ЕЖЕЛГІ МЫСЫР


Slide 1

Ежелгі Мысыр

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 2

ЕЖЕЛГІ МЫСЫР

Көне Мысыр - әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.

Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел б. з. б. 3200-ші жылы біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия - грекше «гео - жер, метро - өлшеу» деген мағына береді) .

Slide 3

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 4

Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi: Династияға дейiнгi кезең (б. з. б. 3000 жылға дейiн), Ежелгi патшалық (б. з. д. 2900-2270 жж. ) - I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл - IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын.

Slide 5

Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ. Алғашқы өтпелi кезең (б. з. б. 2270-2100 жж. ) Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты. Орта патшалық (2100-1700 жж. ) . Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi. Екiншi өтпелi кезең (б. з. б. 1700-1555 жж. ) - бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi.

Slide 6

Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды. Жаңа патшалық (б. з. б. 1555-1090 жж. ) ХVIII-XX династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге - Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.

Slide 7

Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады. Үшiншi өтпелi кезең (б. з. б. 1090-712 жж. ) - бұл табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. XXIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды. Б. з. б. 712-525 жылдарда XXV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды

Slide 8

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Б. з. б. 2900-шы жылдан кейін перғауындардың мазары ретінде көнемысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады.

Slide 12

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 13

Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады. Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райндтауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы деп аталады, ол папирус б. з. б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек) . Енді бірі Мәскеуде сақтаулы.

Slide 14

Ол «Мәскеу папирусы» деп аталады. Оны 1893 жылы ескі заттарды жинақтап-сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер мұражайына берілген. Папирус - қамыстекті өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында өседі. Оның өзегін тілім деп алып, тілімдерді қатарластыра орналастырады. Олардың үстіне көлденең осындай тілімдердің екінші қабатын салады. Қысқыш пен екіқабатты біріктіріп, жаныштағанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын қабаттарды тұтастырып қағаз түріне келтіреді. Папирустар 9 ғасырдан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады.

Slide 15

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 16

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 17

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 18

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мысыр мәдениеті
Мысыр пирамидалары - Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені
Тасқа жазылған иероглифтер
Жер аумағы
Қытай өркениеті
Ежелгі Египет картасы
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫ КЕЗЕҢДЕРІ
Антика ғылымы
ҒАРЫШ ГЕОДЕЗИЯСЫ
Философияның қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz