Жай ұнтақтар технологиясы


Slide 1

Тақырыбы: «Жай және күрделі ұнтақтардың дайындалуы. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттары бар ұнтақтардың технологиясы. Тритурация. »

Slide 2

І. Кіріспе

Қазіргі таңда ҚР-да 7000-нан астам дәрілік препараттар тіркелген. Олардың әрқайсысының өзіне тән дәрілік форма (таблетка, драже, ұнтақ, пасталар және т. б. ) түрінде жасалынып, шығарылады.

Бүгінгі презентация материалында біз сол дәрілік форманың ұнтақ түріне тоқталамыз. Олардың жіктелеуі, Жай және күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясына, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамыз.

Slide 3

ІІ. Негізгі бөлім 1. Ұнтақтар дәрілік форма түрінде.

Slide 4

1. 1. Ұнтақтардың басқа дәрілік формалармен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері.

Ұнтақтардың ерекшелігі:

Дәрілік заттардың жоғары дәрежелі ұнтақталғыштығы.

Тасымалдауға қолайлылығы.

Сақтаған кезде тұрақтылылығы.

Ұнтақ құрамының универсалдығы.

Ұнтақтар технологиясының қарапайымдылығы.

Ұнтақтарды қабылдаудағы қолайлығы.

Slide 5

1. 1. Ұнтақтардың басқа дәрілік формалармен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері.

Ұнтақтардың кемшілігі:

Ұнтақ құрамындағы заттар ерітінділермен салыстырғанда өте жай әсер етеді.

Кейбір дәрілік түрлер ұнтақ түрінде кілегей қабықшаларға тітіркендіргіш әсер етеді.

Ащы, бояғыш және иісті заттарды қабылдау жағымсыз.

Ерітінділермен салыстырғанда дайындалуы қиын.

Slide 6

1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау

Slide 7

1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау

Дозаланбаған ұнтақтар бір әдіспен жазылады, яғни рецепте босатуға арналған заттардың салмақты мөлшері көрсетіледі.

Slide 8

1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау

Бөлінген әдіс- рецепте әр дәрілік заттың ұнтақтын бір дозасына есептелген мөлшерде жазылады. Осындай дозаланған қанша артық босату саны көрсетіледі: “Да tales doses” сөзі жазылады

Slide 9

1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау

Бөлінетін әдіс- рецептте дәрілік заттардың барлық ұнтақ санына керекті мөлшері жазылады және қаншаға дозаға бөлу саны көрсетіледі. “Divide in partes aеquales” “теңдей бөлікке бөл” деген сөз.

Slide 10

2. Жай және күрделі ұнтақтар.

Жай ұнтақтар технологиясы күрделі емес. Егер дәрілік зат жеткілікті мөлшерде майда дисперсті болса (крахмал, тальк, глюкоза), онда олар ауруға ұнтақталмаған күйде босатылады. Қалған барлық жағдайда дәрілік заттар ұнтақталады.

Slide 11

2. 1. Жай ұнтақтар технологиясы

Slide 12

2. 1. Жай ұнтақтар технологиясы

Жұмыс орнын дайындайды: 20, 0 қол таразы және 1, 0 қол таразы, келі-келсап, капсулаторка, өлшегіш тастар, қағаз капсула, балауыз капсуласы, спирт-эфир қоспасы, салфетка, мақта, дәке тампоны, қағаз қорап, негізгі этикетка және қосымша этикетка.

Slide 13

2. 1. Жай ұнтақтар дайындау технологиясы

Жұмыс орнын дайындап болғаннан кейін 6, 0 қол таразыны спирт-эфир қоспасымен сүртіп алып, онда 6, 0 глюкозаны өлшеп алып келіге саламыз, келсаптың көмегімен ұнтақтап, дәрілік заттың жақсы ұнтақталуын қамтамасыз ету үшін капсулаторка көмегімен келінің қабырғасынан қайта-қайта түсіре отырып ұнтақтаймыз. Ұнтақтап болған соң ұнтақталу дәрежесін тексереміз. Егер ұнтақ толығымен майдаланса, дозалаймыз. Ол үшін 1, 0 қол таразымен дайын болған ұнтақты 0, 5 №12 капсулаға мөлшерлейміз. Әр капсуланы орамдап, 3-5 жинақтап қағаз қорапқа салып, безендіреміз. Негізгі этикетка:”Ішке арналған” жасыл түсті, қосымша этикетка:”балалардан сақтаңыз”, ”салқын жерде сақтаңыз”

Slide 14

2. 2. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы

Күрделі ұнтақтар құрамына әртүрлі заттар әртүрлі қоспа ретінде және әртүрлі мөлшерде енгізілуі мүмкін. Әр уақытта күрделі ұнтақтың технологиясының жалпы ережесін сақтау қажет:

Slide 15

2. 2. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы

Slide 16

3. Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

Slide 17

3. Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

Сүт қантының бағалығы ол гигроскопиялық емес және оның тығыздығы 1, 52 тең. Ол алкалоид тұздарының және басқа улы немесе күшті әсер ететін заттардың тығыздығына жақын. Тритурация дайындау кезінде сүт қантымен улы затты өте майда бөлшекке дейін майдалау ұнтақтап, ұнтақ дайындаудың жалпы ережесі бойынша дайындайды . Тритурацияны қабатқа бөлініп кетпеу үшін кішкене штангласта сақтап және периодты түрде араластырып отырады. Улы заттарды провизор-технолог, ассистент қатысуымен келіге өлшеп салады. Келіні алдын ала сүт қантымен немесе ұнтақ құрамында көп мөлшерде жазылған басқа заттармен ысқылау керек.

Slide 18

3. Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

Технологиясы: Рецепте күрделі ұнтақ, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішке қолдануға арналған ұнтақ берілген. Келіге алдын-ала спирт- эфир қоспасымен сүртілген қол таразыда 2, 25 қантты өлшеп салып ұнтақтап, содан соң қантты келіде 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қосымша капсулаға төгеміз. Келіге 0, 2г папаверин гидрохлоридін салып ұнтақтаймыз, одан кейін провизор-технологтан 0, 25г атропин сульфатының 1:100 тритурациясын аламыз. Алдын-ала улы заттарды тіркеу журналында улы заттын қанша мөлшерде босатқан туралы және қанша мөлшерде фармацевт алғаны туралы көрсету керек. Босатқан және алған адамның қолы болу керек. Содан соң басқа дәрілік заттармен жақсылап араластырамыз және капсуладағы қантты бөлшектеп салып, біртекті ұнтақ болғанша араластырамыз. Дайын ұнтақтын біртектілігін тексереміз. 10 капсулаға 0, 27г дозалаймыз. Дозаланған ұнтақ капсуланы орап, 5-тен жинап қағаз қорапшаға саламыз. Содан кейін безендіреміз: негізгі этикетка ішуге арналған жасыл түсті, қосымша этикетка «Абайлап қолданыңыз». Содан соң қағаз қорапшаны ақ жіппен байлап, байламның ұшын сүргілейміз. Рецепті дәріханада қалдырамыз. Ауруға рецептін көшірмесін (сигнатурасын) береміз. Улы заттар дәріханада сандық және сапалық тіркеуде тұрады.

Slide 19

4. Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау

Бояғыш заттарға: бриллиант жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактат, рибофлавин, индигокармин, акрихин, рутин және т. б. жатады. Бояғыш заттар тығындалған ыдыстарда сақталады. Бояғыш заттармен жұмыс істеу үшін әр бояғыш затқа жеке таразы, келі- келсап, басқада керекті заттар бөлек болу керек. Оларға жұмыс орны бөлек болу керек.

Slide 20

4. Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау


Ұқсас жұмыстар
Ұнтақтар технологиясының сатылары
Өте ұсақ ұнтақтарды дуст дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Ұнтақтарға жалпы сипаттама
Өте ұсақ ұнтақтар. Дуст жасау техналогиясы
Ұнтақты қалыптаудың мақсаты
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама туралы
Суппозиториилерге арналған негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz