КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ ҚЫСТА ЖЫЛЫ, ЖАЗДА САЛҚЫН




Презентация қосу
КИІЗ ҮЙ
КИІЗ ҮЙ — ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСПАНАСЫ; ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨШПЕЛІ
ТҰРҒЫН ҮЙІ.
ОЛ — КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ТЕЗ ЖЫҒЫП, ШАПШАҢ ТІГУГЕ, ЯҒНИ КӨШІП-ҚОНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ҮЙІ.
КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ КИІЗ ҮЙІ — ТАРИХЫМЫЗДАҒЫ ЕҢ БІРІНШІ СӘУЛЕТТІК ҚҮРЫЛЫС. КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ ҚЫСТА ЖЫЛЫ, ЖАЗДА САЛҚЫН.
СОНДЫҚТАН, ШОПАНДАР ДА, ТУРИСТЕР ДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ. КИІЗ ҮЙ ЖЕР СІЛКІНІСІНДЕ ДЕ ЫҢҒАЙЛЫ, ӨЙТКЕНІ ОЛ ОҢАЙЛЫҚПЕН
БҰЗЫЛМАЙДЫ. ҚАЗАҚСТАН ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ЕЛДЕРГЕ ШАТЫРДЫҢ ОРНЫНА КИІЗ ҮЙЛЕР АПАРЫП ЖҮР.
Киіз үй атаулары.

№ Атауы Түсінік
1.Абылайша Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.

2.Ақ шаңқан үй Сүттей ақ, аппақ киіз үй.

3.Ақтағыр Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын
киіз үй.
4.Жаппа Керегесіз, киізбен жабылған баспана.

5.Жолым үй Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ
үй.
6.Қара құрым үй Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

7.Қара үй Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.

8.Қараша үй Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

9.Орда Еңселі, салтанатты киіз үй.

1 Отау Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
0.

1 Тоңқайма Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

1 Ұраңқай Уық тәрізді сидам ағаштардан басын
2. түйістіріп тігілген киіз үй.
КИІЗ ҮЙ БӨЛІКТЕРІ
КИІЗ ҮЙДІҢ СҮЙЕГІ.
Құрамдас бөлшектерінің
№ Сүйегінің бөліктері
атауы
1. Шаңырақ 1.Бақалақ.
2.Күлдіреуіш.
3.Қаламдық.
4.Табақ.
5.Тарам.
6.Тоғын.
2. Уық 1.Қалам.
2.Қары.
3.Иін.
4.Уық бау.
3. Кереге 1.Балашық.
2.Ерісі.
3.Желі.
4.Көк.
5.Қанат.
6.Сағанақ.
ШАҢЫРАҚ

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні
күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп
ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден
тұрады:
КЕРЕГЕ

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын
керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең
кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан
құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз»
УЫҚ

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің
кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен
қысқалығына байланысты болады.
СЫҚЫРЛАУ

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне
қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар:
маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
КИІЗ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ

№ Атауы Түсінік
1 Абажа Ас,тағам салуға арналып
жасалған сандықтың
(кебеженің)үлкен түрі
2 Абдыра Киім-кешек,әр түрлі бұйымдар
салатын үлкен сандық..
3 Ағаш төсек Жату үшін пайдаланатын үй
жйхазы.
4 Адалбақан Киім және т.б. үй мүліктерін ілуге
арналған жиһазы.
5 Асадал Тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға
арналған үй жиһазы
6 Бөгіре Кішкене қол сандық(шай
жабдықтары үшін)
7 Жағылан Былғарыдан істелген сандық.
8 Жоза Жерге отырып,тамақ ішуге
арналған аласа үстел.
9 Жүк аяқ Жүк астына қоятын төрт аяқты
бұйым.
10 Кебеже Ас, тағам салуға арналып,
ағаштан жасалған үлкен сандық.
11 Сандық Әр-түрлі бұйым салуға
арналып,ағаштан не металдан
жасалатын үй жиһазы.
Киіз үйдің сүйегі: 1 – кереге, 2 – уық, 3 – шаңырақ, 4 –
сықырлауық

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
АНДРОНОВТЫҚ ӘСКЕРИ АРБАЛАР
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Халықтың сауаттылығы
Түркия Республикасы
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫМЕН КӨШПЕЛІЛЕР
Сазан бүл ауруға біршама төзімді
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер