Мәтіннен мағыналары жақын сөздерді тауып жаз



ЕКІ ДОС
Елтай мен Ануарбек бірінші сыныпта оқиды.
Екеуі келе жатқан жолдың үстінде нанның бөлігі жатты. Елтай назар аудармастан өтіп кетті. Манарбек тоқтап, жерден нанды алды.
Оны қайтесің? - деп сұрады Алтай
Нанды басуға, жерге тастауға болмайды. Обал болады.
Оны саған кім айтты?
Әжем айтты.
«Обал» деген не? - деді Елтай.
Оны әжеңнен сұра.
Әжем алыста, ауылда тұрады, - деп Елтай жауап қатпай үнсіз қозғалды.

Тапсырмалар
Мәтіннен сан есімді тауып жаз.
Ол қандай сан есім?
2. Төмендегі есептік сан есімдерді реттік
сан есімдерге айналдырып жаз.
3. Мәтіннен мағыналары қарама - қарсы сөздерді тап.
4. «Обал» сөзінің мағынасын көшіріп жаз.
«Обал» ұғымы жақсы нәрсенің қадірін білу, оны тастамау, түбінде оның зарын тарту дегенді білдіреді.

АЛМА
Ауыл шетінде бір қария тұратын. Оның алма бағы бар еді.
Думан мен Дастан көше бойымен келе жатып, бақ жанына аялдайды.
Осы кезде Дастан екі - үш алманы жұлып алды да, бір - бір тістеп лақтырды.
Сосын:
Туу, қандай қышқыл еді! - деді тыжырынып.
Думан досына қарап:
Сұрамай алған жемістің дәмі, тәтті болмайды. Әбден піскенде атай алмасын өзі де беретін едіғой - деді ренжіп.
Дастан дұрыс емес әрекет жасап алғанына қатты қынжылды.

Тапсырмалар
Мәтіннен мағыналары жақын сөздерді тауып жаз.
2. Мәтіннен лепті сөйлемді тауып, көшіріп жаз.
3. Мына сөздер кестедегі қай топқа
тиісті екенін тап және оларды кестеге орналастыр.
Ауыл, қария, бір, дәмді, аялдады,
қышқыл, алма, екі - үш, қынжылды.
Заттың аты
Заттың сыны
Заттың саны
Қимылдық атау

НАУРЫЗ
Наурыз - шығыс халықтарының Жаңа жыл мерекесі болып есептеледі. Бұл кезде күн ұзарып, түн қысқарады.
Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен әзірлейді. Сүт, айран, қатық, қысқы соғым ет, бидай, тары, күріштен пісіреді. Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады. Мерекеде тал егіп, арықтарды тазалайды. Бір - біріне сыйлық береді.

Тапсырмалар
Наурыз көжеге керекті заттарды жаз.
Мәтіннен мағыналары қарама - қарсы сөздерді тауып жаз.
Берілген сын есімдерге қандай сөз сай келеді?

КЕЗЕКШІЛЕР
Бүгін Асқар мен Сара сыныпта кезекшілер еді. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен терезені ашты. Үстелдерді реттеп қойды. Сара парталардың үстін дымқыл шүберекпен сүртті. Асқар тақтаны сулы шүберекпен сүртті. Түрлі түсті борларды дайындап қойды. Балалар өз міндеттерін ұқыпты орындады.

Тапсырмалар
Мәтіннен жекеше түрдегі зат есімдер мен көпше түрдегі зат есімдерді тауып жаз.
Жекеше зат есімдер:
Көпше зат есімдер:
- Берілген сөзде неше әріп, неше дыбыс неше буын бар?
Кезекші
Әріп:
Дыбыс:
Буын:
Сөздерді сәйкестендір.
Терезені
сүртті
Партаны
дайындады
Тақтаны
ашты
Бор
сүртті
Дауыссыз дыбыстарды боя.
Дауыссыз дыбыстарды боя

БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗ
Менің отбасым үлкен. Біздің үйде атам, әжем, анам, әкем, ағам бар. Атам мен әжем - зейнеткер. Әкем ұшқыш. Анам - дәрігер. Ағам - оұушы: мен де оқушымын. Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Тапсырмалар
Өз отбасыңның мүшелерін атап жаз.
2. Үлгі бойынша сөздерді өзгертіп жаз.
Ата - аталар
Әже -
Әке -
Ана -
Аға -
Зейнеткер -
Ұшқыш -
Дәрігер -
Оқушылар -
Кестені толтыр.
Сөздер
Түбір
Қосымша
Зейнеткер
Ұшқыш
Дәрігер
Оқушы

ҚАЛАМ
Самат тиянақты бала. Ол күнделікті сабағын мұқият орындап, оұу құралдарын түгендеп отырады.
Бірде Саман шкаф тартпасынан бірден үш қалам алып, сөмкесіне салып қойды. Мұны байқаған әпкесі:
Саған бір қалам жетпей ме? Үшеуін бірден қайтесің? - деді.
Біздің сыныпта кейбір балалар қаламдарын үйлеріне қалдырып кетеді. Солардың біреуіне керегі болар, - деді Самат.
Бауырының қамқорлығына риза болған әпкесі:
Ола болса, қаламдарды алып бара ғой, - деді.

Тапсырмалар
Самат қандай бала?
2. «Қамқорлық» сөзіне мағынасы жақын сөз тауып жаз.
3. Заттың санын білдіретін сөздер бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Олардың астын сыз.
4. Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

ҚУ ТҮЛКІ
Түлкі орманда, інде тұрады. Түлкі інін терең етіп қазады. Іннің іші таза, жылы, кіріп шығатын жері көп. Түлкінің тісі өткір, терісі қалың, құйрығы ұзын, үлпілдеп тұрады. Түлкі өте сақ жүреді. Егер түлкі тышқанды, қоянды, қарғаны көрсе, бұға қалып, ақырын жылжып келеді. Түлкі өте қу!

Тапсырмалар
Мәтіннен заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жаз.
2. Төмендегі сөздерге мағыналары қарама - қарсы сөздерді тауып жаз.
Таза -
Жылы -
Көп -
Қалың -
Ұзын -
Ақырын -
Берілген зат есімге қатысты бірнеше сын есім және заттың қимылын білдіретін сөздер (етістік) тауып жаз. .

Балапан мен мысық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz