Жошы ханның баласы


Slide 1

АЛТЫН ОРДА

(Xiii ғ. ортасы - XV ғ. ортасы)

Алтын орда - Жошы ұлысының орнына құрылған мемлекеттердің бірі.

Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды

Slide 2

Алтын орданың құрылуы

Алғашқы орталығы: Сарай - Бату (Еділ бойында)

Кейінгі орталығы: Сарай - Беркеге көшірілген

XVI ғасырда орыс деректерінде “Алтын орда” атауы атала бастады.

Ол үш ордаға бөлінді:

Алтын босағалы Алтын Орда (Батый)

Күміс босағалы Ақ Орда (Орда Ежен)

Болат босағалы Боз Орда (Шайбани)

Алтын Орданын негізін қалаушы:

Батый хан (1227 - 1255 ж. ж) .

Парсы тарихшысы Жувейни еңбегінде Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».

Slide 3

Алтын орданың күшеюі

1235 жылы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауда шешім қабылдаған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды

Батысқа жасалған жорық 7 жылға (1236 - 1242 ж. ж) созылған.

Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдерін жаулап алып, Алтын Орданың шекарасын батысқа қарай кеңейтіп, кушейе түскен. Осыдан кейін:

Солтүстік Кавказ;

Қырым бойы;

Орыс кінәздіктері;

Шығыс Еуропа елдері тәуелді болып, Алтын ордаға алым - салық төлеп отыруға мәжбүр болған.

Алтын орда саяси және экономикалық жағынан Берке мен Өзбек хандарының кезінде жақсы дамыған.

Әсіресе Беркенің кезінде Алтын орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.

Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Бейбарыс Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған.

Мемлекеттік билік басына келгеннен кейін Ислам дінінің өркендеуіне атсалысты.

Алтын орда мемлекеті

Slide 4

Жошы хан Берке хан Жәнібек хан

Алтын орда хандары

Slide 5

Берке хан (1256 - 1266 ж. ж)

1262 жылы Египет сұлтаны Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым - қатынас орнату үшін өз елшісін жібереді.

Орда беделінің өскендігін көрсететін бір жағдай - Берке ханның Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартуы.

Берке хан - Алтын орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады.

Орта Азияда мұсылман дінінің орталығы болған - Үргеніш, Бұхара қалаларымен байланыста күшейтеді.

1266 жылы Берке хан Кавказ жеріне жорықта қаза табады.

Алтын орда мемлекеті

Slide 6

Меңгу - Темір (1266 - 1280 ж. ж)

1271 жылы Меңгу - Темір хан өзінің Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысып отырған екі елдің арасындағы Византияға қарсы жорыққа шығады.

Өз атынан теңге соқтырады.

Алтын орда мемлекеті

Меңгу - Темір таңбасы.

Slide 7

Алтын орда мемлекеті

Тохты хан (1290 - 1312 ж. ж)

Алтын орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан.

Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз қарым - қатынаста болған.

Алтын орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312 - 1342 ж. ж) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342 - 1357 ж. ж) билік еткен тұстары болды.

Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген.

Сарай - Беркеге жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен.

Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себебін тигізген.

Өзбек хан Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған.

Өзбек ханның кезінде 1312 жылы мұсылман діні - мемлекеттік дін болып жарияланды.

Slide 8

Хандық өкімет хан ұрпақарының иелігі болып табылады.

Алтын Орда хандары Ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.

Білекшілер - Хатшылар (жазу істерін, іс қағаздарды жүргізді) .

Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөліп басқарылған:

Әмір - Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілері.

Беклербек - әскери істерді басқарды (нояндар бағынған) .

Уәзір - азаматтық билікті жүргізді.

Ноян - тайпа көсемі (мыңдықтар бағынған) .

Мәлік - жергілікті билік басшысы (түркі әулеттерінен шыққан) .

Даруғалар - салық жинаумен шұғылданды. Сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарған.

Басқақтар - жергілікті халыққа әскер бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.

Алтын орданың қоғамдық

құрылысы

Slide 9

XIV ғасырдың ІІ жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейеді.

1357 - 1380 жылдар арасында 20 хан ауысты.

XIV ғасырдың 60 жылдардың өзінде мемлекеттін астанасы Сарайда бір жылдың ішінде төрт хан ауысады.

Ішкі саяси жағдай әлсіреді.

Бұны тарихта «Ұлы дүрбелең» кезеңі деп атайды.

Осындай ішкі талас - тартыстан әлсіреген Алтын Орда:

1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі.

Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді.

Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған.


Ұқсас жұмыстар
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Абылай ханның бала кезі
Жошы хан
Әбілхайыр ханның немересі
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы
Жансейіт күмбезі
Шыңғыс хан
Тәуекел хан
ҚЫЗ ҚУУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz