Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері


Slide 1

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Акедилова М. К.

Slide 2

Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай, дерттің «объективті» және «субъективті» ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады. Тәжірибелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ, медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік - мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып, кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім, мүгедектік, еңбекке қабілеттігінің төмендеуі) . Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауды маңызды роль атқарады.

Науқастың өз ауруына субъективті қатынасы аурудың ішкі бейнесі немесе дерттің ішкі бейнесі деп аталады.

Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері - аурудың ішкі бейнесі деп аталады.

Slide 3 Slide 4

Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Бірақ, науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді.

Slide 5

Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:

1. Жекеше - конституционалдық факторларға келесілер жатады:

-жынысы

-жасы

-мамандығы

2. Индивидуальді психологиялық факторлар:

-темперамент қасиеттері

-мінезінің ерекшеліктері

Slide 6

ЖЫНЫСЫ:Науқастың сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына жынысы әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Медицинада психологиялық қарым-қатынастың сүйек сынықтарында, яғни дене қозғалысы шектеуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады. Физикалық қозғалмау - адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.

Slide 7

ЖАС ШАМАСЫ: Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтпуға болады. Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет-әлпетіне, сымбатына пайда болған тыртықтар т. б жатады . Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды.

Slide 8

МАМАНДЫҒЫ: Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы, спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохандроз секілді дерттер ауыр тиеді.

Slide 9

ТЕМПЕРАМЕНТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Темперамент - индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритімінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхоликте, сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.

Slide 10

МІНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты. Отбасында баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді. Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден өткен адам болса, сол ауру ең ауыр дерт деп саналады.

Slide 11

Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

Slide 12 Slide 13

Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері:


Ұқсас жұмыстар
Ішкі ауру көрінісі және ауруға деген қарым - қатынас түрлері
АУРУДЫҢ ІШКІ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ АУРУҒА ДЕГЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Қарым - қатынас топтары
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Балалар анемиясының топтастырылуы
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Көркем мәтіндегі авторлық бейне
РЕНТГЕН ТҮТІГІ
Баладағы жүрек ақауларының белгілері
Механикалық ішек өтімсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz