Шағын кәсіпкерлікті дамыту: мемлекеттік қолдау механизмдері мен негіздері


Slide 1

Шағын кәсіпкерлік: мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен негіздері

Slide 2

Ешқандай монополистік бірлестікке

кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған

жиынтық атауы.

Жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны

ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 60 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз.

Шағын кәсіпкерлік

Slide 3

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Шағын бизнестің дамуы ел экономикасының дамуы.

Slide 4

Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

- салық салу базасын жетілдіру;

- салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;

- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

- шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

Slide 5

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік- экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.

Өтпелі экономикада шағын кәсіпкерлік пен бизнестің біртіндеп қалыптасуы - заңды құбылыс. Мемлекет тарапынан жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді уақыттың өзі түзеп отыратыны да белгілі. Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді бөлігінің - шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.

Slide 6

Шағын бизнестің негізгі мақсаты - халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру - экономикалық шаралар жасалды.

.

Slide 7

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі. Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді

Slide 8

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері:

жобалық қаржыландыру;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту;

шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру;

қаржы лизингін дамыту;

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және даму: заңнама мен инфрақұрылым
Шет елдердегі кәсіпкерлікті дамыту: АҚШ тәжірибесі мен шағын бизнесті қолдау саясаты
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау: шағын кәсіпорындардың проблемалары мен шешу жолдары
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: заңдық негіздері мен мемлекеттік бағдарламалар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: нормативтік-құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры және Бизнес жол картасы 2025
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қамтамасыз ету: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры және қаржылық құралдар
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеудің мақсаттары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz