Павлодар мұнай өңдеу зауыты



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
Химиялық инженерия институты
Қолданбалы химия кафедрасы
Тақырыбы: Павлодар мұнай өңдеу зауыты.
Орындаған: Аманқош М. П
Мамандығы: 5В012000 2К
Тексерген: Искакова Т. К

ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 «ПМХЗ» тарихы
2. 2 Кәсіпорын қызметкерлері
2. 3 Өндіріс сипаттамасы
2. 4 Тауар зертханасының құрылымы
2. 5 «ПМХЗ» ЖШС-нде шығарылатын өнімдер
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ПМХЗ тарихы мен қазіргі жағдайы
«Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасындағы технология бойынша ең заманауи кәсіпорын болып табылады. Зауыт мұнайды отын түрі ретінде өңдейді және өңдеу тереңдігін 85% дейін қамтамасыз етеді, бұл мұнай өнімдерін ең жақсы өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді.

1949 жылы «Гипронефтезаводы» Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында мұнай өңдеу зауытын (бастапқыда зауыт осылай аталған) салу үшін алаң таңдалған болатын. 1970 жылы мұнай өңдеу қуаттылығы жылына 12 млн. тонна Павлодар мұнай өңдеу зауытын салуға арналған Грозный қаласының «Грознефтехим» институтының жобасы бекітілді.
1971 жылы зауыт құрылысы басталды.
1978 жылы зауыттың бірінші кезегі - қуаттылығы жылына 6 млн. тонна мұнайды алғашқы өңдеу жөніндегі ЛК-6У кешені пайдалануға берілді.

1979-1989 жылдары зауыттың екінші кезектегі объектілері: күкірт өндіру және битум өндіру қондырғылары, КТ-1 мазутты тереңдетіп өндеу кешені, баяулатып кокстеу қондырғысы, мұнай коксын шынықтыру қондырғысы салынып, пайдалануға енгізілді. Мұнайды қайталап өңдеу бойынша барлық технологиялық кешендердің іске қосылуымен зауыттағы мұнай өңдеу тереңдігі 85% құрады.
1983 жылы бұрынғы Кеңес Одағының мұнай өңдеу саласында Одақтағы бірінші КТ-1 мазутты тереңдетіп өңдеу жүйесі алғашқы рет енгізілді, ол кейіннен басқа зауыттарда да кеңінен қолданысқа енді.
Зауыттың Бас жобасы 1985 жылы «Грозгипронефтехим» институтынан «ВНИПИнефть» Омбы филиалына тапсырылды.

1983 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытының бірінші кезегін жобалау және салу үшін КСРО Министрлер Кеңесінің Сыйлығы берілді. Лауреаттар қатарында зауыт қазметкерлері де болды.
1989 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауыты Сыртқы экономикалық байланыстар қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, экспорттық-импорттық жеткізілімдерді жүзеге асыра алатын болды. Бұл зауыттың болашақтағы тағдырындағы маңызды кезең болды.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін зауыт мүлдем жаңа өндірістік қатынастарға енді: барлық шаруашылық байланыстар бұзылды, нарықты игеру қажет болды. Жоспардан тыс шығарылған өнімді өткізуге қатысты тура шарттар нарықты игеруге негіз болды. Зауыт тарихында алғаш рет сатып алынатын мұнай, орнын басу сұлбасы бойынша алынатын мұнай түсініктері пайда болды.
1995-1996 жылдары зауытта шикізат нақты болған жоқ, зауыттың технологиялық кешендері ұзақ уақыт жұмыс істеген жоқ, күрделі қаржы жағдайы сақталып тұрды. Дағдарыстан шығу жолдары іздестірілді.

