Тэтчер - темір ханым
Презентация қосу
Маргарет
Тэтчер –
темір ханым.
Қарабекова Б.М
МО-43к
Көшбасшы(лидер)- (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға,
ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе
белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай
білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген
адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету
үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін
біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді.
Маргарет Тэтчер (қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет
Робертс) 1925 жылғы 10 қазанда бақалшы отбасында
дүниеге келген. 1947 жылы Оксфорд университетін
Бітірген . Университетті бірітген соң химик болып
алдымен Мэннингтон, Эссекс графтігінде, кейін Лондонда
жұмыс атқараған. 1953 жылы заңгерлік білімін
алып,салықтық құқыққа байланысты адвокаттық
практикадан өтті.Бірінші нағыз саяси мансабын (1950
жылы ол парламентке сайланады) сәтсіз аяқталды
Маргарет күйеуге шыққандығына және егiз баласы (Марк пен
Кэрол) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен
шектелмей мемлекеттiк iстерден қол үзген жоқ.
1970 жылы Маргарет Тэтчер
Эдвард Хит үкiметiнде оқу және
ғылым министрi болды.
1975 жылы Эдвард Хиттiң
консерваторлар партиясында
жетекшiлiк орынды иеленнiп,
ол консерваторлар партиясының
белсендi мүшесiне айналды.
1979 жылы партия жалпы
сайлауда жеңiске жеттi және
Тэтчер британдық тарихта
тұңғыш рет әйел премьер-
министрi болды.
Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз
идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз
жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн
cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар
келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала
бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп,
үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол
үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің
кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің,
автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса
маңызды еді.
«Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық
капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы
аса құнды бағдар болды.
М.Тэтчердің философиясы мен
практикасы саясат үшiн өте сирек
«тэтчеризм» деген сөзбен аталды.
Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның
шағын бизнестi қолдап-қуаттауы.
Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық
құндылықтар: ұқыптылықты,
еңбексүйгiштікті, шаруашылықты
үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa
деген ұмтылысты насихаттауы
кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ
саудагер отбасынан
шыққандығын Тэтчер нaғыз
жарнамалық науқaнғa
айналдырып, өзiнiң қоғaм
алдында «халықтан шыққан
адам», «әйел-ана», халықтың
мұң-мұқтажын бөлiсушi және
көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға
peтiндe көрсете бiлді.
Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық
жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi.
Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген
уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика
негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң
оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.
Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған
Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi
жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен
дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын
тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр
лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк
тiзгiнiн ұстады.
Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың
өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер
теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн
көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай
адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi
жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның маңызы
бiрдей» деп санауы.Сыртқы және iшкi саясаттағы Тэтчердiң қатаңдығы
оны «айбынды ару» атандырды.1990 жылдың аяғында оның танымалдығы
төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді шешуде шектен тыс «өзiм
бiлемдiкке» салынды деп айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтiк
партия басшысы болып сайланбады және қызметiнен кетiп, орнын Джон
Мейджорға босатып бердi.
Лидер
Ұлыбритания
Корольдiк Ана, әйел
Қоғамының
мүшесi
Корольдiк химия
институтының Тұңғыш әйел премьер-
Құрметтi
профессоры Марагарет министр
Тэтчер
Саясаткер
Соммервилл колледжiнiң
Құpмeттi профессоры
Халықтың адамы
Айбынды әйел
МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ
БІРНЕШЕ ДЕРЕКТЕР
1951 жылдың ақпан айында Маргарет Хильда Робертс (қыз кезіндегі аты жөні
осындай) түскі ас кезінде әйелімен ажырасқан, екінші дүниежүзілік соғыстың
қатысушысы, бизнесмен Дэнис Тэтчермен кездейсоқ танысып қалады. Сол күні Дэнис
жап-жас Маргаретті пойызға шығарып салған. Бұл – әдемі достықтың ғана емес, үлкен
махаббатың да бастауы еді. Кейінірек М.Тэтчер былай деп жазады: «Премьер-министр
болу – жалғыздықта жұмыс істеу. Бір шетінен солай болуы керек те шығар. Өйткені
қалың тобырдың арасында отырып ел басқару мүмкін емес. Бірақ, Дэнистің қасында
мен ешқашан жалғызсыраған емеспін. Дэнис менің күйеуім сонымен қатар ең жақын
досым, ең сенімді адамым». Сэр Дэнис Тэтчер 2003 жылы 88 жасында қатерлі ісік
ауруынан қайтыс болады.1953 жылы Маргарет пен Дэнистің мерзімінен 6 апта бұрын
Кэрол және Марк есімді егіз балалары дүниеге келеді. Кэрол Тэтчер ең алдымен
журналист және әке-шешесіне арнаған кітаптарының авторы ретінде танымал. Ал
Марк Тэтчердің есімі әлемге шулы оқиғалардың қатысушысы ретінде тарады. 2004
жылы ол Оңтүстік Африка республикасында Экваторлық Гвинея үкіметін орнынан
тайдыруға дайындалғандардың бірі ретінде айып тағылып, қамауға түскен. 2005 жылы
аталмыш Африка елінде жасалынбақшы болған сәтсіз төңкеріске қатысы барын
мойындайды. Өзінің айтуынша, төңкерісшілерге ұшақ сатып әперген. Кейптаун
қаласының соты оған жарты миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салып, 4
жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады
МАРГАРЕТ ТЭТЧЕРДІҢ "ТЕМІР" СӨЗДЕРІ
1) “Мен аргументті жақсы көремін, айтысқанды да, бірақ мен отырып алып, менімен
келісе бергенді күтпеймін, Сізге жалақы келіскеніңіз үшін төленбейді” (1980).
2) “Мен өз министрлерімді көп сөйлегені үшін жазғырмаймын, тек іс жүзінде менің
айтқанымды істесе болды” (1980).
3) “Пікірлесіңізді құптай беру – онымен жақсы тіл табысудың жалғыз жолы емес”.
4) “Егер бұл пойызбен жүруді ұнатпасаңыз, оның ақырын немесе қатты жүргені маңызды
емес”.
5) “Менің жеке басыма қол сұққандардың әрекетіне тек қана қуанамын. Демек
қарсыластарымның менің саяси ісімнен еш кінарат таппағаны”.
6) “Жалпы алғанда қоғам деген жоқ, ерлер бар, әйелдер бар, отбасылар бар ” (1980).
7) “Фолкленде бізге сыртқы жауларға төтеп беруге тура келді. Бірақ іштен шыққан жаудан
сақтану керек. Бостандық үшін ол әлдеқайда қауіпті, оған қарсы тұру да әлдеқайда қиын”
(1984 әлде 1985 жылы шахтерлер бас көтергендегі сөзі).
8) “Біз әже болдық” (1989 жыл, алғашқы немерелі болғанда).
9) “Үй шаруашылығындағы мәселелермен таныс әрбір әйел, ел басқарудағы мәселелерді
де жақсы түсіне алады ” (1979 жыл, премьер-министр қызметіне кіріскен кезде).
10) “Біздің заманымызда ешбір әйел премьер-министр немесе Сыртқы істер министрі
бола алмайды. Жоғары лауазымға да ие бола алмайды. Қалай болғанда да мен премьер-
министр болғым келмес еді. Мұндай жағдайда барлық жұмысты өзім атқаруға тура келеді”
(1969)
11) “Үй – істейтін ештеңе қалмағанда келетін орын»
Қорытындылай келсем, осы әйелге туралы
былай деді: «Ұлыбританияда екі қазына бар,
соның бірі - мұнай, екіншісі - Маргарет
Тэтчер.» Ол мемлекеттік экономиканы жаңа
кезеңге алып шығып, мемлекет тарихы мен
британдық қоғам үшін өшпес із қалдырды.
Бірақ, ең маңыздысы оның жолын қуған
алдына мақсат қойған жас әйелдерге ұлы мұра
қалдырды.
Назарларыңызға рақмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz