Жібек мата


Slide 1

Мектеп: Қ. Рысқұлбеков атындағы №33ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні : Субебаева Нуржаныл Маликовна

Slide 2

5- Ә сынып.

Сабақ тақырыбы :

Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. 3-сабақ

Slide 3

Осы сабакта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5. 1. 6. 3. - тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу

(Ойлау деңгейі (Блум таксономиясы бойынша)

Білу, тусіну

Slide 4

Бағалау критерийі

Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін анықтайды.

Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттайды.

Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін зерттейді.

Slide 5

Сабаққа шолу

Сендердің‌ ‌білетіндерің:‌ ‌

маталардың түрлері;

мата түрлерінің қасиеттері мен ерекшеліктері.

Сендердің меңгеретіндерің:

мата түрлерін ажырату.

Сабақтың мазмұны

Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. 3-сабақ

Slide 6

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Тоқыма талшықтары дегеніміз не?

2. Тоқыма талшықтары қалай бөлінеді?

3. Өсімдік тектес талшықтарды ата?

4. Жануар тектес талшықтарға не жатады. ?

5. Минерал тектес талшықтар неден алынады?

Slide 7 Slide 8

Матаны алу әдісі

Slide 9

Жібек мата алу әдісі

Slide 10

1765 жылы ағылшын ағаш ұстасы, әрі тоқымашысы Джемс Харгривс, «Дженни» деп аталатын, бірден 8 жіпті, содан кейін 16 және 24 жіпті айналдыратын алғашқы талшықтарды иіру машинасын ойлап тапты. Бұл құрылғы мата өндірісін 20 есеге арттырды.

Slide 11

1-сурет. «Дженни» механикалық талшықтарды иіру машинасы

Мата дайындаудың өндірістік кезеңдері: талшық - иіру - жіптер (иірімжіп) - тоқу - сұрып мата (өңделіп бітпеген мата) - өңдеу - дайын мата.

Иірілген жіпті тоқыма өндірісіне дайындау келесі операцияларды қамтиды:

Иірімжіптің ақауларын жою және жіптің ұзындығын ұзарту үшін иірімжіпті орауыштан иіршікке (бобина) қайта орау;

Тізіпорау - көлемі үлкен иіршіктен иірілген жіптерді бір-біріне параллель бірдей керіліспен бір тоқылған білікшеге (тоқылған тізбеорауыш) орау;

Шлихтау, яғни негізді желімдеу - негіз жіптерінің беріктігін, икемділігін және тегістігін арттыру үшін негізге желімнің белгілі бір құрамын (крахмал, ұн) сіңдіру;

Арқаужіп дайындау - иірімжіпті орауыштан, иіршіктен арнайы ағаштан жасалған арқау шөлмегіне орау.

Slide 12

Иірімжіп - жеке талшықтарды иіру арқылы алынған жіп. Иіру - талшықтардан тұтас жіп (иірімжіп) алу процесі. Тоқыма машинасында мата тоқу негіз жіптерді керуден басталады. Тоқыма машинасынан алынған мата сұрып деп аталады. Ол сұр немесе сарғыш түсті болады және беті тегіс болмайды, сондықтан одан әрі әрлеуді қажет етеді.

Тоқыма машинасында мата тоқу негіз жіптерді керуден басталады. Тоқыма машинасынан алынған мата сұрып деп аталады. Ол сұр немесе сарғыш түсті болады және беті тегіс болмайды, сондықтан одан әрі әрлеуді қажет етеді.

Slide 13

Матаның құрылымы

Мата - өзара перпендикуляр жіптерді (негіз және арқау жіп) өру арқылы пайда болатын тоқыма бұйымы.

Тоқылмаған материалдар (беймата) жіптердің иірілу сатысынан тыс, талшықтарды төсеу және бекіту арқылы дайындалады.

Тоқылмаған материалдар

Желімдік

Slide 14

Маталардың түрлері

Қамқа (парча) - алтын, күміс жіптерден немесе басқа металдарды араластыра отырып тығыз тоқылған өрнекті жылтырақ жібек мата. Қамқадан әдемі бағалы киім тігілген.

Slide 15

Мақта матасы

Мақта матасы - төзімді маталардың бірі. Мақта матасын бояу жеңіл әрі бірнеше рет жуғанда түсі оңып кетпейді. Ыстық күндері ауаны жақсы өткізеді, жеңіл әрі одан бұйым тігуге ыңғайлы.

Slide 16

Жібек мата

Жібек мата - сапалы, берік, созылмалы, сәнді әрі төзімді мата. Жібектен тігілген бұйым күннің әсеріне төзімді. Жібектен тігілген киімді билік басындағылар киген, өйткені ежелгі Қытайда жібек мата аса бағалы болып саналған.

Slide 17

Зығыр мата

Зығыр мата - берік маталардың бірі, сондықтан одан пиджак пен кеудешелер тігіледі. Зығыр матаның беріктік қасиеті жоғары, бірақ оны үтіктеу қиын және түсі тез оңады.

Slide 18

Жүн мата

Жүн мата жылуды жақсы сақтайды, берік, төзімді және кез келген түске оңай боялады. Жүн матадан сырт киім мен костюм-шалбар тігіледі.

Slide 19

Мақпал - тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі

Мақпалдың үш түрі бар:

Қара мақпал - қара барқыт;

Қой жүнінен дайындалған мақпал - түкті пүліш;

Қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт.

Бірақ мақпал деп көбіне тегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады.

Slide 20

Сұрақтар

1. 1765 жылы ағылшын ағаш ұстасы әрі тоқымашысы Джемс Харгривс нені ойлап тапты?

Мата жасау машинасын

Ине жасау машинасын

Талшық иіру машинасын

Тігін машинасын

Slide 21

2. Тұтас иірімжіп алу процесі қалай аталады? Әрлеу Шлихтау Көлденең тоқу Иіру

3. Тоқыма машинасынан алынған мата қалай аталады?

жұқа

қалың

сұрып

Slide 22

4. Тоқылмаған материалдарға қатысты дұрыс ақпаратты таңда.

Дұрыс жауап саны: 2

Төзімді және берік болады

Тоқылмаған материал - жеке талшықтарды иіру арқылы алынған жіп.

Жіптердің иіру сатысынан тыс, талшықтарды төсеу және бекіту арқылы жасалады.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы маталардың сипаттамалары
Мата түрлері
Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер
ЗЫҒЫР МАТАСЫ
Жібек маталардың ассортименті
Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық
Беларусь Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Тігін жұмыстарына қажетті құрал – саймандар
Тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz