәрізділермен жәндіктер қоймаға салынған өнімнің сақталуына әсер етеді. Зақымданған көкөністердің иммунитеті жоғалып, тез микроорганизмдермен зақымданады. Көкөністердің немотодты жұқтыру көздеріне:Тұқымдық материал, топырақ, қойма, жұқпалы көкөністер, құрал саймандар, бурд пен траншеяларға арналған жерлер жатады. Қатты дәрежеде зақымданғандары техникалық жарамсыз деп танылады.

Slide 9

Зиянкестердің түрлері мен Күресу шаралары

Зауза қоңыз(Melolontha) - қаттықанаттылар отрядының тақта мұрттылар тұқымдасына жататын жәндіктер. Негізінен Еуразия құрлығында кең тараған . Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар: шығыс Зауза қоңызы (M. hіppocastanі) және батыс Зауза қоңызы (M. melolontha) . Зауза қоңыз денесінің ұзындығы 20 - 32 мм, түсі қара қоңыр, қанатының үсті қоңырқай жирен түсті.

Күресу кезінде біз химиялық препраттарды қолданамыз. Децил немесе Суми-альфи препаратының 300гр 300л суға ерітіп, 1га жерге шашамыз.

Slide 10

Колоррад қоңызы


Ұқсас жұмыстар
Қызылша зиянкестерімен күресу шаралары
Өсімдік қорғау
Табын шегіртке зиянкестері
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
Картоптың алтын түсті нематодасы
Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары
КАРАНТИНДІК НЫСАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Жұмыртқасының ұзындығы
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz