Өндірістік бөлмелердегі микроклимат: параметрлер, нормалар және еңбек қауіпсіздігі


Slide 1

Тақырып: Өндірістік бөлмелердегі микроклимат.

Slide 2

Кіріспе

Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.

Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайтемпературамен, ылғалдылықпен, қысыммен, қозғы алысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін.

Slide 3

Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.

Slide 4

Жұмыс орнындағы микроклимат

Slide 5

Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) - адам ағзасыныц жылу алмасуына әсер ететін шектелген кеңістіктегі физикалық факторлардың кешені.

Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12. 1. 005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы

- температура

- салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен

қоршаушы беттердің температурасы

(жылулық сәулеленулер) .

Slide 6 Slide 7

Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады.

Slide 8

Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы организмнің термореттеуінің басты факторы болып табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы кезінде адам 50 г/сағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс кезінде ол сан 200-250 г/сағ дейін жетеді.

Slide 9

«Ыстық» цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 % дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен. Сондықтан «ыстық» цехтарда қызмет ететін жұмыскерлерге газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады.

Slide 10

Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек. Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді, осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды, шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен температурасы кезінде дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін арттырады.

Slide 11 Slide 12

Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды нормалары

Slide 13

Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары

Slide 14

Өндірістік микроклимат адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына, жылу жағдайына әсер ететін физикалық факторлар (температура, ылғалдылық, кешенімен сипатталады. Ол, іс жүзінде, организмнің барлық жүйелеріне әсер етеді.

Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты

1. микроклимат қалыпты,

2. салқындатушы және

3. қыздырушы болып бөлінеді

Slide 15

Салқындатушы микроклимат - оның факторларының қоршаған ортаға жылу беру (Qсум) организмдегі жылу түзілуінен (Qм) асып түсетін, организмде жұмыс ауысым барысында 2Вт-тан аса жалпы немесе жергілікті жылу тапшылығына әкелетін жағдайы.


Ұқсас жұмыстар
Өндірістік микроклимат: адам ағзасына әсері мен еңбек жағдайларын микроклимат көрсеткіштері бойынша жіктеу
Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария: қауіпті факторлар, микроклимат және жобалау талаптары
Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта: қауіпті факторлар мен еңбек жағдайларын басқару
Өндірістік микроклимат: адам ағзасына әсері, терморегуляция және микроклимат нормалары
Тіршілік қауіпсіздігін басқару: қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, жеке қорғану құралдары және еңбек қауіпсіздігі талаптары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: түрлері, әсері және еңбек қауіпсіздігі
Өндірістік ортадағы еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс орнын қорғаудың қазіргі мәселелері
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нұсқаулығын әзірлеу, өндірістік жазатайым оқиғаларды тіркеу және жұмыс орнындағы микроклиматты бағалау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: нұсқаулықтар, өндірістік жазатайым оқиғаларды тіркеу және жұмыс орнындағы микроклиматты бағалау
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау: ҚР еңбек қауіпсіздігі заңнамасы мен Еңбек кодексіне кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz