Математика тарихы




Презентация қосу
Математика тарихы.
Мазмұны.
1.Кіріспе.
Зерттеудің негізгі мақсаты.
2.Негізгі бөлім.
1.Математика ғылымы.
2.Математиканың төрт кезеңі.
3. Математиканың тууы.
4. Математиканың атасы.
5. Ұлы математиктер.
3.Қорытынды.
Математиканың адам өміріндегі маңызы.
Математика ғылымы.
Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)-
ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен
кеңістік формалары жайлы ғылым. Көрнекті
совет математиктері А. Н. Колмогоров пен
А. Д. Александров ұсынған жіктеу бойынша
математиканың даму тарихы шартты түрде
төрт кезеңге бөлінеді.

Математиканың төрт
кезеңі.
Бірінші кезең- математиканың білім- дағдыларының қорлану,
жинақталу дәуірі. Ол ерте кезден басталып б.з.б. 7-6
ғасырларына дейін созылды. Бұл дәуірде математика адамзат
практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді болды,
солардан қорытылған ережелер жинағынан тұрды.
Екінші кезең- математиканың өз алдына дербес теориялық
ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Мұнда арифметика,
геометрия, алгебра, тригонометрия айрықша теориялық пән
болып қалыптасты. Бұл кезең тұрақты шамалар
математикасының, кейде элементар математика кезеңі деп
аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып,
шамамен 17 ғасырда аяқталады.
Үшінші кезең- айнымалы шамалар математикасы немесе
жоғары математиканың туу, қалыптасу кезеңі. Бұл 17
ғасырда басталып, 19 ғасырдың 2-жартысына дейін созылды.
Жиындар теориясына байланысты анализдің, геометрияның
және алгебраның жаңа сападағы салалары шыққаннан
кейін, математиканың негізгі мәселелерін жалпы қарастыру
кезеңі.
Төртінші кезеңге жатқызуға болады. Ол- 19-20 ғасырларды
қамтитын қазіргі математика кезеңі.

Математиканың тууы.
Математиканың тууы, даму барысы ұзақ мерзімге созылды.
Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бірітіндеп
қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ертеде, тарихқа
дейінгі заманда,санау қажеттілігі туған кезде пайда болған.
Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты
бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибелерінен алынған.
Математиканың бастапқы мағұлматтары барлық халықтарда
болған. Ғылымның дамуына, әіресе Египетте (Мысыр), Вавилонда
жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл
елдерде 5-4 мыңжылдықтарда өзіндік мәдениет өркендеп, ғылым
білім жинақталған. Күнтізбе жасау құрылыс салу, жер суару, жер
және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан-жақты
байланыс жасау ісі математикалық білім дағдылардың дамуын
талап етті, оның бастапқы оның қарапайым ережелері
дәлелдеусіз қалыптаса бастады.
Математиканың атасы.
Математика саласы бойынша зерттеулер
әр елде әртүрлі ғалымдардың
еңбектерімен басталған. Нақты атасы
жоқ.Бірақта математиканың
аталары:Фараби, Бируни, Ұлықбек болып
есептеледі.
Ұлы математиктер.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және
мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер
азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих
жазбасында, халықтың рухани қазынасында
айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі
ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан
артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға
жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез
сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының,
тарих перзенттері Аристотель, Әбунасыр Фараби,
Ахмес, Пифагор, Евклид, Архимед, Эратосфен, Әл-
Хорезми, Фибаначчи, Галилей.
Математиктер.
ӘбуНасыр Мұхаммад ибн Тархан ибн
Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге
әйгілі ойшыл, философ, социолог,
математик, физик, астроном, ботаник,
лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Абайдың Фараби еңбектерімен
таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер
жоқ. Дегенмен Сағдидық: «...
философияға, даналыққа зор мән берген
Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс
болуымен бірге осы ғақпиялар
кітаптарынан да мағлұматы бар еді»
(Абайдың республикалық әдеби-
мемориалдық музейі).
Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние
жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни
973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада
қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-
Бируни, лақабы Әбу Райхан. Анасы оны қиын
шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен
ғылымға және зерттеуге ынталы болған.
Харезмшахтарының қамқорлығына алынып сарай
тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап
жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым
Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар
жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап
алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа
алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек
және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика,
астрономия, геометрия, физика, химия, медицина,
фармацевтика, тарих, география, этнология,
геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты
30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап
жемісін берді.
Ұлықбек – өз Ата жолын қумады …Орта ғасырлар
кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер
тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) Амудария
мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып
жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр
(арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп
аталады. Бұл империяның астанасы ескі
қалалардың бірі - Самарқанда болды. Ол бұдан
2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті
Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде
самарқанның орны көрсетілген.
Қорытынды.
Жер бетіндегі адамдар математика
не екенін біледі.Әр ел математика
саласындығы сандарды күнделікті
өмірде қолданады.Мысалы:жеке
куәлік,банктік шот т.с.с.
Математиканың негізгі атасы жоқ
болсада сандарды,таңбаларды
ойлап тапқан аталарымыздың
арқасында біз сандарды
білеміз.Басқа тілде жазылған
кітапты оқысақ арасында сандар
бар.Ол басқа елдерде сандарды
Зерттеу нәтижесіне –
ұсыныстар.
Сөз соңында бір ұсыныс айтайын.Біз бұл
ғылыми жоба бойынша түрлі ақпараттар іздеу
үстінде қазақ тілінде жазылған ұлы математиктер
туралы жеке кітап кездестірмедік.Сол себепті ұлы
математиктер мен математика тарихы туралы
толық мәлемет беретін қазақ тілінде жазылған
кітап шығару қажет.Сонымен қатар,қазіргі кезде
кітапханаға барып кітап алып оқитын оқушылар
көп еместігі бәрімізге мәлім.Сондықтан,қарапайым
математикалық оқулықтарымызға әр тарау
соңына ұлы математикатер туралы жайында
шығын мағлұмат берілсе,барлық оқушылардың
ұлы математиктер жайында аз да болса мәлемет
алуына мүмкіндік туар еді.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлы математиктері
Математиканың шығу тарихы
ДАМУ Репититорлық мектебінің бизнес ­жоспары
Қазақ елінің тұңғыш президенті
Тәуекел тұжырымдамасының тарихы
Тек қана дарынды жастарға
Бөлшек сандар немересі
Огюст Конттың еңбектері
Алгоритм ұғымы
МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ
Пәндер