Ауа температурасы және ауа райы болжамы: өткен шақтың грамматикасы мен жаттығулары


Slide 1

Тақырыбы: Ауа температурасы. Ауа райы болжамы. Грамматика:Өткен шақ. Мақсаты: Тақырыптық лексикалық минимумды меңгеру; Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту; Өткен шақтағы іс-әрекет, қимылды ажырата білуге жаттығу.

Slide 2

Ереже Өткен шақ очевидно прошедшее время Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болғанын және оның нәтижесін білдіреді. Прошедшее время выражает действие происходившие до момента речи, и его результат. Мен Астанаға бардым. Я ездил в Астану. Сен Дәулетке хат жаздың. Ты написал письмо Даулету. Жасалуы(жекеше түрде) . Образование(в ед. числе) . Соңғы дыбыс қатаң болса, -ты, -ті: айтты, тапты, қосты, кетті, өсті, тепті. Соңғы дыбыс дауысты, ұяң, үнді болса, -ды, -ді: қарады, алды, барды, төледі, көрді, келді; жалғаулары жалғанады.

Slide 3

Жазылым 6-тапсырма. Сөздерді қажетті орнына қойыңыз. Вставьте местоимения в соответствующий ряд слов. ОЛ 1 . . . шықтым, бардым, алдым, келдім, болдым. СІЗ 2 . . . шықтың, бардың, алдың, келдің, болдың . . . СЕН 3 . . . шықтыңыз, бардыңыз, келдіңіз, болдыңыз. МЕН 4 . . . шықты, барды, алды, келді, болды.

Slide 4

7-тапсырма. Сөздерді орын тәртібі бойынша өткен шақта жазыңыз. Напишите слова в форме прошедшего времени, расставив их по порядку. Мен/шық/тауға/кеше Мен кеше тауға шықтым. бүгін/ОЛ/бар/концертке . . . бар/сен/қалаға/кеше . . . таңертең/үйге/Сіз/кел . . . түсте/Мен/бол/мектепте . . . ауа/Бүгін/райы/бол/суық . . .

Slide 5

Етістіктің өткен шағының болымсыз түрі ±ма, -ме; -па, -пе; -ба, -бе; ± . . . ған/ . . . ±пын, ± . . . ме/ . . . ді ±м қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Мысалы:бармадым, көрмедім, айтпадым, жетпедім, жазбадым, сезбедім; барған жоқпын, келмедім. Мен үйге барған жоқпын. Ол жиналысты білген жоқ. Сен өтініш жазбадың.

Slide 6

8-тапсырма. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы в отрицательной форме.

Сіз Медеуге бардыңыз ба?

Жоқ, мен Медеуге барған жоқпын.

Кеше күн жылы болды ма?

Сен тауға шықтың ба?

Ол үйге келді ме?

Бүгін күн ашық болды ма?

Кеше күн бұлтты болды ма?

Кеше күн ыстық болды ма?

Slide 7

9-тапсырма. Дұрыс жауапты белгілеңіз. Отметьте правильный ответ.

Мен жұмысқа барамын

Кеше

Ертең

±

Мен отбасыммен келдім.

Мен азық-түлік сатып аламын.

Күн салқын болды.

Ауа райы өте ыстық болады.

Мен үйге келемін.

Slide 8

Тыңдалым. №45-аудиотрек. Тыңдаңыз. Ақпаратты дұрыстаңыз. Прослушайте. Исправьте информацию. Кеше күн суық болды. Дүйсенбіде ауа райы салқын болды. Күндіз күн бұлтты болды. Түсте күн ашық болған жоқ. Таңертең ауа райы салқын болды. . Кеше күн ыстық болды . . . Дүйсенбіде ауа райы жылы болды . . . Күндіз күн бұлтты болды . . . Түсте күн ашық болды . . . Таңертең ауа райы салқын болды . . .

Slide 9

Тыңдалым. №44 аудиотрек. Тыңдаңыз. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз. Прослушайте. Выберите правильный вариант. -Сәлеметсіз бе, Әсел! -Сәлеметсіз бе, Арман! -Арман, Сіз қайда бардыңыз?-Мен Атырауға бардым. -Ауа райы қандай болды?-Күн ыстық болған жоқ. -Қашан келдіңіз?-Кеше келдім.

Арман қайда барды?

Ауа райы қандай болды?

Арман қашан келді?

А) Астанаға

А) Ыстық болды

А) Кеше

Ә) Мәскеуге

Ә) Ыстық болған жоқ

Ә) Бүгін

Б) Атырауға

Б) Өте суық болды

Б) Ертең

Slide 10

Есте сақтаңыз! Қазақ дәстүрінде сапарға шығатын адамға сәттілік тілеп, жақсы тілек айтады. Ұзақ жолға шыққан адамға: «Сапарың сәтті болсын!», «Жолың болсын!» деп жол батасын береді.

Slide 11

Жазылым Өткен үш күннің ауа райын жазып шығыңыз. Напишите о погоде за прошедшее 3 дня.

Slide 12

Келесі кездескенше,

сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Ауа райы және оның негізгі құбылыстары: элементтер, ауа массалары және болжау әдістері
Жауын-шашын мен ауа райы: түрлері, өлшеу, таралуы және бақылау
Ауа температурасы: өлшеу әдістері, биіктік, тәуліктік және жылдық өзгерістер, амплитуда мен изотермалар
Ағзаның метеотроптық реакциялары: ауа-райы факторлары, физиологиясы және клиникалық әсерлері
Атмосфера, ауа райы және климат: сайысқа негізделген қайталау сабақ жоспары
Атмосфера мен тропосфераның жер бетіндегі климаттық үдерістер мен ауа райы құбылыстарына әсері
Апта.kz апталық оқыту жоспары: жұмбақтар, физика, ғарыш және ауа райы
Атмосфера және гидросфера: ауа райы, климат және су айналымы бойынша сабақ жоспары
Ауа, су және ауа райы: ашық сабақ, №204 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп, Әйтеке би кенті, 2014-2015 оқу жылы
Атмосфералық ауа мен ауа райының ауыл шаруашылығына маңызы: агрометеорологиялық негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz