Мал қораларының ауа құрамы және оның мал организміне әсері


Slide 1

Ветеринариялық гигиена және санитария

КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

«Ветсансараптау және гигиена» кафедрасы

Дәріс № 3

«Ауа гигиенасы»

Slide 2

2. 10. Атмосфералық ауаның газдық құрамы

2. 11. Мал қораларының ауа құрамы және оның организмге әсері

2. 12. Зиянды газдар және оларды азайту шаралары

2. 13. Күн сәулесінің құрамы және қасиеттері

2. 14. Инфрақызыл сәулелерінің көздері және олардың мал организміне әсері

2. 15. Ультракүлгін сәулелерінің көздері және олардың мал организміне әсері

2. 16. Мал қорасындағы табиғи және жасанды жарықтылық

Дәріс сұрақтары:

Slide 3

2. 10 Атмосфералық ауаның газдық құрамы

Ауа атмосфераны құрайтын газдар (20 шақты) қоспасы болып табылады.

Тропосфераның төменгі қабатында ауаның газдық құрамы тұрақты және ол азот (N), оттегі (O2), көмірқышқыл газы (CO2) және басқа газдардан тұрады. Жоғарылаған сайын ауа сиреп, газдың мөлшері мен парциалдық қысымы төмендейді.

Slide 4

Элемент

Белгіленуі

Көлемі, %

Азот

N

78, 084

Оттегі

O2

20, 9476

Аргон

Ar

0, 934

Көмірқышқыл газы

CO2

0, 0314

Неон

Ne

0, 001818

Метан

CH4

0, 0002

Гелий

He

0, 000524

Криптон

Kr

0, 000114

Сутегі

H2

0, 5

Ксенон

Xe

0, 87

Атмосфералық ауаның құрамы

Slide 5

Азот (N) - отын жанғанда және органикалық заттар ыдырағанда (микробтар әсерімен) пайда болады. N оттегіні араластыру үшін қажет және оның улылығын азайтады. Көптеген өсімдіктер, бактериялар мен балдырлар үшін қорек көзі.

Ауадағы азот электрлік разрядтар әсерімен тотықтарға айналып, топыраққа түсіп оны тұздармен (азоттық және азот қышқылдарының) байытады.

Slide 6

Оттегі (О2) - ең маңызды газ, барлық реакцияларға қатысады, барлық организмдердің құрамды бөлігі. Егер О2 жетіспесе (гипоксия) барлық ағзалардың қызметі бұзылады. Температура көтерілгенде және ылғал молайғанда оның парциальды қысымы төмендейді (тауға көтерілгенде сондықтан оттегі жетіспейді) . О2 негізгі көзі жасыл өсімдіктер.

Қора ауасында О2 мөлшері тұрақты деуге болады (ауытпалығы 0, 1-0, 5%), ал ШЖК (ПДК) -17-18%. Ауада О2 15% болса клиникалық көрсеткіштер нашарлайды, ал 6% - мал өледі.

Slide 7

Озон (О3) - атмосферада ультракүлгін сәулелердің әсерімен су буға айналғанда пайда болады. Озон тек таза ауада болады. Озон тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне жақсы әсер етеді.

Көмірқышқыл газы (СО2) - тіршілікке өте маңызды газ, тыныс орталығының физиологиялық тітіркендірушісі. Кейінгі уақытта СО2 мөлшері көбеюде (0, 04% және жоғары), әсіресе өндірісі дамыған өлкелерде. СО2 мөлшерінің 70%-ы мұхиттар мен теңіз суында еріген, ал 22%-ы минералды заттар құрамында (әктер мен доломиттер), қалғаны жануарлар мен өсімдіктерден бөлінеді. Табиғатта үнемі СО2 шығуы мен сіңіруі үздіксіз жүріп жатады.

Slide 8

2. 11 Мал қораларының ауа құрамы және оның мал организміне әсері

Мал қора ауасының құрамы атмосфералық ауадан өзгеше (қорадағы санитариялық-гигиеналық режимге байланысты) . Себебі онда зиянды газдар жиналады (тіршілік барысында, қидың, төсеніштің және азық қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде) .

Хроматографиялық зертеулердің нәтижесінде мал қораларында 30-дан астам газдар бар екені анықталған. Алайда, ең зиянды әсері бар газдарға СО2, NH3, H2S және СО жатады.

Slide 9

Малды зиянды газдар жиналған қорада ұзақ ұстау, олардың организмін уландырады, малдың өнімділігі, ауруға төзімділігі төмендейді. Ал, кейде күшті әсерлі патологиялық процестер туындайды.

Қора ауасы сыртқы ауаға қарағанда СО2 көптігімен (100 есеге дейін) ерекшеленеді.

Көмірқышқыл газы - негізгі көзі мал болып табылады. Организмде СО2 плазма (натрий бикарбонаты түрінде) мен эритроциттерде болады.

Slide 10

Деммен шығатын ауаның құрамы

Зерттеу нысаны

Оттегі, %

Көмірқышқыл газы, %

Адам

15, 4-16, 0

3, 4-4, 7

Ірі қара мал

14, 9-18, 1

2, 2-5, 0

Жылқы

16, 9-18, 6

2, 2-3, 9

Slide 11

Қорада желдету жүйесінің нашар істеуі немесе мал басының тығыз ұсталуы СО2 көбейтеді (20-30 есе) . Қыс кезінде малды ауасында СО2 1%-дан жоғары жабық қорада ұстағанда олардың улануы мүмкін: азыққа тәбеті нашарлайды, өнімділігі мен ауруға төзімділігі төмендейді.

СО2 ауада 8% болғанда ауыр уланудан мал өледі.

Slide 12

Аммиак NH3 - улы газ, құрамында азоты бар заттар (зәр мен қи) ыдырағанда уреазаактивті анаэробтар әсерімен түзіледі.

NH3 улылығы мен агрессивтілігі ылғал жоғары болса қатты байқалады (NH3 тотығуы ұлғаяды, азот қышқылы түзіледі.

NH3 жоғарылағанда микробтар 30-60% көбейетіні анықталған.

NH3 зиянсыз шекті мөлшері төл мен құстар үшін - 5-10 мг/м3, ал ересек мал үшін - 20 мг/м3.

Slide 13

Құсты еденде ұстағанда NH3 2-3 есе көбейсе олардың жұмыртқалауы тежеледі, өнімділігі 10-13% азаяды, өлім-жітім 1, 5-2 есе көбейеді.

Ал, сиыр қорада NH3 нормадан 1мг/м3 және одан жоғары көбейсе сүттілігі 1, 7% азаяды, азық шығыны 2, 7% артады. Мұндай жағдайда бұзауларда бронхопневмания байқалып, мал жиі ауырғыш болады, ал торайларда алиментарлы қан аздық.

Slide 14

Күкіртті сутегі H2S - түссіз, шірік иісті, улы газ. Ол шіріген органикалық заттар, қи сақтайтын орындарда, канализация жүйелерінде көптеп жиналады.

Қанға сіңген H2S гемоглобиннің құрамындағы темірмен байланысып, темір сульфидіне айналады. Соның салдарынан организмдегі оттегі алмасуы бұзылып, гипоксия дамиды.

H2S зиянсыз шекті мөлшері төл мен құстар үшін - 5 мг/м3, ал ересек мал үшін - 10 мг/м3.

Slide 15

Көрсеткіштер

Сиырларды байлаулы және бос ұстауға арналған қора-жай

Төлдету орны

Температура, ОС

10

(8-12)

16

(14-18)

Салыстырмалы ылғалдылық, %

70

(50-85)

70

(50-85)

Ауа қозғалыс жылдамдығы, м/с: қыста,

көктем-күзде,

жазда

0, 3-0, 4

0, 5

0, 8-1, 0

0, 2

0, 3

0, 5

Зиянды газдар мөлшері: СО2, %;

NH3, мг/м3;

H2S, мг/м3

0, 25

20, 0

10, 0

0, 15

10, 0

5, 0

Ірі қара мал қорасының негізгі микроклимат көрсеткіштері

Slide 16

2. 12 Зиянды газдар және оларды азайту шаралары

·Мал қораларында күтіп-бағу жақсы болып, төсеніштер қолданылса, канализация мен желдету жүйесі жақсы жұмыс істесе улы газдар жиналмайды.

·Еденде саңлау және оның астында бос жер болмау керек (ондай жерде NH3 және басқа газдар жиналады) .

·Төсенішке суферфосфат қосу (1кг суферфосфат+2, 5кг төсенішке) NH3 сіңіреді, қиды азотпен байытады.

·Көң жинайтын орындардан зиянды газдар түспеу үшін канализацияға гидравликалық қақпа орнату.

·Зиянды газдарды қора-жай ауасында озондау және иондау нәтижесінде азайтуға болады.

Slide 17

2. 13 Күн сәулесінің құрамы, қасиеттері және мал организміне әсері.

Күн радиациясы дегеніміз электромагинттік сәулелерінің бірі. Күн сәулесі жер бетінде жылулық режим жасайды, соның арқасында тірі организмдерде барлық физикалық процестер жүріп отырады. Күн сәулесі қоршаған ортаға (ауаға, жерге, суға) сіңіп жылу энергиясына айналады.

Cәуле энергиясының толқын ұзындығына байлансты бөлінуі спектр деп аталады.

Жер бетіне түсетін күн сәулесінің спектрі негізінде 3 бөліктен тұрады: ультра күлгін (1%) көзге көрінетін

(40 %) және инфрақызыл (59 %) бөлігі.

Спектрдің көзге көрінетін бөлігі жарықтылықты жасайды, ал қысқа толқынды бөлігі (280 мм аз) атмосфералық жоғарғы бөлігінде сіңіріледі, әсіресе азондық қабатта (бұл қабат тіршілікке қарсы қысқа толқындарды жерге жібермейтін сүзгі десек болады) .

Атмосфераның ластануы ультракүлгін сәулелерді азайтады (50 % дейтін)

Slide 18

Күн сәулесінің әсері оның толқын ұзындығына байланысты: ең қысқа толқынды УФ сәулелерінің (150-380 нм) биологиялық әсері жағынан ең күштісі.

Барлық сәулелер арганизмге жылулық әсер етеді. ИФ-қызыл сәулелер. Ал, көзге көрінетін сәулелер жылулық, химиялық және электрлік әсер етеді. УФ - сәулелер негізінде фото химиялық әсер етеді.

Инфрақызыл (ИК) сәулелер - жылулық әсер етеді. (5см тереңдейді) . Сондықтан оларды жас төлді қыздыру үшін қолданады (ұлпа қызады, тері қызады, зат алмасу фагацитоз күшейеді, )

Көзге көрінетін сәулелер - жарық сезімін тудырады (көз торы сәулелерді қабылдап жүйке арқылы миға сигналдайды) . Жарықтың әсері, әсіресе ұрықтық бездердің (гипофиз бүйрек үсті, қалқанша) белсенділігін арттырып, күйлеу, шағылысу және буаздық процестерге әсері мол гармондары көп бөлінеді. Зат алмасу (белоктаң, майдаң, көмірсудың) ұлғаяды, эритроцит пен лейкоциттер көбейеді. Жарық пен қараңғы ауысып отырады, организмде ритмикалық өзгерістер тудырады оны фотопериодизм дейді.

Slide 19

Ультра күлгін (УФ) сәулелер - әртүрлі биологиялық әсері бар тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей тері мен кілегей қабат арқылы, ал жанама - ауа мен азық арқылы. УФ - сәулелер 3 түрлі әсер етеді: фотохимиялық, (БАВ пайда болуы) метаболикалық (витамин Д түзуі) және бактерицидтік (клетка протоплазмасындағы белоктың өзгеруі денатурациялануы) . Зат алмасу күшейеді, өсу және өну жылдамдайды, резистенттілік пен өнімділік ұлғаяды. Әсіресе антирахиттік әсері мол ( витамин Д синтезделуі ), микробтар азаяды (2-3 есе), еркек малдың жыныстық қабілетінің артуы.

Slide 20

2. 14. Инфрақызыл сәулелерінің көздері және олардың организміне әсері

Табиғи инфрақызыл сәулелер көздері: Күн, Ай, планеталар, жұлдыздар, сондай - ақ, флора, фауна, су беткейлері, инженерлік құрылғылар, адамдар жатады.

Ал, жасанды инфрақызыл сәулелер көздеріне вольфрамдық қыздыру лампалары, газды разрыдты лампалар, импульсты лампалар және лазерлер. Осы инфрақызыл сәулелерін бөлетін шамдардың ішінде ең тиімдісі - электрлік қыздыру шамдары.

Инфрақызыл сәулелерін бөлетін мынадай шамдар бар: ИКЗ-220-500, ИКЗК-220-500, ТЭН және т. б., бұлар мына сәуле шығарғыштардың құрама бөлігі болып табылады: ОРИ-1, ОРИ-2 ОВИ-1, ССПО1-250, ИКО-4, ОКБ-1376А и др.

Slide 21

Инфрақызыл сәулелердің бұзаудың өсуі мен салмағына әсері

Инфрақызыл сәулурдің бұзаулардың өсуімен салмағына әсері

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

Топтар арасындағы салмақ ай

Орташа тірілей салмағы, кг

Тәуліктік орташа салмақ қосуы, г

Орташа тірілей салмағы, кг

Тәуліктік орташа салмақ қосуы, г

Туылған кезде

28, 9±1, 2

28, 8±1, 3

-

0, 1

1

43, 6±1, 8

480

40, 5±2, 3

377

3, 1

2

59, 5±2, 4

532

55, 0±3, 2

492

4, 5

3

76, 3-+7

540

70, 4±3, 9

497

5, 9

4

95, 2±4, 4

628

87, 9±5, 4

534

7, 3

Slide 22

2. 15. Ультракүлгін сәулелерінің көздері және олардың мал организміне әсері


Ұқсас жұмыстар
Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
ҚОЛДА ТҰРҒЫЗЫП - ЖАЙЫП ҰСТАУ
ҚАРА МАЛДАРЫН ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ
МАЛ ҚОРАДАҒЫ ЖАРЫҚТЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ
Ірі қара малының гигиенасы
 Өндірістік шу және оның малшаруашылығы және құстардың организм өніміне әсері
Ірі қара малдарының гигиенасы
Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары
Мал қораларын дезинфекциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz