Медициналық сақтандыру тарихы


Slide 1

Орындаған: Құмарбекова Н. Е

Қабылдаған: Қожекенова Ж. А.

Топ: 10-011-02қ

Факультет: жалпы медицина

Тақырыбы: Медициналық сақтандыру

Кафедра: қоғамдық денсаулық сақтау

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Кіріспе Медициналық сақтандыру - әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі ретінде қоғамдық қатынастарының денсаулығын қорғау мақсатында қаралатын медициналық категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, денсаулығының және әлеуметтік жағдайының барлық жағын қамтиды

Slide 5

Медициналық сақтандыру - денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін.

Slide 6

Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Сақтандыру шарты бойынша бір талап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші талап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасын шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді

Slide 7

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

міндеттілік дәрежесі бойынша

сақтандыру объектісі бойынша

сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша

ерікті және міндетті;

жеке және мүліктік

жинақтаушы және жинақтаушы емес

Slide 8

міндетті

ерікті

Slide 9

Міндетті медициналық сақтандыру

заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. . Міндетті медициналық сақтандыру бойынша барлық Қазақстан республикасының азаматтары жынысына, жасына, денсаулығына, тұрғылықты жеріне, жеке табыс деңгейіне қарамай, мемлекеттік бағдарламаға кіргізілген тегін медициналық қызметті пайдалануға құқы бар

Slide 10

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін дамыған елдердің барлығы дерлік пайдаланады. Ал ең алғашқы міндетті медициналық сақтандыру қашан және кімнің бастамасымен пайда болды. Медициналық сақтандыру тарихы. Германияда Отто фон Бисмарк тұсында жұмысшы тапқа міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілерді жасау қолға алынады. Германияда 1871 жылы өндірісте жазатайым жағдайдан сақтандыратын әлеуметтік сақтандыру енгізіледі, 1880 жылы медициналық көмекті қаржыландыру жүзеге асырылып, 1883 жылы ауруға шалдыққан кезде жәрдемақы берілетін болды. 1883 жылы канцлер Отто Фон Бисмарктың бастамасымен Германияда міндетті медициналық сақтандыру туралы заң шығарылады. Бұл заң бойынша белгілі бір өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер ауыру жағдайына сақтануға міндетті болған. Сақтандыру фондтары жұмысшылардың және олардың жұмыс берушілері міндетті төлемдері арқылы қаржыландырылатын. Әлеуметтік сақтандырудың осы түріне тарихта «Пруссиялық социализм» немесе «Бисмарк моделі» атау берілген. Кейін әлеуметтік сақтандырудың осы моделін басқа европа елдері де қолданысқа енгізеді. 1887 жылы Австрияда, 1898 жылы Францияда, 1894 жылы Норвегияда, 1900 жылы Жаңа Зеландияда, 1901 жылы Швецияда. Бисмарк үкіметінің денсаулық сақтау саласына байланысты қабылдаған бірнеше заңнамалары әлеуметткік сақтандырудың дамуына үлес қосты. Міндетті медициналық сақтандыруға неігзделген денсаулық сақтау жүйесін кейін «Бисмарктың денсаулық жүйесі» деп атап кеткен.

Slide 11

Ерікті медициналық сақтандыру

тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті медициналық сақтандыру- азаматтардың денсаулығына медициналық қызмет көрсетуде толық немесе жартылай шығындарын жабу мақсатында жүргізілетін сақтандыру ұйымының формасы. Сақтандырудың бұл түрінде әр азамат өзінің еркіндігіне байланысты денсаулығын жақсарту маққсатындасақтандыру компаниясын, сақтандыру полисін таңдауға құқы бар.

Slide 12

Медициналық сақтық қорғаудың жүйелері

ұжымдық (сапалық)

жеке (жекеше)

қоғамдық (мемлекеттік)

Slide 13

Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараптанған.

Slide 14

Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың - медициналық мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады.

Slide 15

Қазақстандағы медициналық сақтандыру деңгейі

Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жолдары да қарастырылып, осы мақсатта (ФОМС) Міндетті медициналық сақтандыру фонды құрылған. Алайда фондтың басшысы өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын жымқырып, шетел асып кеткені белгілі. Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық сақтандырусыз қалады. Әрине, осындай жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен қарауын түсінуге болады. «Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады» деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Медициналық тұрғыда міндетті сақтандыру еліміздің ешбір заңнамасында қарастырылмаған. Түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндер жан-жақтан көмек іздеп, халыққа алақан жаюға мәжбүр болып отыр. Шетелдерде ота жасалу тікелей мемлекеттік квота арқылы жүргізіледі. Квоталар сырқат балалардың біріне бұйырса, енді біріне жете бермейді. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жасы 14-тен асқан балалардың түрлі ауруға шалдығуы артып барады. Мәселен, дәл осы жастағы 100 мың баланың аурудың негізгі түрлеріне шалдығуы 2003 жылы 87, 6 %-ға ұлғайса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 103, 6%-ға артқан. Ауыр сырқатқа шалдыққан кей бүлдіршіндерге дәрі алу мәселесі қиындық тудырады.

Slide 16

Қазақстандағы ерікті медициналық сақтандыру деңгейі

Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медицинаалық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады

Slide 17

Ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді

Slide 18

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі - егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі - кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де - сыркатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. АҚШ-та ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы медициналық көмек ерекше дамыған. АҚШ-тық ден-саулық сақтау моделі басқа ешбір елде таза түрінде пайдаланылады деп айту қиынға соғады

Slide 19

Ерікті медциналық сақтандыру

Slide 20

Қазіргі таңда Ресейде Ерікті медциналық сақтандыру жүйесі қолданылуда. Медициналық мекмелерден тегін медициналық көмек көрсетілуіне кепілдік береді. мысалы: диагностикалық тексерілу, дәрігер консультациясы т. б

Slide 21 Slide 22

Медициналық сақтандырулық

көмек

Болуы мүмкін, ол науқастың келісім шарттың түріне және медициналық емделудің көлеміне байланысты.

жартылай көмек

Толық көмек

Slide 23

ДМС сақтандыру бөлімі

ДМС сақтанушы адамдарды категория бойынша қабылдайды:

корпоративті клиенттер

Жүкті әйелдер

Жас балалар

Егде жастағы қарттар

Ересек адамдар

Slide 24

Көрсетілетін көмектін ақысы

Көрсетілетін көмек клиенттердің денсаулық жағдайына және категориялық жіктелуіне байланысты. Мысалы: Жүкті әйелдер, жас балалар, егде жастағы қарттардың сақтандыру ақысы жоғары болады.

Slide 25

Сақтандыру клиенттері көмек ала алады:

- сақтандырылған медициналық орталықта ; - поликлиника, больница; -денсаулық сақтау органдарының мекемелерінде; -мемлекет қарауындағы медициналық орталықтар.

Slide 26

Сақтандыру полюсі

Келісім шарт жасалған күннен бастап салынған қаражаттар, келісім шарттың уақыты, қаржыныың өсу формасы, қаржыны кайтарып алу келісімдері көрсетіледі және келісім шартты бұзған жағдайдағы төлем ақылар мөлшер көрсетілген.

Slide 27 Slide 28

Сақтандыру полюсінен басқа арбитражды келісім болады. Егер екі жақты келіспеушілік болған жағдайда Ресей Федерациясының жағдайымен шешу.

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Медициналық қызметтің кұрылымы
Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы
АҚШ денсаулық сақтау жүйесі
Мейіргер ісінің қыр-сыры
Медициналық сақтандыру
Медицина социологиясы
Стационардағы науқастың медициналық картасы
Денсаулық сақтау жүиесин қаржыландыру
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ
Жеке сақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz