Күштің өлшем бірлігі


Slide 1

1. Аты-жөні: Гумарова Жазира

Арманқызы

2. Туған жылы: 10. 05. 1991.

3. Білімі: жоғары.

4. Бітірген оқу орны: М. Өтемісұлы

атындағы БҚМУ-2012

5. Мамандығы: Физика пәні

мұғалімі

6. Еңбек өтілі: 1 жыл.

Өмірлік ұстанымы: “Тағдырдың қатал ызғырығы қай жағынан соқса да, ешқашан мойымай, таудай қиыншылықты қиналмай сілкіп өту”

Slide 2

Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы: §21, 22, 25. Инерция. Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

(7-сынып)

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тұрмыста және техникада инерцияның берілуіне мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ойын қозғау, кеңістік және уақыт, күш ұғымын, оның айырмашылығы мен қасиеттерін түсіндіру, практикалық маңыздылығын ашу.

Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына есте сақтау қабілетін арттыру, өзбетінше қорытынды жасауға, өз-өзіне сын көзбен қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік: оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қою арқылы оларды іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Slide 4

Графикалық диктант. _ ия жоқ 1. Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. (ия) 2. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі жол деп аталады. (жоқ) 3. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. (ия) 4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с. (ия) 5. Сағат жылдамдықты өлшейтін құрал. (жоқ) 6. Жылдамдықты өлшейтін құрал спидометр. (ия) 7. Уақыттың өлшем бірлігі метр. (жоқ) 8. х=х0+vt қозғалыс теңдеуі. (ия) 9. Уақыт векторлық шама. (жоқ) 10. 1 минутта 60 секунд бар. (ия)

Slide 5

Ұлттық тәрбие беру мақсатында аттың ері, түйенің қамы не екенін көрсете келе ертедегі ата-бабаларымыз да инерция заңын тұрмыста ескере білгенін айтамын. Аттың ері қатты шабыста адам инерция салдарынан артқа, ал кілт тоқтағанда алға құлап кетпеу үшін қолайлы екенін айтамын. Шауып келе жатқан аттың алдынан кесе-көлденең өту өте қауіпті, өйткені атты тежегеннің өзінде де ілезде тоқтай алмайды. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция - қозғалыста емес, әрекетсіздік) .

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни арақашықтықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындық өлшеуіш құралдар қолданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзқарасымыз қалыптасады. Уақытқа қатысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т. с. с. ұғымдар пайда болады. Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптылығы, бір бағыттылығы. Уақыт арнаулы құрал - сағаттың көмегімен өлшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уақыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.

Slide 9

Не білемін?

Күш

Күш туралы не білетіндерін жазады.

Slide 10

Нені білгім келеді?

Күш дегеніміз - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күшті ашқан ағылшынның ұлы физигі И. Ньютон. күш деген әріппен белгілейді. Өлшем бірлігі - ньютон (Н) .

Бұдан үлкен күш бірлігі - килоньютон (кН), меганьютон (МН) және т. б қолданылады.

Әр түрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіру керек екендігін де біледі. Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіруге болады.

Мысалы: садақ ату, найза лақтыру, арбаны қолғалту, шкафты итеру.

Slide 11

Не білдім?

Күш қандай шама?

Күштің белгіленуі?

Күштің өлшем бірлігі?

Күшке мысалдар келтір.

Slide 12

Венн диаграммасы

Кеңістік Ортақ Уақыт

қасиетін тап

Slide 13

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Бүгінгі «Күш» тақырыбы бойынша оқушы толтырып жазады.

Slide 14

Үйге тапсырма:

§21, 22, 25 оқу.

Шығармашылық тапсырма: Уақыт, кеңістік және күш туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазып келу.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Физикалық диктант
Денелердің өзара әрекеттесуіне мысалдар
Инерция. Күш
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. 7-сынып
Дененің кинетикалық энергиясы
Күш. Күш сандық мәнімен (модулімен ) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады
Импульстің сақталу заңына есептер шығару
Физика және табиғат
Күш. Деформация
Механикалық энергия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz