Тұмаудың асқынуы


Slide 1

Қ. А Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті

Жалпы медицина факултеті

Тақырыбы- Тұмау және құс тұмауы кезінде жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

Орындаған- Каримбай. Н

Тобы- ЖМ 103

Қабылдаған- Омарова. Б

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тұмаудың этиологиясы мен патогенезі

Тұмаудың клиникалық көріністерінің сипаттамасы

Тұмауды емдеу қағидаларымен танысу

Тұмау кезіндегі алдын алу шараларының әдістері

Құс тұмауымен күресудің шаралары

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza - "бас салу, шап беру”) - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Slide 4

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп - өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай - ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады.

Slide 5

Тұмаудың негізгі қауіпі - ол тұмаудан кейінгі асқынудың дамудың тәуекелдігі болып табылады. ең көбірек кездесетін асқынулардың түрлері:

Бактериалды өкпе қабынуы;

Ринит;

Синусит;

Бронхит;

Құлақтың қабынуы;

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынуы;

Бұлшық еттің асқынуы;

Созылмалы аурулардың асқынуы.

Slide 6

Тұмаудың алғашқы белгілері

Тұмаудың бір өзгешелігі клиникалық белгілердің өте тез дамуы. Дененің қызуы бірінші 24-36 сағаттарда барынша көпке жетеді (39°С-40°С) .

Көбінесе маңдайдың шеке тұсында өршитін,

бастың ауыруы,

көзді қозғалтқанда болатын көз алмасының ауыруы,

жарыққа қарай алмау,

бұлшық еттер мен буындардың ауыруы,

лоқсу немесе құсу жиі пайда болады,

артериалды қысымның төмендеуі мүмкін болады.

құрғақ ауыртатын жөтел,

мұрынның бітелуі, көбінесе аурудың басталғанынан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады. Тұмау кезінде әдеттегідей кеуде тұсында жанға бататын жөтелі бар, трахеит ауруы болып табылады.

Slide 7

Балаларда болатын тұмау түрлерінің клиникалық сипаттамасы

Тұмаудың жеңіл түрінде, дене температурасы субферильді немесе қалыпты, улану белгілері дұрыс білінбейді. Нәрестеде тек қана аз мөлшерде катаральдық құбылыстар болуы мүмкін.

Орташа түрінде, тұмаулық улану белгілері байқалады (тоңып дірілдеу, бас ауруы, бұлшық еттің және буындардың ауруы), дене температурасы 39, 5 С-ге дейін көтеріледі. Круп синдромының, абдоминальдық синдромның дамуы мүмкін.

Ауыр түрінде, улану белгілері басым байқалады (естің бұзылуы, сандырақтау, елестер, тырысу), дене температурасы 40-40. 5 С-ге дейін көтеріледі, жүрек-тамыр қызметінің бұзылуы және т. б. орын алады.

Тұмаумен және жедел респираторлы вирусты жұқпалармен ауыратын балаларды ауруханаға жатқызу клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

Slide 8 Slide 9

Клиникалық көрсеткіштер:

1. Аурудың ауыр түрлері.

2. Тұмаудың асқынуы.

3. Аурудың күрделілігіне қарамастан жаңа туған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балаларды ауруханаға жатқызған жөн.

Үлкендерге қарағанда, балаларда (3 жасқа дейінгі) гипертермия ауыр жағдайда өтеді, кейде тырысу болуы мүмкін.

Slide 10

Тұмауды емдеу қағидаларымен танысу

1. Нәрестені төсек орынына жатқызып, жанұяның басқа мүшелерінен оқшаулау қажет.

2. Дәрігерді шақыру керек.

3. Егер де нәресте қатты терлейтін болса, оны сүлгімен құрғатып, төсек орынын жиі ауыстырып отыру қажет.

4. Егер ауру қалтыраудан басталса, баланы жақсы орау керек, нәрестеге тәтті шәй беріп, жылытқыны аяғына қою керек.

5. Дене температурасының 38 С-ден асқаны жағдайында ыстығын басатын дәрілер беру керек:

- парацетомол, эффералган және цефекон балауызын, ибуфен және т. б. жасына сай мөлшерде;

- суытудың табиғи әдістері: «қызыл» қалтырауда спирттік ерітіндімен ысқылау, «боз» қалтырауда (инфекциялық улану есеңгіреудің бір көрініс) қарқынды терапия.

- балаларға ацетилсалицилдық қышқылды қабылдауға болмайды.

6. Осы кезеңде шәй, морс, жеміс шырындары түріндегі сұйықтың жеткілікті көлемін беру қажет.

Slide 11

ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Ең тиімді алдын алу әдісі - тұмауға қарсы вакцинасы.

Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен сирек жүріп, қонаққа барудан бас тартыңыз) .

Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.

Мұрыныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0, 25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.

Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.

Төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.

Толық тамақтаныңыз

Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.

Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз

Slide 12 Slide 13

«Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рер 1997 жылы Гонконгтан анықталған, тұмаудың 1 түрі 18 адамның ауыруына әкеліп соқтарды, оның 6 адамы қайтыс болған.

Slide 14

Ал адамдар арасында құс тұмауының белгілері кәдімгі тұмаумен ауырғандағығы ұқсастықтан астап, көз инфекциясы, өкпенің қабынуы т. б. Қлімге қатер төндіретін ауыр сырқаттар белгілерінде көрініс береді.

Ауру кенеттен қатты қалтыраудан, бұлшық еттерінің ауруынан басталып, жөтел, тынысының тарылуы және ентігу пайда болады.

Slide 15

Құс тұмауынан сақтану үшін келесі шараларды сақтау қажет:

Ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс. Бұл жағдайларды олар жабайы құстармен байланыста болмайды;

Құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет;


Ұқсас жұмыстар
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ
Тұмау - жұқпалы ауру
Жылқы тұмауының қоздырушысы
Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар
Синтетикалық заттар
АСҚАЗАН, ОН ЕКІ ЕЛІ ІШЕК ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫНЫҢ АСҚЫНУЫ
Мезгілінен ерте босану
Вирусқа қарсы дәрілер
Өкпенің бактериялық жойылуын емдеу
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz