Павлодар облысы білім басқармасының Ямышев орта білім беру мектебі КММ, Павлодар облысының әкімдігі




Презентация қосу
Павлодар облысы білім басқармасының «Ямышев орта
білім беру мектебі» КММ, Павлодар облысының
әкімдігі

Қыздар клубы
«Ақмоншақ»
«Ақмоншак» қыздар
клубын құру ережесі
Жалпы ережелер 1.
«Ақмоншақ» қыздар клубының ережесі оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру
тәртібін анықтайды. «Ақмоншақ» қыздар клубы - бұл өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғаны
дамытуға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді
зерделеуге бағытталған ортақ мүдделері бар Павлодар қаласы мен Павлодар облысының
жалпы білім беретін мектептерінің 12-17 жастағы жасөспірім қыздарды біріктіру жолы
болып табылады. «Аққу» қыздар клубы облыстық Ережеге сәйкес әр мектепте құрылады
және облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Қыздар клубының жетекшісі болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
мектеп психологіы, әлеуметтік педагог тағайындалуы мүмкін. Әдетте, қазақ отбасында
қызға деген көзқарас пен құрмет ерекше. Өздеріне деген ерекше махабатты қыздар өмір
бойы сезініп өтеді. Әйел өзінің мінез-құлқын, өмір салтын, киімін, сыртқы келбетін
бақылайды. Әйелдің басты мақсаты-отбасы ошағының ұйытқысы болу. Әйелдердің жаны
нәзік, сезімтал, жылулық пен қамқорлыққа аса мұқтаж. Қыздар болашағы жарқын болу
үшін жағымды сәттері көбірек болуы тиіс. Кейде қыздарға ата-ананың ыстық ықыласы
жетпей жатады. Жасөспірім балалардың өмірінде қарым-қатынастың маңызы зор. Қарым-
қатынас арқылы балалар қоғамның және әлеуметтік ортаның әдептілік нормалары мен
қағидаларын меңгереді. Клубтың құрудың өзектілігі заманауи қоғамдағы қыздардың теріс
қылықтары себеп болды. Жыныстық саладағы аурулардың көбеюі, жоспарланбаған ерте
жүктілік, түсік тастау, психобелсенді заттектерді қолдану, қылмыс белсендіктің өсуі
байқалады.
Мақсаты: жасөспірім қыздарды
әлеуметтендіруде психологиялық-
педагогикалық қолдау үшін жағдай жасау
Міндеттері:
1) жасөспірім қыздарда ұлттық бірегейлікті
сақтау үшін салт - дәстүрлерді зерттеу
арқылы рухани құндылықтарды
қалыптастыру;
2) әлеуметтік – құқықтық және
психологиялық құзыреттілікті дамыту үшін
жағдайлар жасау; жасөспірім қыздардың
психологиялық кешендерін жеңуге ықпал
ету;
3) денсаулықты нығайтуға ықпал ететін
саламатты өмір салтын насихаттауға,
медициналық-гигиеналық білім бойынша
хабардарлық деңгейін арттыруға, өз
денсаулығына жауапкершілікпен қарауды,
аурулардың алдын алуды қалыптастыруға;
4) жасөспірім қыздарға қазіргі заманғы
қыздың, отбасы ошағының болашақ
ұйытқысы – ананың имиджін
қалыптастыру мәселелерінде
консультациялық көмек көрсету;
5) психосексуалдық денсаулық
саласындағы жасөспірімдер қылмысының
алдын алуына жәрдемдесу болып
табылады;
Клуб өз қызметінде
келесі принциптерге
сүйенеді: - әр
оқушының жас және
жеке басының
ерекшеліктерін есепке
алу; - мейірімді
психологиялық
климат; - іс-
шараларды
ұйымдастыруға жеке-
белсенді көзқарас; -
жұмысты
ұйымдастырудың
түрлері мен
әдістерінің оңтайлы
үйлесімі және
олардың қызметін
тиімді қолдану; -
адамгершілік,
ашықтық,
қолжетімділік.
Қызмет мазмұны
- Клуб өз қызметін тегін ерікті
негізде жүзеге асырады.
- Клуб мүшелерінің мүдделерін
ескере отырып, Клуб өз
қызметінің бағдарламасын өз
бетімен әзірлейді.
Клуб жыл бойы жұмысты
ұйымдастырады. Сабақтарды
өткізу формалары:
- психологиялық тренингтер
- «Нұр Ана әлемі» ҚБ өкілдерінің
шеберлік сабақтары;
- топтық пікірталастар;
- сауалнама;
- фильмдер мен бейнероликтерді
көру және талқылау;
- медицина орталықтарының
мамандарымен кездесулер.
Күтілетін нәтижелер
Жасөспірім қыздардың өз денсаулығы мен
қоғамдағы мінез-құлқына оң көзқарасы,
қарым-қатынас дағдыларын дамыту және
өзіне деген сенімділікті нығайту, өзін-өзі
жетілдіруге ұмтылу, тұлға ретінде өсу,
шығармашылық әлеуетті, ұлттық салт-
дәстүрлерді зерттеуге қызығушылықты
дамыту, ұлттық мәдениетке, халық
тарихына деген сүйіспеншілікке баулу.

Ұқсас жұмыстар
Ынтымақтастық туралы келісім негізі және тәртібі
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары
Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
Қатысушы аймақтар
Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы
Бала тәрбиесінде ата-ана және мектеп
Менің мәселем
Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері
Шапық Шөкіұлы Шөкиннің биографиясы
Өнегелі өмір бастауы аудандық мектеп аралық сайыс
Пәндер