Рухани жаңғыру жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары


Slide 1

«Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.

Орындаған: Журсунова Нуржайна АТТ23(қ) -101 тобы

Slide 2

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ұлттық идеясы

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен МӘҢГІЛІК ЕЛ ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «ҚАЗАҚСТАН-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым »

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Slide 3

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды

Slide 4

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының бас­ты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс.

Slide 5

«Мәңгілік ел” және “рухани жаңғыру”

Қазақ елінің бүгінгі басты мақсаты -бірлігі жарасқан, экономикасы мығым, әлеуеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті, алдыңғы қатарлы отыздыққа ену. Қазақтың біртуар перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздік алған күннен бастап құндылықтарымызды қадірлеп, асылымызды ардақтауға үндеп келеді. Бүкіл әлем қызыға қарайтын елдегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық - халқымыздың салқынқанды сабырлылығы мен Елбасымыздың сындарлы саясаткерлігінің жемісі.

Slide 6

Рухани жаңғыру

рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.

Бұл дегеніміз - ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш

Slide 7

Тарихи даму

«Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.

- Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші.

Slide 8

Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзега асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер жұмыстың салмағы өте ауыр. Ұлт зиялылары ұлт мүддесін қорғай алатын жағдайда болуы тиіс. Бұл жолда Қазақстанға инновациялық, креативті тұрғыдан ойлайтын элита қажет. Ол дәстүрлі емес, пассионарлық рухта тәрбиеленген элита болуы тиіс. Бұл жолдағы басты бағыт - құлдық санадан арылу, жалтақтық пен жағымпаздық дертінен ада сана қалыптастыру. Ұлтты руға бөлшектемейтін, трайбализм дертінен арылған, ұлт болмысына сын көзбен қарайтын ұлттық ойлау жүйесі қалыптасуы керек. Қазақ біртұтас, мемлекет құраушы ұлт деген ой жетекші күшке айналуы тиіс

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы
Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
XXI ғасырдағы ұлттық сана
Рухани жаңғыру міндеті
Қазақстаның қасиетті рухани
Мәдени мұра ұғымы
Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат
Философия және Рухани жаңғыру
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту
Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz