Досыңа адал бол


Slide 1

«Дос болайық бәріміз»

Жүректен жүрекке: Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді. -Досыңа адал бол! -Татулық тілеймін! -Досыңа кек сақтама! -Кешірімді бол! -Достық тілеймін!

Slide 2

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 2. Досың бар ма? Ол кім? 3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 4. Достық жасқа байланысты ма? 5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 8. Дос қандай болу керек?

Slide 3

1. Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты . . . - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

Slide 4

3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді . . . Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты . . . - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» - деп, жалғыз сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

Slide 5

-Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. 5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?

Slide 6

«РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • «ДОСТАСТЫҚ» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

« Ренжістік, достастық » ойыны

Slide 7

1. «Кемшіліксіз . . . іздеген адам . . . қалады». 2. «Дұшпан . . . айтады, дос . . . айтады». 3. «Жаңылмайтын . . . жоқ, сүрінбейтін тұяқ . . . ». 4. « . . . жаңасы жақсы, . . . көнесі жақсы». 5. « . . . теңгең болғанша, жүз . . . болсын». 6. «Досы көппен . . . , Досы жоқпен . . . ». 7. «Досы . . . , өзі де жақсы». 8. «. . басқа қарайды, . . . аяққа қарайды». 9. «Ақылсыз . . . , ақылды дұшпан . . . ». 10. «Досың мың болса да - . . . , . . . біреу болса да - көп».

Мақалды жалғастыр . . .

Slide 8

«Хат қоржын» (хаттарға жауап) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым . . . Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
ДОС
Жақсы дос
Адамгершілік­асыл қасиет
Адамның жақсы істері
Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай
ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МАХАББАТ
Шешендік сөздер
Жаманды ханның уәзір етіп алуы
Шешендік сөздер. Жәнібек пен Жиренше
Шешендік сөздер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz