ОҒҚ мүшесі


Slide 1

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Notes: ҚУ

Slide 2

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Slide 3

Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптасрыу зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз.

Slide 4

І. Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) - өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.

2. ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі бар.

3. ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады.

4. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 5

2. ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері

5. ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше:

- оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру;

- Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, адамзаттық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету;

- оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.

Slide 6

3. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру

6. ОҒҚ осы қоғамда болуға тілек білдірген, мұғалімдер, пән бірлестігі жетекшілері ұсынған кез келген оқушы мүше бола алады.

7. Қоғамның мүшелері сессиясы ОҒҚ жоғарғы органы болып табылады және ол жылына бір рет өткізіледі.

8. Сессияда оқу жылының міндеттері анықталады, жеке секциялардың немесе қоғам мүшелерінің жұмысы туралы есеп тыңдалады, жұмыс жоспары бекітіледі және түрлі құжаттар мен шешімдер қабылданады.

9. ОҒҚ сессия аралық жұмысына ондағы сайлаған, педагогикалық, ғылыми-қоғамдық және ОҒҚ қатысушы түрлі ұйымдар өкілдері мен оқушылар кіретін үйлестіруші кеңес басшылық жасайды.

Slide 7

10. ОҒҚ мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келісім-шарт немесе қосымша жұмыс тәртібі бойынша істейді. Олар оқушылардың секциялары мен ғылыми бірлестіктерді, сондай-ақ оқушылардың жеке таңдаған, тақырыптары бойынша жұмысына басшылық жасайды.

11. ОҒҚ бөлімшелер жетекшілері үйлестіруші кеңеспен келісілген және ОҒҚ жанынан құрылған ұйым басшысының бекітуімен арнайы бағдарламалар жасауы мүмкін.

12. ОҒҚ мүшелерінің сабақтары жеке немесе ұжыммен ғылыми жетекшілердің басшылығымен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының тақырыптары мен бекітілген бағдарламасы негізінде аптасына бір рет өткізіледі.

Slide 8

13. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми конференциясы түрінде оқушылар мен ғалымдардың қатысуымен, арнайы ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құрылған әділқазылар көмегімен ұйымдастырылады. Онда ең үздік деген ғылыми жобалар анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, марапаттау, сыйақы, демеушілер тарапынан сыйлықтар беріледі.

14. Қоғам мүшелері үшін қысқы және жазғы каникул кезінде оқу-нұсқаулық жиыны, лагерьлер, экспедициялар мен серуендер ұйымдастырылады.

Slide 9

16. ОҒҚ мүшесі:

Ғылыми жетекшінің басшылығымен таңдаған тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге міндетті.

Өзінің ғылыми деңгейін көтеруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылары мен білімін игеруге міндетті.

ОҒҚ тұрақты қатысып отыруға міндетті.

Отырыстарда баяндама жасауға міндетті.

ОҒҚ органдары басшыларының тапсырмасын жауапкершілікпен орындауға міндетті.

Базасында ОҒҚ жұмыс істейтін ғылыми мекемелердің зертханасының, кабинеттерінің құрал-жабдщықтарына жауапкершілікпен қарауға міндетті.

Бір және бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми секция жұмыстарына, жарыстарға, конференцияларға, экспедицияларға, серуендерге қатысуға, оқушылар мен тұрғындар арасында ғылымды насихаттауға міндетті.

Өзінің жұмысы туралы есеп беруге міндетті.

Slide 10

5. ОҒҚ есебі

17. ОҒҚ кез келген мүшесі өз нәтижесі жөнінде оқу жылының аяғындағы секцияның жалпы жиналысында баяндайды.

18. Секцияның озат жұмыстары мектеп жарыстарына ұсынылады. Жарыстарға ұсынылған жұмыстар бақылаудың ізденіс-тәжірибелік талдауымен және қорытындысымен жинақталған зерттеуу-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Жұмыс авторлар тобының орындауында болуы мүмкін. Конкурсқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жобасы ғылыми-зерттеу журналымен және жетекшілердің пікірімен бірге ұсынылуы тиіс.

19. Үйлестіруші кеңес өзінің жұмысы туралы сессияда есеп береді.

Slide 11

ІІ. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жоспарлау

Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысы қызметінің тиімділігі оқушылардың қызметіне байланысты, өйткені оқушылардың қызметіне басшылық олардың жұмыстарын жоспарлауына қарай жүзеге асырылады.

ОҒҚ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

1. ОҒҚ үйлестіруші кеңесінің отырысы.

2. ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы.

3. Ғылыми-зерттеу қызметі.

4. Шығармашылық жұмыс.

Slide 12

2. ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммунакативтік жұмысы

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни, оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарла білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет.

Оқушының талабын, қызығушылығын аңғармай тұрып оған баяндама жасауды тапсыруға болмайды. Сондай-ақ топпен жұмыс істеп үйренбеген баланы аудитория алдында сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайды. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін ОҒҚ мүшелері ортасында оларды қызықтыратын, ізденушілікке баулитын танымдық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мұндай сабақтарды кітапханашы, психолог, әдебиет пен тарих пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.

Slide 13

3. Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми-зерттеу қызметі әр секцияның жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:

ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру;

осы саладағы ғалым мамандармен кездесу;

ғылыми мәселелерге байланысты көрмелерге бару;

Мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.

Slide 14

4. Шығармашылық жұмыс

Әр секцияның шығармашылық қызметі ғылым тапқыштарының конкурстарын өткізу немесе интелектуалдық, ғылым шерулер, викториналар, кештер ұйымдастыру болып табылады. ОҒҚ бұл қызметі мен секциялардағы жұмысы әр оқушының қызығушылығын арттыруға, зерттеу және эксперимент жұмыстарында балалардың көбірек қатысуына мүмкіндік береді.

ОҒҚ үйлестіруші кеңесі педагогикалық кеңеске жылдық есебін дайындайды. Осы педагогикалық кеңесте педагогтар мен жетекшілер жаңа оқу жылдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндайды. Соңғы педагогикалық кеңесте секция жетекшілері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласқан ұжым мүшелерін марапаттауға болады.

Slide 15

ІІІ. ОҒҚ жұмысын секцияларда ұйымдастыру

ОҒҚ негізгі жұмысы - белгілі бір мектептің ережесімен анықталған оқушылар топтарын құру. Секцияға ортақ мақсаттағы балалар топталады. Олар мынадай секциялар болуы мүмкін: лингвистикалық, математикалық, эко-биологиялық, тарих, география, психология, педагогика, социология т. б.

ОҒҚ секциялары жұмысының негізгі құжаты оқу жылына арналған жоспар болып табыладыы. Ол мынадай бабтар мен бөлімдерден тұруы мүмкін:

1. Секцияның аты

2. Секция мүшелерінің тізімі

3. Секция жетекшісі

4. Секция құрудағы мақсат пен оның негізгі міндеттері

5. Секция жұмысының басты бағыттары

6. Секция жұмысының формалары

Зерттеу сабақтар,

Практикалық сабақтар,

Шығармашылық сабақтар,

Теориялық-қорытындылау жұмысы (ғылыми баяндамалар, ғылыми жобалар қорғау, байқаулар, олимпиадалар, кіші және үлкен конференциялар) .

Slide 16

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар

Құрылымы

Мазмұнға қойылатын талаптар

Титуль беті

Жұмыс орындалған оқу мекемесінің аты

Автордың аты-жөні

Ғылыми жұмыстың тақырыбы

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні

Қала және жылы жазылады.

Мазмұны

-бөлімдер мен тараулардың атттары

-материалдар жинақталған беттері жазылады

Кіріспе (екі беттен кем болмауы тиіс)

-шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға

-жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме

Негізгі бөлім (он беттен кем болмауы тиіс

Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды.

Қорытынды

Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар жасалады.

Әдебиеттер тізімі

Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Slide 17

Зерттеу жұмыстарының түрлері

Түрі

Құрылымы

Баяндама

Кіріспедегі қысқаша ескертпелер;

Тақырыптың ғылыми-практикалық құндылығы;

Негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні;

Қорытынды және ұсыныстар

Тезистер

Баяндаманың негізгі мазмұны;

Негізгі ұсыныстар мен қорытынды

Ғылыми мақала

Тақырыбы;

Кіріспедегеі ескертпелер;

Зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет;

Ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту;

Ұсыныстар мен қорытынды;

Сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету

Ғылыми есеп

Ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау;

Жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні;

Қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама;

Жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау;

Шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыты;

Ұсыныстар мен қорытынды.

Slide 18

Реферат

Кіріспе бөлімі;

Негізгі мәтін;

Қорытынды бөлім;

Әдебиеттер тізімі

Ғылыми жоба

Кіріспе бөлімі;

Негізгі мәтін;

Эксперимент нәтижесі;

Қорытынды бөлім;

Әдебиеттер тізімі

Slide 19

IV. Зерттеудің жалпы бағыттарын жіктеу

Зерттеу адамның өміріне, табиғатқа байланысты түрлі бағытта жүргізілуі мүмкін. Мәселен:

Әлеуметтік ғылымдар - адамның өмір сүру тәсілі, әлеуметтік және қоғамдық қатынасы - психология, соицология, антропология, археология, этнология, лингвистика, танысу, қабылдау, қоғамдық пікір, білім алу, т. б.

Ботаника - өсімдіктер өмірімен танысу - ауыл шаруашылығы, агрономия, бақша, орман шаруашылығы, өсімдік физиологиясы, өсімдік потологиясы, өсімдік генетикасы, теңіз балдырлары, т. б.

Химия -табиғатты зерттеу - физикалық химия, органикалық химия, органикалық емес химия, материалдар, желімдер, отындар, металлургия, топырақ химиясы, т. б.

Slide 20

Информатика - ЭВМ аппаратты құралдарын зерттеу мен дамыту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, интернет пен байланыс жүйесін ұйымдастыру, т. б.

Жер және ғарыштық ғылымдар - геология, минералогия, физиография, мұхиттану, метеорология, климат, астрономия, сейсмология, география, т. б.

Техника - технология, азаматтық, ме, ханикалық, аэроновигациялық, химиялық, дыбыстық, электрлік, т. б. Техникаларды өндіруге және қолдануға арналған ғылыми ұстанымдар жобасы.

Қоршаған орта ғылымы - ластану көздерін зерттеу, бақылау, экология.

Математика - логикалық жүйелер мен түрлі сандарды, алгебралық есептеулерді және қолдану ұстанымдарын дамыту.

Медицина және денсаулық - адамдар мен жануарлардың ауруларын зерттеу: тістерді емдеу, фармокология, патология, санитария, педиатрия, дермотология, аллергия, тамақтану, сөйлеу, есту, т. б.

Slide 21

V. Оқу кітапханасымен жұмыс

Кітапхана орталығымен жұмыстың мақсаты: оқушылардың кітапхана-ізденушілік дағдысын қалыптастыру. Оқушыны зерттеушілікке жетелейтін сабақтар тек кітапхана көмегімен жүзеге асырылады. Мектеп кітапханасы оқу процесін кіріктіруде негізгі дидактикалық қор болып табылады.

Мақсат оқушының жеке ізденушілік дағдыларын қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасауға баулу.

Іс-әрекеттер түрі:

Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпартты табуға көмектеседі. Энциклопедия анықтамалық қызмет атқарады.

Тапсырма: деректерді, түініктерді, терминдерді табу.

Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі, мифологиялық сөздіктер, т. б.

Анықтамалықтар: жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар, өсімдіктер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялық, биологиялық анықтамалықтар, т. б.

Библиграфиялық басылымдармен жұмыс. Ақпарттар түрімен, ақпараттар таңдау негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жұмыс, т. б.

Slide 22

VI. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері

Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай таңдау.

Таңдаған тақырыбын секция жұмысында талдау немесе жетекшісінен кеңес алу.

Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау.

Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау.

Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау.

Жұмысты рәсімдеу және секцияның қорытынды конференциясында (7-10 минут) баяндама жасау.

Slide 23

Ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

Материалды баяндаудың нақтылығы мен түсініктілігі.

Жұмыстың мазмұнға сәйкестігі;

Жұмыстың өзектілігі мен практикалық мәнділігі;

Автордың тақырып бойынша ізденіс шеберлігі;

Өзіндік көзқарасы мен проблема бойынша қорытындысы;

Тақырып бойынша арнайы терминдер мен әдебиеттерді қолдана білуі:

Ғылыми жұмысты рәсімдеу.

Slide 24

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегіше көрінуі тиіс:

1. Жұмыс мәтіні компьютерде терілуі тиіс. Сондай-ақ:

Титул беті;

Мазмұны;

Аннотациясының болуы;

Кіріспесі;

Зерттеу бөлігі;

Қорытынды, әдебиеттер тізімі болуы қажет.

2. Титул бетінде зерттеу жұмысы орындалған мекеменің толық атауы;

Автордың және жетекшінің аты-жөні

Қаласы, жылы көрсетіледі.

3. Аннотацияда жұмыстың қысқаша мазмұны берілуі керек:

Зерттеу мақсаты;

Болжамы;

Зерттеу кезеңдері;

Эксперимент әдістемесі;


Ұқсас жұмыстар
«Мирас» оқушылардың ғылыми қоғамы
Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері
Шерниязға қарссы мысқыл
Баланың физикалық дамуын бағалау әдісі
Түрі географиялық ақпараттық жүйе
Мониторинг объектісі сынып мұғалім оқушы
Тері бозғылт
Глюкозаға зәр анализі
Иіс сезу мүшесі
Көру сезу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz