Сыртқы молекулярлық қабат



Ми қабаты, жұлын ми сұйықтығы.
Қалыпты және патологиялық түрі.
Дарменов Р. А
621 топ ЖДП

Ми (латын тілінен encephalon деп аталады) . Сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми жәнеүлкен ми сыңарлары.

Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
Үлкен ми жарты шарын 14 миллиардтай нерв клеткаларынан тұрытын сұр затты қыртыс жауып тұрады.

Ми қыртысы алты қабатты құрылымнан тұрады:
Сыртқы молекулярлық қабат;
Сыртқы түйіршікті қабат;
Шағын және орташа пирамидалық клеткалардан тұратын қабат;
Ішкі түйіршікті қабат;
Бес үлкен пирамидалық клеткаларынан тұратын қабат;
Әр түрлі клеткалардан тұратын қабат.

Ми қыртысының қызметі.
Ми қыртысы көңіл-күй, таным, мақсатты қимыл-әрекеттері, сөйлеу, жазу, оқу, санау және ойлау қабілеттерінің негізі болып саналады.

Ми қыртысы өзінің атқаратын қызметіне байланысты:
Проекциялық алаңдар
Ассоциативтік алаңдар

Қоршаған ортамен өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Олар түрлі анализаторлардың қыртыстық ұшы болып есептеледі.
Проекциялық алаңдар

Сыртқы ортамен тікелей байланыспайды, бірақ олардың проекциялық алаңдармен және қыртыс асты орталықтарымен байланысы көп. Бұл алаңдар қарапайым әрекеттерді ойластырылған күрделі әрекеттерге айналдыруды жүзеге асырады және олардың (мыс. Көру, есту, түйсіну) әсерін сақтайды. Мұнда миға келіп жеткен мағлұматтар қорытылады.
Ассоциативтік алаңдар

Ми жарты шарларының әрқайсысы өзіне арналған бағытта алған күрделі әрекеттердің іске асырылуына ықпал жасайтындығын ескеру керек. Сол жақ жарты шар сөйлеу қабілеті мен ауызша ойлануды қамтамасыз етеді.
Оң жақ жарты шар сыртқы дүние әсерін бейнелеуге, көркем сурет және музыкалық қабілеттерге негіз болып табылады.

Импрессивтік сөйлеу.
Экспрессивтік сөйлеу. Қайталау.
Сырқаттан өзіне таныс заттарды көрсетіп, олардың атын атауды өтінеді.
Жазуын тексеру.
Оқуын тексеру.
Түйсінді тексеру.
Мақсатты іс-қимылдарды тексеру.
Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері

Ликвор ми және жұлындағы субарахнойдальды аймақтағы ликвор өткізгін жолындағы, ми қарыншаларында жүретін сұйықтық. Ағзадағы ликвор мөлшері - 200-400 мл. ОЖЖ-де ликвор айналысы 3 негізгі звеноны құрайды.
ликвор өндірілу
ликвор айналысы
ликвор ағуы
Ликвор туралы жалпы мағұлмат

Ликвор қозғалыс тербелу арқылы кезеңді түрде әр түрлі жылдамдықпен (тәулігіне 5-10 рет) жаңарып отырады, . Ол ағзадағы физиологиялық процестердің тербеліс күніне, онж-ға тәуліктік күш түсуіне байланысты. Мида ликвордың таралуы.
Әрбір бүйір қарыншада 15 мл ликвор болады; ІІІ, ІV қарыншада Сильвиев суөзегімен бірге 5 мл ликвор болады; церебральды субарахнойдальды аймақта - 25 мл; жұлында - 75 мл. Нәрестелер мен ересек балаларда - 40-60 мл, кіші балаларда 60-80 мл, ересек балларда - 80-100 мл.

Көптеген жұмыстардың авторлары жұлын сұйықтығының пайда болуы жылдам деген көзқарасты терістейді. Бұл гипотеза (жұлын сұйықтығы және бас сүйегінің сынуы кезінде ағуын бақылау, қарыншаны, тор кеңістігін дренаттау және тор асты кеңістігінен түрлі сұйықтың бөліну жылдамдығы ) соматикалық жағдайдың бұзылуына байланысты. Сұйықтықтың пайда болуын зерттеу үшін хронологиялық фистула ойлап шығарылды. Мұнда тор асты кеңістігінде бірнеше тәулік бойы ешбір қосарлы әсер етусіз сұйықтықты жүйелі түрде жинайды. Бұл сияқты хронологиялық тәсілдер сұйықтықтың біркелкі ағатынын немесе белгілі бір циклмен өте ұзақ уақыт ағатынын байқатады. Оның толық жаңаруы тәулігіне бір рет болады. Сұйықтықтың пайда болудың ұдайы көзі мидың тамырлар байламдары да, қатысушы тамыр қабықшасы болып табылады. Онда негізінен ірі артериялар мен қарыншалары жұлын заттарына толы түрде жүреді.
Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі

Ми-жұлын сұйықтығының атқаратын негізгі қызметтері:
Мидың жасушалары мен қан жасушаларының арасын байланыстырады.
Нейрондарға ми-жұлын сұйықтығы арқылы қоректік заттар түседі.
Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттардан тазартады.
Ми нейрондарын бір-бірімен гормондар, әртүрлі метоболиттер (адреналин, гистамин, серотонин) арқылы байланыстырады.
Ми-жұлын сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық.
Бас ми жұлын ауруларында оның түсі, қысымы өзгереді.

Адамдағы ликвор түзілу жылдамдығы
Кейбір авторлардың пікірінше ликвор 6-7 тәулік ішінде жаңарып отырады, басқалардың пікірінше 4 рет. Яғни, тәулігіне 800-900 мл өндіріледі. Weigeid пікірінше толық алмасу 3 күн ішінде болады. Бұл әртүрлі мәліметтердің болуы әртүрлі әдістермен зерттелудің әсерінен. Ликвордың өндірілуі әртүрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады: онж. жағдайына байланысты, физикалық және ойға күш түсуге байланысты

Ликвордың қасиеті мен құрамы
Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық яғни мамбальды ликвор - қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1. 006-1. 007, вентрикулярлы ликвор - 1, 002- 1, 004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1, 01-ден 1, 06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7, 4-7, 6. Ликвор организмнен тыс бөлме температурада ұзақ ұстаса ph жоғары Жұлынның субарахноидалдың қабатында сұйықтықтың t-37-37. 5 C.

Қалыпты ми-жұлын сұйықтық айналымының бұзылуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz