Жеке тұлғалардың меншігі




Презентация қосу
МЕНШІК ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК
ЭКОНОМИКА
Жоспар:
• 1.Меншік туралы түсінік
• 2.Меншіктің нысандары
• 3.Жеке меншік және мемлекеттік меншік
ұғымдары
• 4. Әлеуметтік экономика
Меншік — жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдықтары мен
өнімдер және қаражат.
Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты
құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу
құқығы.
• Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен
берілген мүмкіндігі.
• Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату
мүмкіндігі.
• Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.
Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік,
ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын
орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке
меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды.
• Меншік нысандары:
• 1.Мемлекеттік
Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына
мемлекеттің иелік етуі.

Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары,
кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы
орта оқу орындар, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай
мүліктер.
Мемлекеттік меншіктер:
1.Республикалық меншік : үкіметтік ғимараттар , жолдар , ұлттық
мұражайлар , кітапханалар
2.Коммуналдыық меншік : облыстарға және қалалық әкімшілік – аумақтар
жатады.
Жеке меншік
Жеке меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады.

Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға,
жұмыс күшіне, т.б. активтерге иелік ету.
Жеке меншіктер:
1. Заңды тұлғалардың меншігі
2. Жеке тұлғалардың меншігі
Заңды тұлғалардың меншігі фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу
шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді.
Жеке тұлғалардың меншігі – көлік , үй т.б. заттар
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ
МАҚСАТЫ:

1.МЕМЛЕКЕТТІК
ҮСТЕМДІКТІ ЖОЮ;

2.ЖЕКЕ МЕНШІК
ТОПТАРЫН ҚҰРУ,
БӘСЕКЕЛЕСТІК
ОРТАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ;

3.ШЕТЕЛ
ИНВЕСТОРЛАРЫН
ТАРТУ;

4.КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ.
Әлеуметтік экономика дегеніміз-саясат негізінде, мықты бәсеке, еркін кәсіпкерлік
және меншіктің көп түрлілігіне негізделген халықтың қажетті өмір сүру деңгейін
халықты әлеуметтік қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ететін әлеуметтік экономикалық
қатар жүйесі. Демек, әлеуметтік экономика дамыған мемлекеттерде әрекет етеді.

Әлеуметтік экономиканың негізгі мақсаты - адамның еркін дамуын, азаматтың және
жалпы ел тұрғындарының сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізделеді.
Мұндай мақсатқа жету құралы болып ғылым мен техниканың және адами
факторлардың бүкіл әлемдік қолдану кезінде серпінді дамыған экономика болып
табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Ортақ меншік туралы
Жеке кәсіпкерлік
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Меншік құқығының ұғымы және түрлері
Мүлік салығы
Жеке кәсіпкерлік ұғымы
Пәндер