Қалжа мен шілдехана тойы




Презентация қосу
тақырыбы:
“Қазақ халқының
дәстүрлері, рәсімдері,
салттары”.
Орындаған: Түгелбай С.
Тұрсынәлі А.
• Қазақ халқының көнеден келе жатқан
салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп.
Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге
дейін қазақи салт - дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той – мереке, тағы
басқа да жол – жосындарымен талай
елді таң қалдырып келеді. Ата-
бабамыздың қалдырған асыл мұрасын
қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып,
қайта жаңартатын ендігі болашақ
ұрпақтың өз қолында.
сөздермен жұмыс:
• Шілдехана • Вечеринка по поводу рождения
ребенка
• Нәресте • Новорожденный младенец
• Сәби • Ребенок
• Қырқынан шығару • Отмечать 40 дней со дня рождения
• Қарын шашын алу • Утробный волос
• Аластау • Изгонять
• Кәде • Подарок
• Тұсау кесу • Разрезать пути
• Қаз тұру • Стоять на ногах
• Есу • Вить
• Шашу • Подарки, приносымые на торжества
• Құда • Сват
• Құда түсу • Свататься
Қалжа мен шілдехана тойы
.Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған
отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл
аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың
тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл
туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ
Шілдехана салты бойынша, бала туған күні сол
отбасында той басталып, «қалжа» сойылып,
маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа
әйелдер жиналып, «баланың бауы берік
болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз –
бозбала жиналып, түні бойы ән салып,
домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана»
күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.
Қырқынан шығару Тұсау кесу
«Бесік тойы».
Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу
жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол
төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер
балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ,
үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың
оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің
атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі
қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт
жабдықтайды.
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға
тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш
рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан
дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты
болуын тілеп бата беріп тарасады.
Қыз ұзату
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын
қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы.
Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі
қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды.
Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне
қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде
одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда,
құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік
және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар
барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек.
Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде
жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы
үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн
шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу
жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар»,
«Аушадияр» айтылады

Ұқсас жұмыстар
Халық дәстүрі-асыл қазына
Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлерін дәстүрлерді ата
Қазақ халқының дәстүрі
Тәрбие дәстүрлері
Халық дәстүрі асыл қазынам
Отбасылық дәстүрлер
Салт - дәстүрді атадан балаға жеткізу
Салалас құрмалас сөйлем
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Пәндер