Зауыт жұмыс істеп тұрған уақыт ішінде акционерлер мен заңды мәртебесі бірнеше рет өзгерді:
1978 - 1994 жылдары - Павлодар мұнай өңдеу зауыты (ПМӨЗ) ;
1994 - 1997 жылдары - «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» акционерлік қоғамы («ПМӨЗ» АҚ) ;
1997 - 2000 жылдары - «Павлодар мұнай өңдеу зауыты - CCL» жабық акционерлік қоғамы («ПМӨЗ - CCL» ЖАҚ) ;
2000 жылы (VII-XI) - «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» акционерлік қоғамы («ПМӨЗ» АҚ) ;

2000 жылғы қарашадан бастап - «Павлодар мұнайхимия зауыты» акционерлік қоғамы («ПМХЗ» АҚ) ;
2009 жылғы тамызда - «ПМХЗ» АҚ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының компаниялар тобына кірді.
2013 жылғы наурызда - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС.

Қазіргі уақытта «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы менеджмент жүйелеріне сәйкес келуге қатысты 6 сертификатты:
- ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйелері»,
- ISO 9001:2008 «Сапа менеджменті жүйелері»,
- ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйелері»,
- OHSAS 18001:2007 «Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйелері»,
- ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері»,
- ҚР СТ 1352-2012/SA 8000:2008 «Әлеуметтік жауапкершілік» сертификаттарын иеленген алғашқы кәсіпорын.

Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
мұнайды электрмен сусыздандыру және тұзсыздандыру;
cусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды алғаш айдау;
бензиндерді, реактивті және дизел отындарын гидротазалау;
бензин фракцияларының каталитикалық риформингі;
каталитикалық крекинг;
газбен фракциялау;
мұнай битумдарын өндіру;
кокс өндіру.

Өндірістің сипаттамасы
Зауыт мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және үздік дүниежүзілік өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуді қамтамсыз етеді.

Автомобиль бензиндері
Автобензиндердің жоғары октанды компоненттерін алатын негізгі процесстер: мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысынан алынған фракциялардың каталитикалық риформингі мен мұнайдың ауыр фракцияларының (вакуумдық газойль) калитикалық крекингі. 1992 жылдан бастап кәсіпорын этилденбеген бензиндерді шығаруға көшті.
«ПМХЗ» АҚ шығаратын бензиндер экологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді және Қазақстанның көптеген аймақтарындағы тұтынушыларға жеткізіледі.

Бензиндер іштен оталатын (ұшқынан) поршенді қозғалтқыштарда қолдану үшін арналған. Автобензиндер сапа жағынан физика-химиялық және пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
детонациялық тұрақтылық (октанды сан),
индукциялық кезең,
күкірт құрамы,
қорғасынның топталуы,
қаныққан бу қысымы.
«ПМХЗ» АҚ АҚ СТ 39334881-001-2006 маркасы АИ-80Н, АИ-92Н, АИ-95Н, АИ-98Н боялмаған автобензиндерді өндіреді.

Дизель отыны
Дизел отыны негізінен - күкірт, азот, оттек құрамды, металлорганикалық қосылыстарын азайту мақсатында сумен тазалау процесстерінен өткен, мұнайды алғаш өңдейтін қондырғыдан алынған тура айдалатын компоненттерді араластыру жолымен өндіріледі. Дизел отынының жазғы және қысқы маркаларымен пайдаланғанда қозғағыштың қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, отынның шығыны қысқарады. «ПМХЗ» АҚ-ы төмен температурада қататын, техниканы қатты аязда пайдаланғанда төзімді дизел отынын шығаруды игерді.

Сығылған кезде оталатын қозғағышта және кейбір газотурбиндық қозғағыштарда пайдаланады. Дизел қозғағыштарында сығудың деңгейі жоғары, соның салдарынан отынның меншікті шығыны карбюратор қозғағыштарына қарағанда 25-30% төмен. Дизел отынының сапасының негізгі көрсеткіштері:
өзінше тұтанғыштық (цетан саны),
фракциялық құрамы,
тығыздығы мен тұтқырлығы,
тұтану температурасы,
төмен температурадағы қасиеті.

Сапа көрсеткіштері
АИ-80 Н
АИ-92 Н
АИ-95 Н
АИ-98 Н
Октандық саны, м. м.
н. м. 76 нақты 78, 0
н. м. 83 нақты 83, 6
не норм -
не норм. -
Октановое число, и. м.
н. м. 80 нақты 84, 3
н. м. 92 нақты 93, 7
н. м. 95 нақты 95, 8
н. м. 98 нақты 98, 7
Қаныққан булар қысымы
в пределах 35-100 нақты 58, 2
в пределах 35-100 нақты 54, 7
в пределах 35-100 нақты 52, 8
в пределах 35-100 нақты 53, 0
Индукциалық кезең п, мин.
н. м. 900 нақты 1200
н. м. 900 нақты 1200
н. м. 900 нақты 1200
н. м. 900 нақты 1200
Күкірттің массалық үлесі, %.
н. б. 0, 05 нақты 0, 021
н. б. 0, 05 нақты 0, 015
н. б. 0, 05 нақты 0, 012
н. б. 0, 05 нақты 0, 010
2010 жылғы 1 жартыжылдықтағы автомобиль бензиндері

Сапа көрсеткіштері
Л-0, 2-62 ж. с.
ПЗ-0, 2 минус 30 марка сыА
НД бойынша норма
нақты
НД бойынша норма
нақты
Цетандықсаны
н. м. 45
53, 9
н. м. 45
51, 7
Фракциалық құрамы:
-. 50% айд. шығ. фр
ж. е. 280
270
ж. е. 280
219
- 96% айд. шығ. фр
ж. е. 360
349
ж. е. 340
318
Кинематикалық . жабысқақтығы 20 °С, мм2/с
3, 0-6, 0
4, 43
1, 8-5, 0
2, 4
Тоңазу температурасы, °С
ж. е. -10
-17
ж. е. -30
-46
Күңгіртену температурасы, °С
ж. е. минус 5
-13
ж. е. минус 20
-28
Жабық от бақыраштағы тұтану температурасы
н. н. 62
76
н. н. 35
57
Күкірттің массалық үлесі, %
н. б. 0, 2
0, 1
н. б. 0, 2
0, 079
2010 жылғы 1 жартыжылдықтағы дизельдік отын

Бензин араластыру торабы, Тауар-шикізат парктері
Бензин араластыру торабы АИ-80Н, АИ-92Н, АИ-95Н, АИ-98Н маркалы автомобиль бензиндері- тауар өнімдерін дайындау мақсатында КТ-1, ЛК-6у, БКҚ кешендерінде өндірілетін автомобиль бензинінің компоненттерін қабылдауға, жинақтауға, компаундирлеуге арналған.

Сұйылтылған газ паркі кәсіпорында өндірілетін сұйылтылған газдарды қабылдауға, сақтауға, паспорттауға және құюға арналған. Сұйылтылған газ паркінің жобасы Грозный қ. «Грозгипронефтехим» институтымен әзірленген.
Сұйылтылған газ паркі ЛК-6у іске қосу кешені 1 кезегінің құрамында 1978 жылы пайдалануға енгізілген

Данбай Шухрат Әбдірашитұлы
Бас директор
1963 жылы туды
Білімі
«Кайнар» университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты, іскери әкімшілік ету докторы (DBA) .
Кәсіби тәжірибесі
Мұнай жеткізу және өңдеу, мұнай өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасы жөніндегі ірі коммерциялық құрылымдарды басқарды: «Қазтоммұнай» ЖШС, «Гелиос» ЖШС бас директоры, «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өндеу және мұнайхимия блогының атқарушы директоры, «Қазақстан - Отын Энергетикалық Кешені» ЖШС бас директоры.

Пузырёв Алексей Васильевич
Бас директордың дамыту және жаңғырту жөніндегі орынбасары
1976 жылы туды.
Білімі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «инженер химик-технолог» мамандығы бойынша бітірді.
Кәсіби тәжірибесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz