Химфарм компаниясының кәсіпкерлік қызметі
Презентация қосу
Химфарм
компаниясының
кәсіпкерлік қызметі
ОРЫНДАҒАН: ХАМИДУЛЛИН К.А НИЗ-19-1К
ТЕКСЕРГЕН: БИДАЙШИЕВА А.Б
Химфарм компаниясына
қысқаша шолу
Шымкент қаласындағы химия-фармацевтикалық зауыт – 1882 жылы Иванов пен
Савинков көпестері ашқан әлемдегі ең алғашқы фармацевтикалық кәсіпорындарының
бірі. Ең алғаш шығарылған өнім - сантонин. Кеңес дәуірі кезінде зауыт елдегі ең
маңызды фармацевтикалық кәсіпорынға айналып, аты «Ф.Э. Дзержинский ат. №1
химия-фармацевтикалық зауыты» болып өзгереді. Көптеген жылдар бойы зауыт тек
қана фармацевтикалық шикізат шығаруға мамандандырылып келді. Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін компанияның басшылығымен «ХимфармАҚ» базасында
халықаралық стандартқа сай келетін SANTO сауда маркасымен дайын дәрілік
препараттарды шығаратын ірі заманауи бағдарламаны қолға алды. Республикадағы
дайын дәрілік өнімдерді өндіретін жалғыз химия-фармацевтикалық зауыт болып
саналатын аталмыш кәсіпорында өнімнің 200 түрі шығарылады. Компанияның
республика бойынша 150-ден аса медициналық өкілдері бар. 2011 жылы Polpharma
еуропалық фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ-ның мажоритарлық
акционеріне айналды. 2011 жылы жұмсақ дәрілік препараттарды өндіруге GMP
сертификатын иемденді.
Химфарм компаниясы
«ХИМФАРМ» – ұлттық
фармацевтиканың көшбастаушысы
Фармацевтика нарығы әлемдік экономиканың ең табысты әрі жылдам дамитын секторының бірі
болып табылады.Сондай-ақ, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының, сондай-ақ, тұрғындардың
әл-ауқатының басты көрсеткіші болып табылады. Бұған қоса, фармацевтика өндірісін дамыту мемлекет
экономикасының жоғары инновациялық дамуының жетістігі екендігі де даусыз.
Қазақстанның фармацевтика саласының бүгінгі ахуалы шыны керек, күрделі жағдайда. Мұны осы сала ма
мандары отандық дәрі-дәрмек өндірушілердің жалпы елімізде қолданылатын дәрілердің тек 15 пайызын
төл өніммен қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді. Ал мамандардың пікірінше, жалпы мемлекеттің ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық дәрі-дәрмектердің үлесі кем дегенде 30 пайызды құрауы қажет.
Дегенмен, импорттық дәрі-дәрмектердің жеткізілуі есебінен елімізде фармацевтикалық өнім нарығы
анағұрлым серпінді дамуда.
Шетелдерден жеткізілген импорттық дәрі-дәрмектерді қаптаумен айналысатын, сондай-ақ, толық циклде
жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды қоса алғанда, қазіргі күні Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірумен
айналысатын 79 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындардың кейбір өндіріс бөлімдері халықаралық стандарт
бойынша жұмыс жасайды. Олардың тек бірнешеуі ғана GMP стандартына сәйкес келеді. Кейбір өндіріс
орындары ISO сертификаты бойынша жұмыс істеуге көшкен және олар осы заманғы құрал-жабдықтармен
жарақтандырылған. Отандық фармацевтика саласындағы осындай іргелі кәсіпорындардың көшбастаушысы
ретінде Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ айтуға болады. Жасыратыны жоқ, еліміздегі бірден-бір дәрі-
дәрмек өндіретін дәл осы зауытты Еуропа елдеріне өте танымал компаниялардың бірі «Польфарм» компа
ниясы басшылыққа алғалы бері отандық дәрі-дәрмек өндірудің көлемі де, сапасы да анағұрлым арта түсті.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Қарағанды фармацевтика кешенін басқаруға алған инвестор Ресейдің
«Фармстандарт» компаниясы мұндағы өндіріске небәрі 15 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция
салса, «Химфарм» АҚ қолға алғалы бері поляк ағайындар өндірісті ілгерілету мақсатында 100 миллион АҚШ
доллары көлемінде инвестиция салып, елімізде отандық дәрі-дәрмек өндіруді барынша жолға қойды.
Сөйтіп, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге де, табысқа да қол жетті.
Химфарм компаниясы туралы
қосымша мәліметтер
Химфарм компаниясының
негізгі атқаратын қызметтері
«Химфарм» компаниясы жыл сайын 1 миллиард таблетка, капсула және гранул,
сондай-ақ, 300 миллион ампул, 24 миллион антибиотик құтысы мен инфузиялық
ертінділердің 4 миллион орамасы мен емдік шарбаттардың 20 миллион құтысын
өндіреді. Бұған қоса, компанияда медицинаның терапия саласына қажетті алуан
түрлі ауруларды емдеуге арналған 12 фармотерапиялық топқа жататын 200-ден
астам дженриктік және түпнұсқалық препараттар шығарылады. Сондай-ақ, зауыт
қазіргі күні Шымкент қаласында тұратын 1200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен
қамтып отыр. Зауытқа Италия тәрізді дамыған елдерден фармацевтика саласына
қажетті осы заманғы озық технологиялар жеткізіліп, қолданысқа берілді. Ал 2013
жылы фармацевтикалық өндірісті жаңғырту мен GMP стандарттарын енгізу
жөніндегі инвестициялық жоба шеңберінде Santo Member of Polpharma Group
фармацевтикалық компаниясы осында салынған көп көлемдегі инвестицияның
нәтижесінде зауыттың жаңа-ампула инфузиялық цехында кең ауқымды өндірісті
іске қосудың соңғы кезеңі – жабдықтарды біліктілік пен валидациядан өткізу
процесін жүзеге асырды. Осылайша, қысқа мерзім ішінде қайтадан жаңартылған
Шымкент химфарм зауыты Қазақстанның ұлттық химия-фармацевтика өндірісінің
көшбасшысына айналды. Заман талабына іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент
химфарм зауытының «Santo» халықаралық сауда белгісімен өндірілетін дәрі-
дәрмектері бүгінгі күні Ресей, Қырғызстан,Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолия
секілді бес елдің нарығына экспортталады.
Химфарм компаниясының
мақсаты
Химфарм компаниясының алда тұрған басты мақсатының бірі де бірегейі, ол –
«Химфарм» зауытының өнімін Еуропа нарығына шығару. Өйткені, компания
өндіретін дәрі-дәрмектерге Еуропа елдерінде сұраныс көп. Мұның себебі,
компания өнімінің ең басты ерекшелігі, мұнда шығарылатын дәрі-дәрмектер
мен алуан түрлі препараттар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және
олар ең таза өнім болып саналады. Қазіргі күні мұнда отыздан астам дәрі-
дәрмек түрлері шығарылса, алдағы уақытта өнім көлемін тоқсаннан асыру
жоспарланып отыр. Әлемдік фармацевтика саласында халықаралық беделге
ие «Польфарм» АҚ-тың өткен жылы бір жыл ішінде Орталық және Шығыс
Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия елдері нарығына дәрі-дәрмек тарату арқылы
600 миллион АҚШ доллары көлемінде таза пайда табуға қол жеткізгенін
ескерсек, онда алдағы жылдарда Шымкент химфарм зауыты өнімдерінің де
әлем елдерінің сұранысына ие болатыны ақиқат. Себебі, SANTO компаниясы
әлемдік фармацевтика нарығындағы ең мықты компаниялардың бірі екені
даусыз. Сондықтан оның Қазақстан нарығындағы және Еуразиялық
Экономикалық Одаққа қатысушы елдер аумағындағы орнын нығайту үшін
бүкіл күш-жігерімді жұмсалануда.
Химфарм компаниясының
кәсіпкерлік қызметі
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек үлесі жалпы көлемінің үштен
бірден астамын «Химфарм» АҚ өндіріліп, жеткізіледі. Сонымен қатар медицина саласындағы кәсіпорындардың ақпараттық және
технологиялық қызметі және олардың жұмыс сапасын анақтайтын IMS HeaIth компаниясының зерттеуі бойынша фармацевтика
нарығында 4,7 пайыздық үлесі бар SANTO компаниясы 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның фармацевтика
нарығында көшбасшы болды. Осы уақыт аралығында біздің компанияның жалпы сауда көлемі – 15,7 млрд теңгені, бөлшек сауда
бойынша – 7,8 млрд теңгені құрап отыр. Бұған қоса, біздің зауыт заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталумен қатар
өнім өндіру қуаты да жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, «Химфарм» АҚ соңғы жылдардың өзінде 1,5 млрд теңгенің дәрі-
дәрмегін бірқатар шетелдерге экспорттады. Жалпы біздің зауыттың қазіргі қуаты жылына – 1,2 млрд дәрі-дәрмек, 294 млн
ампула, 6 млн инфузияларды, 40 млн құты антибиотик, 26 млн құты шырын өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 44 түрлі қатты
дәрі, 46 түрлі иннекциялық сұйықтық, 26 млн құты шырын және басқа дәрі-дәрмектерді өндіруге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі күні
біздің компания Қазақстанның фармацевтика тарихында ірі инвестициялық бағдарламаны одан әрі жүзеге асыруда. Қазіргі күні
зауыттың өндірістік бөлімдері, мен қоймалары мен зертханаларын модернизациялау бағытындағы ауқымды іс-шаралар жүзеге
асырылуда. Бұл істі жүзеге асыру үшін 100 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр.Осыдан екі жыл бұрын
біздің компания Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің халықаралық өндірістік тәжірибеге сәйкес
(GMP) сертификаты берілді. «Химфарм» АҚ барлық өндірістік бөлімшелері осы сертификат бойынша жұмыс жасауда. Бұған қоса,
SANTO Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына да орасан зор үлес қосып келеді. Мысалы, біздің зауытта өндірілген
жоғары сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмектер денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетуге
мүмкіндік беріп отыр. Бұған Polpharma тобының Қазақстан фармацевтикасын дамытуға қосқан инвестициялары нәтижесінде қол
жетуде, – дейді «Химфарм» АҚ Бас директоры Ижи Урбанец.
Қорыта айтқанда, халықаралық SANTO сауда белгісімен дәрі-дәрмек өндіретін «Химфарм» АҚ ұжымы алдағы уақытта ұлттық
фармацевтиканы барынша дамыта отырып, заман талабына сай жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді шығарып, қазақстандық өнімді
Еуропа елдеріне шығаруды жоспарлап отыр. Зауытта жүзеге асырылып жатқан іргелі де өркенді істер мұның нақты дәлелі екені
даусыз.
Шымкентте антибиотик ұнтақтарын
асептикалық жолмен бөліп салу цехі
Назарларыңыз
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz