Балаңыздың туған күні
Презентация қосу
«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-і
«Гүлдер» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
«Қарттарым-қазынам,
ұстазым-ұлағатым!»
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған Ақ жаулықты әжелер!
Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы
ұстаз-ата-аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы
қарттар мен ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Бала қызығын бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына
ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл
қарттарының орны ерекше. Қазақ қарты жасына лайық ауызы
дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей
теңіз. Ал «Ұстаз» деген сөз әр адам үшін қашанда қасиетті,
қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын
көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен
ұштасып жатады. Олай болса «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының
кішкентай бүлдіршіндерінің қарт әжелері мен ұстаз ата-
аналарының төл мерекелеріне орай «Қарттарым-қазынам,ұстазым-
ұлағатым!» атты құттықтау кешімізге хош келдіңіздер.
I. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу,
жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде,
қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен
қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен
амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы
жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған,
болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан
халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып
келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу
салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен
маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып
жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап,
қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін!
Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
«Қызықты сұрақтар» ойыны.
Шарты: Мен қазір сіздерге қызықты сұрақтар қоямын. Сұрақтарға, кідірмей тез
жауап беру керек.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
10.Балаңызды қалай еркелетесіз?
11. Балаңыздың сүйікті мультфилмі қандай?
12. Балаңыз алғаш неше жасында (айында) жүрді?
14. Балаңыздың жұлдызнамасы қандай?
15. Балаңызды қандай темперамент түріне жатқызасыз?
16. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?
17.Балаңыз балабақшаға қанда уақыт бейімделді?
18.Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барады?
19.Балаңыздың сүйікті ісі?
20.Балаңыз балабақшаға қай жылы,қай күні келді?
ІІ. Өз балаңызды табыңыз.
Шарты: Ортаға 5 ананы
шақырамын. Аналардың көзі
байлаулы. Балаларыңызды сипау
арқылы табу.
«Немерем» әні хормен
ІІІ. Мақалды жалғастыр.
Шарты: Мақалды білмей қалған адам өз өнерін көрсетеді.
1.Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
2.Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.
3.Жақынынды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
4.Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
5.Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
6.Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
7.Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
8.Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
9.Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
10.Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
11.Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
12.Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
13.Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.
14.Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.
15.Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.
16.Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.
17.Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
18.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
19.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
20.Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
21.Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
«Ұстазым» әні хормен.
Ажырамай ұжымнан бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Қонақтарға арналсын тілегіңіз, - дей келе
бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегін
бөбекжай-бақша меңгерушісі Даирова
Гульзира Акимовнаға береміз.
11. Қорытынды.
• “Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ”- демекші,
табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың тамыры ма, діңі ме,
жапырығы ма? Сіздер отбасыңыздың қай бөлігісіздер? Әркім өз қалауы
бойынша таңдаған бөлігіне стикер жапсырады.
• Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай, ата - ананың қуанышы,
арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс,
демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата - аналар,әжелер қолымыздағы
алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне
екенімізді ұмытпайық.
• Жанұяларыңыз тек қана шаттыққа толсын! Немерелеріңіздің қызығына
тоймай, тамашалап жүре беріңіздер! Ал жас ұстаздар! Сіздерге осы асыл
әжелеріміздің жасы мен ардагер ұстаздарымыздың жолын берсін!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz