Атомның құрамы мен құрылысы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

7- сынып

Химия пәні мұғалімі: Садыкбекова Л. А.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№89 мектеп-лицейі» КММ

Slide 2

7. 1. 2. 5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;

7. 1. 2. 6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e- ) мен атом ядросының құрамын білу;

7. 1. 2. 7 изотоп түсінігін білу.

протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын біледі;

элементтердің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын анықтайды;

изотоп түсінігін қалыптастырады.

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Slide 3

1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды.

Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек, оның заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған. Жалпы алғанда, атом электрбейтарап, яғни зарядсыз бөлшек болып саналады, себебі ядроның (оның) оң заряды электрондардың теріс зарядына тең.

Slide 4

Атом құрылысы одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды. Әр түрлі атомдардың құрамындағы протондар мен нейтрондардың сандары да әр түрлі, бірақ атомдағы протондар мен нейтрондардың массаларының қосындысы сол элементтердің атомдық массасына тең:

Ar - элементтің салыстырмалы атомдық массасы. Z - оның реттік саны. N - нейтрондар саны.

Slide 5

Салыстырмалы атомдық массасы және реттік нөмірі бойынша нейтрондар санын есептеуге болады:

5

Ядродағы протондар саны элементтің реттік (атомдық) нөміріне Z тең.

Мысалы оттек элементінің реттік нөмірін Z =8, протон саны 8 ядро заряды 8. Протон зарядының абсолютті шамасы электрон зарядының мәніне тең.

Slide 6

Ядроларында протон саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар - изотоптар деп атайды. (Изотоп грекше «Бір орынға орналасушы» деген мағнаны білдіреді) .

6

Slide 7

7

https://bilimland. kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/izotoptar

Slide 8

1-тапсырма

Берілген атом ядроларының құрамында неше протон, неше нейтрон кіреді:

АІ, Ar, Ca

Бекіту тапсырмасы

Дескриптор:

Атомдардың протон және нейтрон сандарын анықтайды;

Slide 9

Дұрыс жауап

Дескриптор:

Атомдардың протон және нейтрон сандарын анықтайды;

Slide 10

Бекіту тапсырмасы

Дескриптор:

Түсінік пен оның анықтамасын тауып, сызып көрсетеді

Түсінік

Түсінік анықтамасы

Протон

атомдағы протон мен нейтрондардың қосындысы

Нейтрон

оң таңбалы заряды бар элементарлы бөлшек, олар атомның ядросында орналасады.

Массалық саны

ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әр түрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі.

Изотоптар

электрлік бейтарап бөлшектер

Түсініктер мен анықтамалары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

Slide 11

Дұрыс жауап

Түсінік

Түсінік анықтамасы

Протон

атомдағы протон мен нейтрондардың қосындысы

Нейтрон

оң таңбалы заряды бар элементарлы бөлшек, олар атомның ядросында орналасады.

Массалық саны

ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әр түрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі.

Изотоптар

электрлік бейтарап бөлшектер

Slide 12

Қорытынды

протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білемін;

алғашқы 20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын анықтай аламын;

изотоптардың не екенін түсінемін.

Slide 13

Қосымша ресурстар

М. Қ. Оспанова Қ. С. Аухадиева Т. Г. Белоусова

Химия оқулығы 7 сынып

https://bilimland. kz


Ұқсас жұмыстар
Сутек атомында
Сутектік байланыс
Атом - күрделі бөлшек
Атомның кванты - механикалық моделі
Нуклондардың меншікті байланыс энергиясы
Реакцияға қатысқан қажетті заттардың массасын, зат мөлшерін есептеу
АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Атом құрылысы
КВАНТ САНДАРЫ
Электрондар қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz