Қазақ әдебиеті сабақтарында кіріспе жұмыстар арқылы оқушылардың көркем шығармаларға қызығушылығын арттырудың әдістемесі

Slide 1

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА КІРІСПЕ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Акимбаева Ж. Н.

Қазақ әдебиеті пәні оқытушысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Slide 2

. . . Әдебиет - жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделігі де осында жатса керек.

Қанипа Бітібаева

Slide 3

Білікті ұстаздың әдістемесінде көркем шығармамен жұмыстың әр алуан түрлері мен кезеңдері төмендегідей сұрыпталған:

Кіріспе жұмыстар;

Көркем мәтінді оқып үйрену және талдау жұмыстары;

Көркем мәтінді талдау жолдарының түрлері (жан-жақты, шолу бағытындағы, сұрыптап талдау және т. б )

Көркем шығармамен жұмыстың қорытынды кезеңдері;

Slide 4

Кіріспе жұмыстар

Болжау бағытындағы кіріспе жұмыстар

Алдын ала ізденіс мақсатында берілетін кіріспе жұмыстар

Дайын күйінде берілетін кіріспе жұмыстар

Slide 5

«Алдын ала берілген атаулар» тәсілі

Slide 6 Slide 7

Катон-Қарағай ауданы - 1928 жылы 17 қаңтарда Поздняковка болыстардың бөлігінен, Бұқтырма уезінен және Зайсан шекаралык уезінен кұрылған. Жазушы Оралхан Бөкей дүниеге келген жер.

Мұзтау - Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар, бұл тау - «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі. Атақты жазушы Оралхан Бөкейді оқырмандары сондай биік шыңға балап “Мұзтаудың мұзбалағы” атаған.

Шыңғыстай ауылындағы мектеп - Қазақ халқының біртуар азаматы Сұлтанмахмұт Торайғыров мұғалімдік қызметін атқарған, бүгінгі күнде реставрацияланып мұражайға айналған орын.

Дели - Үндістан астанасы. Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.

Slide 8

Шығарма жайлы білгім келеді . . .

Slide 9

«Кроссенс» тәсілі

Slide 10

Оралхан Бөкей кейіпкерлерінің прототиптері

1

2

3

4

5

Келесі бет

Slide 11

Орынбай Нұралин

Орынбай Нұралин 1939 жылы Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

«Бәрі де майдан» хикаятындағы кейіпкер.

Қайту

Slide 12

Сара Ысқақова

Сара Ысқақова 1942 жылы Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

«Аспанда ұшқан алты қаз» әңгімесінің кейіпкері.

Қайту

Slide 13

Нұрлан Әкімбаев

Нұрлан Әкімбаев 1942 жылы Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

«Мынау аппақ дүние» әңгімесінің кейіпкері.

Қайту

Slide 14

Күміс Нұралина

Күміс Нұралина 1939 жылы Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

«Бәрі де майдан» хикаятындағы кейіпкер.

Қайту

Slide 15

Уәзірхан Ысқақов

Уәзірхан Ысқақов 1942 жылы Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

«Аспанда ұшқан алты қаз» әңгімесінің кейіпкері.

Қайту

Slide 16

Кіріспе жұмыстардың маңыздылығы:

Қазақ әдебиетін тереңдете оқытуда;

Берілетін тақырыпқа болжау жасата отырып бірлескен ынтымақты жұмыс жүргізуде;

Оқушыларды зерттеу, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулуда;

Ақпаратты жан-жақты талдауда;

Пікірталастарға қатысып, өз ойын дәлелдеуде;

ерекше нәтижелі жұмыс түрлері болып саналады.

Slide 17

Назарларыңызға рақмет!!!


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz