Мұнай-газ кен орындарын игеру мен бұрғылау объектілерінің қоршаған ортаға әсері және экологиялық басқару шаралары


Slide 1

Мұнай газ кен орындарын игеру және бұрғылау обектілерінің пайдалануы мен құрлысының қоршаған ортаға әсері.

Slide 2

Мұнай өңдейтін зауыттар ауа және су бассейндерін ластайтын көздердің бірі. Ластаушы зауыттар шығаратын негізгі көздерге мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Мұнай мен одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сеператорларынан әр түрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластайды.

Slide 3

Ауаны ластануы бойынша алатын % мөлшері

Slide 4

Су қоймалары мұнайдың мынадай өнімдерімен ластанады:

Сульфат

Хлорил

Фенол

Азот қосылыстары

Slide 5

Республиканың 19 қаласында атмосфералық ауаның ластану жай күйін бақылау жүргізілуде. Олар:

Риддер

Шымкент

Өскемен

Қарағанды

Алматы қалаларында ластанудың жоғары деңгейі байқалады. Ал республиканың кейбір аймақтарында ауа ластану деңгейінің төмендегені байқалады. Мысалға 90 жылдардың басында Өскемен, Риддер қалаларының ластану индексі 35-40% болса, қазіргі кезде 12-17%-ға төмендеп отыр. Алайда қазіргі кезде Атырау облысының ластану деңгейі күннен-күнге жоғарлап келеді.

Slide 6

Қазақстан коммунисттік халық партиясы. Баспасөз қызметінде Атырау облысының экологиялық проблемалары туралы мақаласында былай делінген.

Өкінішке орай, тұрғындар денсаулығы жайлы объективті мәлімет жоқ. Ал өзгеріс тек нашар жағына кетіп барады. Соғұрлым мұнай көп өндіріліп, атмосфераға тастанды заттар құрамы көбейе түскен сайын, оның зардабы да ұлғайып барады.

Қала ішіндегі және облыс орталығына жақын маңдағы ірі өндірістен шығатын қалдықтар ауаны ластап, тұрғындардың таза ауамен тыныс алуына кедергі келтіруде. Мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады.

Мұнайлы өлке - Атыраудың экологиялық ахуалы жыл өткен сайын күрделеніп келеді. «Оған өңірде ашылып жатқан өндіріс орындарының көбеюі бірден - бір себеп» деп отыр экологтар.

Slide 7

Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды.

Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35, 1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1, 5-2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістегі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Slide 8

Қоршаған ортаны ластау іздеу барлау мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрылысынан басталады. Бұл көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған қозғалтқыштардан шығатын мынадай түтіндер жатады:

Азот оксиді

Көміртек оксиді

Шаң

Бұрғылау еріткіштері және т. б. жатады.

Slide 9

Мұнайды алғаш алғанда тигізетін зардаптары мынадай:

1) Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолданылуы тиіс.

2) Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан жердің шеттелуі, жердің бұзылуы, ластануы; 3) Атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың топырақтың ластаушы заттар мен ластануы;

4) Мұнай мен бірге жер бетінде жоғары минералды судың шығуы;

5) Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму, мұнайдың төгілу негізінде мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға кері әсерін тигізуде.

Slide 10 Slide 11

Қорытынды

Сөз соңында айтарым, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер - Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндірудің қоршаған ортаға әсері және экологиялық зиянды азайту шаралары
Газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен ұңғыларды зерттеудің әдістері мен ерекшеліктері
Құмкөл кен орнын игеру: мұнай-газ өндіру технологиясы, ұңғыны игеру әдістері және жинақтау-дайындау жүйелері
Жаңажол мұнай-газ-конденсат кен орны: геологиясы, тектоникасы, қорлары және игеру тәжірибесі
Битумды құмтастар: құрамы, кен орындары, өндіру технологиялары және қоршаған ортаға әсері
Қазақстанның тау-кен, металлургия және мұнай-газ кешендерінің экологиялық мәселелері: Каспий қауіптері, өнеркәсіптік ластану және қалдықтар
Мұнай-газ өндірудің экологиялық сипаттамасы мен проблемалары
Теңіздегі мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау: технологиялар мен қондырғылардың түрлері
Қоршаған ортаға әсерді бағалау және экологиялық сараптама: түрлері мен алдын алу шаралары
Шельфте мұнай-газ барлау жұмыстары: барлау кезеңдері, гидрогеологиялық режим және теңіз бұрғылау қондырғыларының талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz