Пісірілген көкөністерден салаттар



Пісірілген көкөністерден салаттар. Винегреттер.

Салат (тағам) - жаңа жиналған, шикі, асқан, ашытқан, маринатталған, тұздалған көкөністерден, сондай-ақ салаттық көкөністер мен маринатталған жемістерден және жидектерден, асқан, қуырған, ысталған, сүрленген ет немесе балық өнімдерінен, жұмыртқа және саңырауқұлақтан, тағы басқалардан әзірленеді. Салатқа арналған бүкіл азық-түлікті әуелі салқындатып, содан соң жұқалан немесе ұзынша әрі жіңішкелеп кесу керек. Шикі көкөніс салаттары дастарқанға қояр алдында дайындап алады. Көкөніс туралғаннан кейін жарық жерде ұзақ тұрып қалса, жұғымдылығы мен дәмін жояды. Дастарханға қоярда салаттың үстіне қаймақ, өсімдік майы мен сірке су қоспасыз, қант қосылған лимон шырыны мен майонез құяды. Ол дастарқанға көкөніс салатының жапырақтарымен, аскөкпен, помидор, қияр тіліктерімен, тағы басқалармен әсемделіп, арнайы салат ыдысына салынып әкелінеді.

Салат(лат. Lactuca sativa ) - тағамға жапырағы пайдаланылатын, құрамында дәрумендер, каротин, темір тұздары мен фосфоры мол, күрделі гүлділерғе жататын, биіктігі 60- 120 см болатын жемісі дәнек, бір жылдық көкөніс. Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы өте көп. Себебі олар дәруменге бай. Дәрумен жетіспегендіктен кейбір адамдар ауруға шалдығады. А - дәруменінің жетіспеушілігінен көз аурулары пайда болады. А дәрумені алма, сәбіз, өрікте болады. В дәрумені жетіспеушілігінен жүйке жүйесі аурулары - анемия, асқорыту сияқты аурулар пайда болады. В дәрумені картопта, орамжапырақта, қызанақта кездеседі. Көкөністерді әсіресе жаңа піскен кезде жеген дұрыс. Тосап қайнатуға, кептіруге, тұздауға, маринадтауға, пісіруге күнделікті көкөністерді пайдалануға болады Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен, жаңа піскен, тұздалған немесе қайнатылып пісірілген маринатқа салынған, көкөніс пен піскен ет, жұмыртқа қосып жасайтын салқын тағам. .

Ет салаты
Құрамы: 400 грамм ет, 10 түйір картоп, 2 жұмыртқа, 3-4 түйір тұздалған қияр, 1 кесе қаймақ немесе майонез, жарты кесе 2 проценттік сірке суы, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай. Дайындау технологиясы: Пісіріп, суытылған ет пен картоп жұқа етіліп, қиықшаланып(тілімше) кесіледі. Оған жұқалап туралған тұздалған қияр, ұсақтап туралған жұмыртқа қосылады. Сөйтіп кеңірек ыдысқа салынады да, тұздалып, бұрышталады. Сірке суы, содан соң қаймақ құйылады. Дастарқанға әкелерде арнайы салат ыдысына салынады.

ҚАЗАҚША САЛАТ
Құрамы: 200 грамм ет (төрт түліктің кез-келгенінің еті), 1 шай қасық өсімдік майы (қуыруға), 2 түйір картоп, бір тұздалған қиярдың 1/4 бөлігі, бір сәбіздің 1/4 бөлігі, 3 ас қасық көк бұршақ, 3 ас қасық майонез тұздығы, бір шай қасық аскөк, 1 жұмыртқа.
Дайындау процессі: Ірі-ірі етіп кесілген ет кесектері қуырылады. Салқындағаннан кейін жұқалап кесіледі. Алдын ала ұсақтап турап, араластырылған көкөніске (қияр, сәбіз, көк бұршақ т. б. ) майонез тұздығы құйылады. Содан соң арнайы салат ыдысына салынып, жан-жағы әлгі жұқалап кесілген етпен көмкеріледі. Ортасына екіге бөлініп, жиектері гүл секілді иректеліп кесілген жұмыртқа қойылады. Бетіне аскөк себіледі.

КАРТОП САЛАТЫ
(I түрі)
Құрамы: 5 түйір картоп, көк салаттың 7-8 жапырағы, 10-12 тал көк жуа, 1 кесе қаймақ. Дайындау процесі: Мұны дайындау технологиясы өте қарапайым. Картоп қабығымен асылады. Піскеннен кейін салқындатылып, қабығы аршылады. Ұсақтап туралады. Оған сақталған көк салат пен көк жуа қосып, араластырылады. Үстіне қаймақ құйылады.
ІІ түрі
Құрамы: 3-4 картоп, 1 түйір пияз, 2 ас қасық сары май немесе жарты кесе қаймақ, 1 шай қасық тұз, 5-6 тал аскөк немесе 5-6 жапырақ петрушка. Дайындау процесі: Қабығы аршылған картоп тұтас асылады. Пияз дөңгелектеп туралады да, буға қойып, шала пісіріледі. Содан соң піскен картоп сол тұтас күйінде, шала пісірілген пияз тарелкаға салынып тұздалады, бетіне ұсақталған аскөк не петрушка себіледі де үстіне сары май немесе қаймақ құйылады. Дастарқанға таба нан қоса әкелінеді.

ҚЫЗЫЛША САЛАТЫ
Құрамы: 2-3 түйір қызылша, 1 кесе қаймақ немесе 2 кесе сүт, 5-6 жапырақ көк (петрушка) . Дайындау процесі: Жуылып, тазартылған қызылша духовкаға қойылып пісіріледі. Піскеннен кейін қабығы аршылып, ұзыншалап немесе ұшбұрыштап кесіледі, осылай дайындалған қызылша шағын ыдыстарға салынып, үстіне қаймақ немесе ыстық сүт құйылады. Бетіне көк себіліп, дастарқанға әкелінеді.

КАПУСТА САЛАТЫ
Құрамы: 600 грамм капуста, 1-2 алма, 6 тал көк жуа, 2 түйір сәбіз, 1 ас қасық қант, жарты кесе 2 проценттік сірке суы, 2 ас қасық өсімдік майы, 1 шай қасық тұз. Дайындау процесі: Жас капуста ұсақтап туралады. Қант қосылып тұздалады. Үстіне сірке суы құйылады да ыдысқа салынып, ысытылады. Содан кейін жұмсарғанша араластырылады. Салқындағаннан кейін үстіне өсімдік майы құйылып, ұсақтап туралған алма, көк жуа, сәбіз салынады.

ПИЯЗ САЛАТЫ
Құрамы: 4 түйір пияз, 1 түйір алма, 2-3 тал көк жуа, 1 ас қасық қаймақ, қант пен тұз дәмі мен татымына қарай. Дайындау процесі: Пияздың қабығы аршылады. Жуылып, дөңгелектеп кесіледі. Егер тым ащы болса, ашуын басу үшін қайнаған суға батырып алу керек. Жұқалап туралған қышқылдау алма қосылады да қаймақ құйылады. Үстіне ұсақталған көк жуа себіледі. Татымы мен дәміне қарай қант қосылып, тұз салынады.

Винегрет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz