БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА - АНАНЫҢ РӨЛІ




Презентация қосу
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ
АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

ОРЫНДАҒАН: 1-топ
Әр адамның түсінігі бойынша
«Адам

Бақыт ұрпағымен
мың жасайды»

Мансап пен Даңқ пен атақ
Байлық
қызмет

Бала
Мақсаты:

Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің
психологиялық ерекшеліктері, бала
тәрбиесіндегі отбасы қарым-қатынасының рөлі,
ата-ана ескертуге тиісті жағдайлар жөнінде
түсінік беру арқылы ата-аналардың
психологиялық біліктілігін арттыру, мектеп пен
отбасы арасындағы байланысты нығайту.
Отбасы- шағын мемлекет
“Отбасы –шағын мемлекет
Мен-президент, сен-премьер...”
Отбасы- ол да бір шағын Қ.Аманжолов
мемлекет.Әр мемлекеттің
өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты,
басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі,
кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын
рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады.
Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы
құрамындағыларға байланысты.Сондықтан отбасы
құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған,
отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға,
мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына
тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен,
үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамыйды:
адамгершілік

бауырмалдық «Әкеге қарап ұл өсер,
шешеге қарап қыз өсер»
татулық

қайырымдылық

әдептілік

инабаттылық
Балаға теріс әсер етеді

Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің сыртынан өсек айтуы
балалардың көзінше арақ ішу,
үсті-үстіне темекі тарту т.б.
«Балаңда өсер,
көкейіңді тесер»
Танысу жаттығуы.

Ата –аналар шеңбер бойымен тұрып,бір ата- ана есімін
алға адымдап атайды, келесі ата ана сол аталған есімді
қайталап өзінің есімін айтып арғарай солай жалғасады.

Топқа бөлу.

Ата-аналар тақтада жапсырылып тұрған жүрекшелерді
таңдап алады.Қызыл гүлдер – 1-ші топ.Көк гүлдер – 2-ші
топ.Жасыл гүлдер – 3-ші топ
І топ Бала тәрбиесіндегі басты тұлға-
әке мен шеше
«Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін
үй шаруасынан қол тимейді, баламен
сөйлесуге уақыт жоқ»

ӘКЕ мен
ШЕШЕ
ІІ Топ:Үш байланыс Тек қана ата-аналармен бірге,
жалпы күш-жігерді біріктіру
арқасында мұғалімдер балаларға
үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»
В.А.Сухомлинский
ІІІ Топ: Ата аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлері

Ата
аналармен
жұмыс
Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар

1-ші топ. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс –әрекетіне көңілі толмай
«сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»деп айтып жататынын
байқаймыз.бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

2-ші топ. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы
қиындап кеткен соң, өздерін қадағалаңдар деп әкеп тастады. Балаңыз
тәрбиеңізге еш көнер емес.Не істейсіз?

3-ші топ. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитын оқушылардың
барлығында ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ.Күнде әпер деп
мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
Ата-анаға ұсыныс:
1. Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-
ана тығыз байланыста болуы қажет.
2. Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның
білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет,
баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес
беру.
3. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау,
бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп
отыру.
4. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде
болуы керек.
5. Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет,
журнал, теледидар
Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп,
дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз,
орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік
беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз
(бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей
алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте
және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат
табуды үйренеді.
Ой толғанысы ...
1. Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды
Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі
Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады
2. Балаға сенім артса , ол батыл болады
Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі
Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды
3. Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі
Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен
махаббат табуға үйретеді

Ұқсас жұмыстар
Ана тәрбиесі
Қария сөзі - тәрбие көзі
Бала тәрбиесінің педагогикалық алғышарттарын анықтау
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі мен маңызы
Адамның бір қызығы бала деген
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Мектеппен қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі және мектеппен байланысы
Отбасының суреті
Әрбір бала
Пәндер