Қожаның қаулысы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Бердібек Соқпақбаев

“Менің атым Қожа”

Slide 2

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.

Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тияқтақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.

Slide 3

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп бағыттау, оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.

Slide 4

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Slide 5

Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым,

Амансыз ба ұстазым!

Slide 6

Үй тапсырмасын сұрау

“Ой шақыру” стратегиясы бойынша өткен сабақты еске түсіру.

Slide 7

Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа”

Slide 8

Дәптермен жұмыс

1. Дәптерге бүгінгі күннің жадын жазу.

Slide 9

Ой қозғау

Slide 10

Жаңа сабақ

Slide 11

Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізу Қожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.

Slide 12

Жанар - Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу. " Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

Slide 13

Сұлтан - ол Қожаның жан досы . Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі- үш жас үлкен . Әкесі Сүгір жылқы бағады . Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

Slide 14

Оспанов -зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

Slide 15

Майқанова - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Slide 16

Әжесі - Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

Slide 17

Анасы - Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған

Slide 18

Сәйбек қарт -Мектеп күзетшісі - Сәйбек қарт. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

Slide 19

“Қожа” жақсы бала

Қожа -алғыр бала

-ақылды бала

-әділетті бала

-мейірімді бала

“Қожа- тентек бала”

Қожа - өтірікші бала

-шыдамсыз бала

Бұзық бала

Тиянақсыз бала

Slide 20

Деңгейлік тапсырма

Slide 21

“Теріп алу стратегиясы”

. «Теріп алу» стратегиясы Алғыр, пысық әділетті өтірікші ақын ақылды әзілқой сотқар, тентек арамза мейірімді тапқыр қу, зымиян қателіктерді түсіне біледі шыдамсыз жағымсыз тиянақсыз

Slide 22

Ойлан, тап!

Slide 23

«Топтастыру» стратегиясы Венн диаграмма

Қожа қандай бала?

Жантас қандай бала?

Slide 24

“Қай сәт бейнеленген?”

1) «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт ) 2) Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт) 3) . Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті) 4) . Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)

Slide 25

“Мынау кім?”

- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш. (Жантас) - Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа) - Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова) - Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? - Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт) - Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер. (Оспанов)

Slide 26

Шығармашылық жұмыс “Көріністен үзінді”

Рөл: Қожа Аудитория: Сынып бөлмесі Форма: Ішкі ой Тақырып: Түбі адам боламын. «Түбі адам болатын бала» көрініс. Қожаның қаулысы

Slide 27

Сабақты бекіту

«Не үйрендім» «не білдім?» «Жүрегіме не түйдім?»

Slide 28

Үйге тапсырма

“Бақытты балалық шақ” ойтолғау жазу

Slide 29

Бағалау парқшасы: Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Slide 30

Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Менің атым Қожа шығармасы
Менің атым Қожа. Презентация. 6-сынып
ҚОЖА ҰҚСАСТЫҚТАР ЖАНТАС
Менің атым Қожа мәтін
Қазақ тілі сабағы
Менің атым - Қожа. Қожа қиялшыл, сезімтал бала
Қожа қандай бала
Менің атым Қожа повесінен үзінді
Түбінде адам болатын бала
Жолдама жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz