Медбикелік үрдіс кезеңдері


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Мейіргерлік тәжірибедегі стандарттар туралы ұғым, олардың мақсаты

Орындаған: Туреханова Ш

Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)

Қабылдаған: Оспанбек. А. К

Шымкент, 2022ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мейіргерлік үрдіс, кезеңдері

Ақпарат жинау, бағалау

Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығы

Күтімді жоспарлау, жүзеге асыру

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

Медбикелік үрдісті қолданбаудың қиындықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Мейірбикелік үрдіс - кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен

орындаудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Slide 4

Медбикелік үрдіс кезеңдері

Медбикелік үрдіс 5 кезенге бөлінеді:

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;

Медбикелік диагноз (диагностика) ;

Күтімді жоспарлау;

Жоспарлауды жүзеге асыру;

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

Slide 5

1-кезең

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау және бағалау

Науқас туралы ақпарат көзі:

Емделушіден сұрастыру

Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

Дәрігермен сұхбаттасу

Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

Емделушінің ауру тарихымен танысу

Slide 6

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті - дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Медбикенің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

Slide 7

2-кезең

Медбикелік диагноз (диагностика)

Медбикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз - емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.

Slide 8

Дәрігерлік диагноз

Медбикелік диагноз

Ағзадағы нақты аурудың патологиялық процестің негізін айқындайды

Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау

өзгермейді

Ағзадағы терең патологиялық процеске емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді

Адамның негізгі қажеттіліктері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік

бірнеше рет өзгереді

Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау

Slide 9

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.

Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

Slide 10

3-кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;

қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары

мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.

әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Әр мақсат 3 компоненттен тұрады

іс-қимыл;

белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;

шарты - кімнің (ненің) көмегімен.

Slide 11

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз - берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

Slide 12

4 кезең

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

тәуелді

тәуелсіз

өзара тәуелді

Тәуелді - дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.

Тәуелсіз - дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Slide 13

Мысалы:

емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Өзара тәуелді қатысу - дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету.

Slide 14

5-кезең

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс - медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Slide 15

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

1. Медбикенің жауапкершілігі артады;

2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға

мүмкіндік береді;

3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;

4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді;

5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Slide 16

Қазіргі кезде барлық мейірбикелер бұл жүйеге аса мән бере бермейді. Барлығы құжат бойынша ғана дұрыс болғанымен, іс жүзінде жүзеге аспайды. Себебі науқасты емдеуде бұл шараның дұрыс орындалуы, жағдайының жақсаруына мол үлес қосатынын білмейді. Қазіргі кездегі ең басты қиындықтың бірі осы.

Медбикелік үрдісті қолданбаудың қиындықтары

Slide 17

Жүргізіліп жатқан емдеу шараларын жоспарламай, қорытынды жасамай тұрып дұрыс деп айта алмаймыз. Алда пайда болған қиындықтарды қайдан, не себепті дамығанында біле алмаудың себебіде осы.

Кездескен қиындықтарды дер кезінде жоя алмасақ, түрлі асқынуларға ұшырайды. Бұл да өте жиі кездесетін қиындықттардың бірі. Қолданып жатқан дәрі дәрмектердің дозасы бойынша, уақыты бойынша бақылауға ала алмасақ, оның пайдаға асуы екі талай емеспе.

Slide 18 Slide 19

Қорытынды

Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер - мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Ия, науқасқа сырқатының салдарын тауып, оның емдеу жолдарын айқындап беруде дәрігер бағыт-бағдар берсе, оның әрі қарай емделіп, пациентке ықыласы мен мейірімін төгіп, олардың көңіл-күйіне әсер ететін медициналық көмек көрсететін ол - мейірбике. Науқастың жай-күйі мейірбикелердің жанкешті еңбектеріне тікелей байланысты. 80% науқастың емін тауып кетуіне септігін тигізетін мейірбикелер десек артық айтпағанымыз.

Slide 20

Пайдаланылған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Мейіргерлік күтімді жоспарлау
Дәрігермен сұхбаттасу
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері
Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз
Эмпирикалық деңгей
Жүрек аймағындағы ауру сезімі
Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуы
Күтімді жоспарлау
Медбикелік күтімнің бағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz