Зиянды заттар - зардабы



«Нұрлы-көш орта мектебі»КММ
5-класс
Жетекшісі: Сагинова. Ж. Е
2019-2020 оқу жылы
Зиянды заттар - зардабы

Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.
Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.

Тарихы
Зияны
Әсері
Шығыны
Темекі

Үндістер меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы француз әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылығын тудырған.
Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген. Ресейде темекі тарту - Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.
Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін

Темекімен күресу жолдары:
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.
- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
ҚР - сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын - алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген.

Маскүнемдік - алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.
Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.
Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь - ол наркотиктік у. Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».
Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі кем, ұмытшақ ауруға тап келеді.

СЫРА - ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі. Сыраның кейбір сорттарының құрамындағы спирттің үлесі 3%-дан 12%-ға дейін болады.

Асқазан Сыраны ішкен кезде әлбетте ішек жолдары арқылы ол асқазанға барады. Жай барып қана қоймай, ас қорытатын шырышты қабатты бұзады. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның ас қорытуы қиындап, соңы созылмалы гастрит ауруына соқтырады. Бұл - бір (!)
«Ештеңе етпес»-тің соңы Сылтау болса болды, сыра - үстелдің үстінде. «Арақ емес қой» деп ақталады жастар, «ештеңе етпес» дейді ата-аналар. Денсаулық осыдан құриды. Санамалап айтсақ, төмендегідей:

Бауыр Бауыр - адам ағзасын тазартып отыратын нәзік мүше. Медицинаның бүгінгі қарқыны жүрек алмастыруға дейін жеткенімен, тек осы мүшені айырбастап салуға дәрменсіз. Сыраны жиі сіміру бауырдың улы заттарға қарсы тұру күшін азайтып, кейін жойып жібереді. Үлкендердің «арақты көп ішпе, бауырың езіліп кетеді» дейтіні осыдан болар. Бұл - екі (!)
Бүйрек Сыра сімірген адамның қайта-қайта әжетханаға жүгіретіні белгілі. Өйткені оның зәр айдау жүйесі нормадан тыс күш алып кетеді. Бұл жағдайда «қып-қызыл ақшаға сатып алған сусыным сыртқа кетіп жатыр» деп ойламау керек. Керісінше, сіз ағзадағы қажетті минералдардан айырылып жатырсыз. Нәтижесінде калий, магний элементтері азайып, адамның жүрек соғысының ырғағы ақауланып, әлсіреп қалады. Бұл - үш (!)

Жүрек Қазіргі кезде «инфаркт алыпты» деген сөзді есту таңсық болмай қалды. Бұған сыраның да әсері бар. Сыраны үнемі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға шалдығады. Өйткені ол қанға тез сіңеді. Бүйрек бен бауыр қызметі бұзылған жағдайда жүрекке салмақ түседі, нүкте инфарктіге шалдығумен қойылады. Мұны «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды.

Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын
4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен.
1-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.
2-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.
3-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.
4-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастырайық.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz