Көшбасшының қасиеттері


Slide 1

Мейірбике ісіндегі менеджмент

Тақырыбы:Көшбасшылық

Орындаған: Серікбай М. Б

Тобы:МСД3-21-1к, 3курс

Қабылдаған:Сугурбаева Л. К

Алматы, 2023ж

Slide 2

1. Көшбасшылық - басқарушылық қызметтің маңызды жағы.

2. Көшбасшылық - бұл адамның адамдарды олардың мінездерін, қабілеттерін және ұмтылыстарын ескере отырып басқару қабілеті. Туғанынан көшбасшы болады, сондай-ақ көшбасшы әлеуетін дамытуға және жетілдіруге де болады.

3. Мейіргер ісінде менеджер алдында әрдайым «Не маңыздырақ: іс пе әлде адамдар ма?» деген дилемма тұрады.

4. Ұйымдағы көшбасшы басқару стилін өзі таңдайды, бірақ ол жұмыс тобында қалыптасқан жағдаятқа сәйкес болуы керек.

5. Мейіргер ісіндегі нашар және жақсы басқарушы арасындағы айырмашылық: біріншісі басқаруға, екіншісі адамдарды артынан ертуге тырысады. Екіншісіне қиындау болады, бірақ егер де ұжым өз көшбасшысына сенетін болса, онда мұндай ұжым ешқандай қиындықтан да, дағдарыстан да қорықпайды.

Slide 3

Көшбасшының қасиеттері

Қазіргі мейіргер ісі менеджментіндегі көшбасшының тұлғалық қасиеттері бас медбикенің кәсіптік қызметінде зор маңызға ие. Әр ұжымда пікіріне құлақ асатын және айналасындағыларға ықпал ететін адам болады.

Көшбасшы әріптестеріне, негізінен, екі әлеуметтік-психологиялық арна бойынша ықпал етеді:

бедел (ұжым мүшелері көшбасшының беделін оның жағдайына, тәжірибесіне, шеберлігіне, біліміне және т. с. с. қасиеттеріне қарай мойындайды) .

харизма - мұнда, көшбасшының сүйкімділігі, адамшылығы, әдептілігі, адамгершілігі, адамдарды тарта алу қабілеті маңызды.

Slide 4

Төрт компонентті қамтитын жалпы қабылданған ұйымдағы көшбасшы үлгісі бар

«Арамыздан біреу». Яғни мұндай көшбасшының өмір салты осы қоғамның кез келген мүшесінің өмір салтымен ұқсас.

«Арамыздан ең жақсы». Көшбасшы бүкіл ұжым үшін адам және кәсіпқой ретінде үлгі. Оның жүріс-тұрысына еліктейді.

«Ізгілердің бейнесі». Мұндай көшбасшы жалпы адами мораль нормаларын иеленуші болып табылады деп есептеледі. Көшбасшы ұжымның құндылықтарына ортақтасады.

«Біздің күткенімізді ақтау». Ұжым көшбасшының әрекеттері ауысатын жағдайға қарамастан тұрақты болады деп сенеді. Мұндай көшбасшы әрдайым сөзіне және жалпы курсқа адал деп есептеледі.

Slide 5

МЕЙІРГЕРЛІК І С Т Е КӨШ Б А С Ш Ы Л Ы Қ

Мейіргерлік жетекшілік-денсаулық сақтау саласында, олардың рөлі мен міндеттерін көрсетудің жаңа тəсілі. Мейіргерлер жəне басқа да медициналық қызметкерлер - мейіргерлік істегі реформаны жүзеге асырушылар.

Slide 6

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:

емделушінің күтімін ұйымдастырушы;

емделушінің күтімін орындаушы;

емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат) ;

педагог (консультант) ;

зерттеуші;

лидер (көшбасшы) ;

медициналық бригаданың белсенді мүшесі

Slide 7

Мейіргердің талапты мақсаттары. Ол:

Кəсіби шеберлік - жақсы маман болу;

Денсаулық -адаптация арқылы жететін қоршаған ортамен динамикалық адамдар гармониясы;

Тəуелсіздік жəне меншік.

Ықыласқа ие болу дербестігі.

Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері

Slide 8

МЕЙІРГЕРЛІК ІСТЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Мейіргердің мықты позициясы мен рөлінің болуы;

Қазақстанда Денсаулық сақтау саласындағы мейіргер ісін басқаруда жаңашылықты жүзеге асыру;

Медициналық ұйымдардың заманауи көшбасшылық құзыреттерінің болуы;

Денсаулық сақтау жəне білім беру саласындағы жəне мейіргерлік практика.

Slide 9

КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ АЛТЫ САЛАСЫНА БІРІКТІРІЛДІ:

Бағытты анықтау

Қызметтерді басқару жəне нəтижелерге қол жеткізу

Жетекші адамдар мен командалар деңгейін арттыру

Бірлескен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру

Өзіндік көшбасшылық, сондай-ақ командада жұмыс істеу

Slide 10

Стратегиялық менеджерлер

(Бас мейіргердің орынбасары: магистр)

барлық бөлімдер мен бөлімшелердегі мейіргелердің жұмысына жауап береді;

ұйымның стратегиялық мақсаттарын белгілейді;

орта буын менеджерлерін бақылайды жəне қолдайды;

ұйымның жалпы тиімділігін баса көрсетеді;

ұйым мен сыртқы ортада өзара басшылыққа ие.

Slide 11

Қорытынды

Корытындылай келе мейіргерлік істе көшбасшылық Қазақстанның Денсаулық сақтау саласындағы мейіргер ісін басқаруда жаңашылықты жүзеге асыру маңызды. Мейіргер көшбасшы болу үшін мықты позиция мен кəсіби шеберлігі айқын болуы шарт.


Ұқсас жұмыстар
Көшбасшының жеке тұлғалық қасиеттерінің теориясы
Дәрігердің беделділігінің маңызды критериі - көшбасшы тұлғаның үкімділігі емес, медициналық ұжымның жұмысын жолға қоя білу қабілеті
Көшбасшы ұғымы, көшбасшының белгілері мен қасиеттері
Демократиялық көшбасшылар топ
Лидердің түрлері
Көшбасшылық басқару стильдері
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық
Басшы тұлғасы ұйымды басқару субъектісі ретінде
САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Саяси көшбасшының тұлғалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz